Алматыда 3 жасар қызды ит талап тастады: Көршілері иттер үшін бірнеше рет шағымданған — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда ротвейлер тұқымды иттер талап өлтірген 3 жасар қыздың көршілері иттер үшін бірнеше рет шағымданғанын айтады. Алайда, олардың сөзінше, қайтыс болған қыздың әкесі иттерді қамап ұстау туралы өтініштеріне құлақ аспапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда 3 жасар қызды ит талап тастады: Көршілері иттер үшін бірнеше рет шағымданған

Қайғылы жағдай 29 наурызда таңертеңгі уақытта орын алған. Көршісінің айтуынша, сол иттерден қорқып, иесінен оларға бірдеңе істеуін бірнеше рет сұрапты. 

«Айқайлап, ұрысып, айтып жүргеніме бірнеше жыл болды. Екі-үш жыл өтті. Олардың қоршауы аласа әрі сынған. Сол ит бірнеше рет шығып кетіп, қоқыстың жанында жүретін. Одан бәрі қашатын.  Балалар қашып, тығылатын еді. Шок болдым. Бұл көшемен жүре алмайтын едік. Бес рет учаскелік полицейге, 2-3 рет Алатау аудандық ІІБ-ге қоңырау шалып, иттерге қатысты шара қолдануын сұрадым. Учаскелік полицей менің көзімше иттердің иесіне қоңырау шалып, сөйлесті. Онымен өзім де жеке сөйлесіп: «Иттер міндетті түрде біреуді талауы керек пе?» — дедім. Иттер үлкен, қабаған еді, адамдарға жүгіретін. Әрине, баламен болған жағдай өкінішті. Бұған дейін ротвейлерлер ешкімді қаппаған еді», — дейді көршісі Мәрияш Көшекова. 

Ал Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты ҚР ҚК 104-бабына (Абайсызда қазаға ұшырату) сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Алматыда ротвейлер иттері 3 жасар қызды талап тастаған еді. Салдарынан бүлдіршін дәрігерлер келгенше көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz