Домой Білім ҚМЖ Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары

ҚМЖ Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары

0
848








Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




ҚМЖ Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары — 2-сабақ 7 сынып

Автор: Зәкір Назерке Кунтуқызы

Бағыты: География Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-19


Материал туралы қысқаша түсінік

Қысқа мерзімді жоспар. География мұғалімдеріне керек дерек.




Сабақ жоспары

Күні: 18.02.19 ж.Мұғалімнің аты-жөні: Зәкір Н.К.
Сынып: 7а Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы§39. Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)7.4.1.1. – дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді.
Сабақтың мақсатыБарлығы: Дүние жүзі халықтарының тілдік әулеттерін біледі. Топтарының құрамдас бөліктерін ажыратады.Көпшілігі: Тақырыпты жақсы меңгереді, тапсырмаларды, диаграмма сызып, салыстыра ойын айта алады.Кейбіреуі: Қазақстандағы ұлт өкілдерін үлесін біледі.
Бағалау критерийі
  • Халықтардың этнолингвистикалық классификациясын біледі.
  • Әр ұлттардың қай тіл әулетіне жататынын анықтай алады.
  • Қазақстан аумағына тұратын этностары арқылы мысалдар келтіреді
  • Тілдік мақсаттарОқушылар орындай алады:Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.тіл, тіл әулеті, тіл топтары, этнос, халық, ұлт.Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Этнос», «ұлт», «халық», «этнолингвистика» ұғымдарын түсіндіру. Диграмма сызып, салыстыра алады
    Құндылықтарға баулуӨзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте
    Пәнаралық байланысТарихтілдердің шығу тарихын біледі
    Алдыңғы білім§39. Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары.
    Сабақ барысы
    Сабақ жосп кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
    Сабақтың басы10 минутСәлемдесу Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

    Ұйымдастыру кезеңі:

    Психологиялық ахуал қалыптастыру:«Мен елімді сүйемін» тренингіБалалар бүгінгі көңіл-күйіміз жақсы ма, олай болса бір-бірлеріңізге қарап жымип, өзгелерге де өзіміздегідей жақсы көңіл сыйлайық;Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар.РАҚМЕТ

    Үй тапсырмасын сұрау: «ұлт», «этнос», «халық» ұғымдарын жеке-жеке сұрап шығу.

    Алдыңғы сабақта қарастырылған «БББ» кестесі бойынша үшінші «білгім келеді» бағанындағы торда оқушыларды қызықтырған сұрақтар тізімі:1. Неге тілдер елдерге қарап бөлінеді?2. Басқа тілдермен қандай тайпа, тілге бөлінетінін?3. Герман тіл тобы туралы білгім келеді4. Қытай иероглифтерін білгім келеді?5. Тіл әулеттерінің жартысын білмеймін6. Тіл әулеттерін анық білгім келеді?

    Ең алғаш адам «Епті адам» Африка құрлығында пайда болды. Сол кезден бастап адамдар Азия, Еуропа, Аустрали, Америка құрлықтарна тарала бастады, яғни әрбір тіршілік иесі өз қоныстанған жеріне орай олардың өзінді әдеттері, сөйлеу мәнері, өмір салттары қалыптаса бастады. Міне, тілдердің дешығу тарихы адамзаттың шығу тарихымен байланысты.Тіл топтарының кестесі: Оқушылар кестемен танысып шығады. Танысып болған соң «Тіл ағашына» таратылған кеспе қағаздарымен халықтарды сәйкес тіл әулетіне қойып шығады.

    Дәптерге жазылғандығын тексеру

    Оқушыларға тіл әулеттері берілген кесте ұсынылады http://vse-fakty.ru/fakty- қосымша 1қосымша 2қосымша 3

    Тіл әулеттерінің сызбанұсқасы бейнеленген қабырға газеті

    Тіл ағашы бейнеленген қабырға газеті

    Сабақтың ортасы25 минут1. Сабақ түсіндіру Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінде Қазақстанда халықтың 70% -ын құрайтын қазақтардан басқа, 140-тан астам ұлттар мен этникалық топтардың өкілдері Қазақстанда тұрады. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, ол түркі топтарының ең үлкен тілдерінің бірі болып табылады. Елде мемлекеттік тілдің ресми мәртебесін реформалау және дамыту үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылы мемлекеттік тілде сөйлейтін халық 82,3% -ды құрады. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілде құжат айналымының үлесі 91% -ды құрады. Республикадағы қазақ және орыс тіліндегі БАҚ-тармен қатар, газеттер мен журналдар шығарылады, бағдарламалар өте аз көлемде болса да, украин, поляк, неміс, кәріс, ұйғыр, түрік және дүнгенді қосқанда 11 тілде таратылады. Қазақстанда бірнеше ұлттық театрлар бар — қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, неміс, корей.

    2. «Салыстыру» әдісі арқылы 2009 ж және 2018 жылдардағы Қазақстандағы басым ұлт өкілдерінің диараммасын сызып, салыстырып баға беру.Қазақстандағы ұлттар, %

    Сабақты бекіту. Жеке жұмысҚалып қойған сөздерді толықтыруДүниежүзі халықтары тілдерінің жалпы саны …….. жетеді.Тіл классификациялаудың негізінде екі өлшем белгіленеді: …. және …. .Дүниежүзі тілдерінің …….. жуығын қамтитын…….. тіл әулеті бар.Дүниежүзінде ең көп таралған әулеттерінің бірі, ол ……….. .Үй тапсырмасы:Қазақстанның 2009 және 2018 жылдарғы басым ұлт өкілдеріне кестесі мен диаграммасн сзып, салыстыру§35, §36, §38, §39 тақырыптарын қайталап келу.

    https://ru.wikipedia.org/wiki

    Салыстыру әдісі

    Кестемен жұмыс

    Сабақтың соңы 5минРефлексия«Бас бармақ» әдісі. Оқушылар бас бармақтарын жоғры-төмен қозғалтып, бүгінгі сабақтан алған әсерін жеткізеді.Бас бармақ

    Қосымша 1Тіл әулеттерінің таралу картасыҚосымша 2Үндіеуропалық тіл әулеті

    Қосымша 3Афроазиат тіл әулеті

    Тіл тобыТіл тобының халықтары
    СемитЕвреи, араб, тигре, таграи, амхара
    КушитСомали, галла
    БерберКабил, туареги
    ЧадХауса

    Негр-кардофан тіл әулеті

    Тіл тобыТіл тобының халықтары
    Негр-конгоМалинке, волоф, фульбе, мосигруси, бомбара, йоруба, ибо, сенуфо, малава, конго, зулусы, нояруанды, банту, азанде
    КордофанТалоди, тегали

    Дравид тіл әулеті

    Тіл тобыТіл тобының халықтары
    ДравидТамил, телугу, каннара, малаялам

    Орал тіл әулеті

    Тіл тобыТіл тобының халықтары
    ФинФин, саамы, эстон, карел, мордва, коми, марийцы,
    Угорвенгр, удмурт, ханты, манси
    СамодийСелькупы, ненец, эвен

    Солтүстік кавказ тәл әулеті

    Тіл тобыТіл тобының халықтары
    ГрузинскаяАджар және грузин
    Адыго-абхазАбхаз, черкес, адыгей, кабардин
    НахскаяИнгуши и шешен
    ДағыстанЛезгиндер, авар, даргиндер

     







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.