Туа пайда болған кардит слайд,презентация — Биология

Туа пайда болған кардит слайд,презентация
Туа пайда болған кардит жүректің 1 қабатының (эндо, пери, немесе миокардтың) қабынуы. Этиологиясы: Дифтерия, скарлатина қоздырғышы, Коксаки, грип вирустары. Ауру кейде антенатальды кезеңде анықталады, бірақ жиі жедел жүрек жетіспеушілігінің басталуымен байланысты өмірінің бірінші аптасы немесе алғашқы айларында диагностикаланады
Нақты – егер жүрек патологиясы симптомы құрсақ ішінде немесе перзентханада анықталса;
Мүмкін – егер олар интеркурентті ауруларынсыз нәрестенің алғашқы айларында дамыса немесе жүктілік кезінде анасының ауруларының анамнестикалық мәліметтерінде анықталса;
Құрсақішілік өмірінің 4-7- ші айында пайда болады және айқын қабыну белгілерінсіз (фиброэластоз, эластофиброз) миокардының субэндокардиалды қабаттарындағы интенсивті эластикалық және фиброзды тіндер байқалады. Кейде үрдіске жүрек ақауларының дамуына әкелетін хордалар мен қақпақшалық аппараты қатысады.