Тіс ұлпасы | Скачать Реферат

0


Жоспары:

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Тістің құрылысы
2.Тіс ақаулары
3.Пульпа.Тіс ұлпасы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Tic — сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.
Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы — ақыл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбірлердің құрылысына қарай тіс бір түбірлі және екі, үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азу тістері үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады. Тістің барлық саны — 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады.
Ауыз куысындағы тіс санын тіс формуласы аркылы көрсетуге болады:
Алымда жоғары жақ сүйектерінің тіс саны, бөлімде: төменгі жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді. Сол жағы сол жақ сүйектерін, оң жағы оң жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді.
Балалар тісінің формуласы: Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде, алдыңғы тістер шыға бастайды. Олар сүт тістер деп аталады. Бала 2 жасқа келгенде, оның аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда, сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа келгенде аяқталады. Адам 18-19 жасқа келгенде, ең соңғы жұп — азу тістер (ақыл тістер) пайда болады.

Негізгі бөлім
Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен (эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.
Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы кажет. Ауру тістер микробтардың жиналатын орны. Тістер ауруының жиі кездесетіні парадонтоз және кариес. Екеуінде де тістің бұзылу себебі тіске бактериялардың жиналуы. Парадонтоз да тісті ұстайтын дәнекер ұлпаны қабындырады және бұзады. Микроорганизмдер тістің кіреукесін (эмалін) жөне дентинің пульпасын зақымдайды. Бұның себебі азық-түлік заттардың құрамында көп мөлшерде қанттың болуы және жеке бастың гигиенасын сақтамау.
Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Ауыз қуысында сілекей безі екі рефлекс арқылы реттеледі: піартты және шартсыз. Шартсыз рефлекс тамақты ауызға апарғанда, шартты рефлекс тамақтың иісін сезгенде, дәмін көргенде пайда болады.

Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүйегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды.
Балаларда ұлпаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ұлпа қабынуы ағымының өзіндік шарттарына себепші болады және емдеуде кейбір қиындықтар туғызады. Бала жасында (пульпа) ұлпа камерасының өзіндік өлшемі болады. Түбір өзектері және апикалді кеңістік кең болады. Ұлпа көп мөлшердегі лимфа қан тамырлары мен нерв талшықтары бар борпылдақ байланыстырушы тін (ткань) болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардағы сүт тістердің ұлпасындағы қабыну процесінің ерекшеліктері сонда, олар серозды қабынудың іріңді түріне тез ауысады. Кейін жедел периодонтитпен аскынған созылмалы гангренозды пульпитке өтуі болып табылады.
Балаларда пульпитті емдеу тәсілін таңдауда тұрақты және сүт тістердің түбірлерінің сорылу мерзімін ескеру керек. Сүт тістердің түбірлерінің толық қалыптасуы сүт тістер түбірлерінің қалыптасып болғаннан кейінгі 3-4 жылдан соң және шығып болғаннан кейін 4-5 жастан соң аяқталады. Балаларда жұқпалы аурулармен ауырған немесе созылмалы аурулармен асқынған тұрақты тіс түбірінің қалыптасуы олар шыққаннан кейінгі 5-6 жастан кейін (кейде 7 жаста) аяқталады
Рентгендік тексеру емдеу әдісін дұрыс таңдау мен сол арқылы асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Тістердің түбірлерінің қалыптасу және сорылу мерзіміне сүйене отырып пульпитті емдеуде көрсетілімдерді таңдауда мышьяк пастасын қойғаннан кейінгі перипикалды аймақта әр түрлі асқынулардың алдын алу үшін сүт азу тістерін 8-9 жаста жұлу керек. Сүт күрек тістерде пульпит некроз және ұлпаның өлуі салдарынан өте сирек кездеседі. Олар созылмалы периодонтитпен асқынады. Ұлпа қабынуын емдеу әдісін таңдауда бірінші кезекте қабынудың таралуы және түбір өзегін сипаттайтын анатомиялық талаптан кейін тістің жағдайын және баланың жалпы жағдайы маңызды болып табылады. Ұлпаны жасанды … жалғасы