Температура дегеніміз не? Цельсий шкаласы
Температура дегеніміз не? Температура заттардағы жылудың мөлшерің сипаттайтын шама. Неғұрлым затта көп жылу бар болса, соғұрлым заттын температурасы жоғары болады.
Немесе затта неғұрлым аз жылу бар болса, соғұрлым затта аз температура бар болады.
Цельсий шкаласы
Жылуды өлшейтің құрал термометр деп аталады. Қазақстанда және Әлемнің көптеген елдерінде температура Цельсий шкаласымен өлшенеді. Цельсий шкаласы судын қатуына және қайнауына негізделген.
Цельсий шкаласында 0 градус деп судын қатаю температурасы, ал 100 градус деп судын қайнау температурасы деп белгіленген:
Судын қайнауынан жоғары температуралар 100 көп деп, ал судын қатаю температурасынан төмен температуралар теріс температуралар деп келісілген.
Абсолюттік нөль
Физикада температураны цельсимен емес кельвинмен есептеуге келісілген. Кельвин дегеніміз цельсий сияқты градус шкаласы, тек бұнда температура шкаласының басы деп судын қатаю температурасы емес, абсолюттік нөль алынған.
Абсолюттік нөль дегеніміз цельсий шкаласымен есептегенде, шамамен -273,15 градусқа тең градус. Бұл градус табиғаттағы ең төмен температура боп саналады, бұдан төмен температура жоқ!
Пән: Физика