Телемедицина мақсаты | Скачать Материал

0
248


МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Хирургиядағы ақпараттық – компьютерлік технология. Лапароскопиялық хирургия. Эндо-видеохирургия. Лапароскопиялық хирургияның Қазақстан Республикасында дамуы. Телемедицина
Кафедра: Жалпы хирургия
Пән: Жалпы хирургия
Мамандығы: Стоматология
Курс: 3
Тобы: 305

Орындаған: Сайлау Алма Нұрлыбайқызы
Тексерген: Курманбаев Булат Айсултанович

Ақтөбе 2019 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Хирургияның әр саласындағы ақпараттық технологиялар
b) Лапороскопиялык хирургия
c) Эндо-видеохирургия
d) Лапароскопиялық хирургияның Қазақстан Республикасында дамуы
e) Телемедицина
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Медициналық ақпараттар жиынтығының компьютерлік технологиялар арқылы сарапталуы,өңделуі уақыт мөлшерін төмендетеді.Компьютерлік технологияларсыз хирургия саласын елестету мүмкін емес.Стандартизацияның барысында хирургияға ақпараттық технологиялар кең енгізілуде.
Компьютерлік технологиялар арқылы жүргізілетін операцияның қаншалықты дәрежеде өтетінін біле аламыз.Мульти компьютерлік техникалар, компьютерлік ангиграфия артериялдық тамырлардың тромбоэмболиясында қолданылады. Оптикалық когоронтты томография операция жасалынатын тіндердің құрылысын айқын түрде көрсетеді. Эхокардиографиялық құрылғы арқылы кардиохирург белгілі қақпақшаның құрылысын экран арқылы көреді.

Хирургияның әр саласындағы ақпараттық технологиялар
Бірнеше жылдар ішінде хирургия саласы көптеген жаңа бағыттағы ақпараттық технологиялармен қамтылуда.Медицина ғылымы мен медициналық технологиялар жетістігі барысында хирургиялық операциялар ең үздік деңгейде өтуде.Бұған пластикалық және эстетикалық хирургиядағы компьютерлік технологияларды айтуға болады.Олар:
Эндоскомиялық техникалар:аз диаметрдегі манипуляциялық құралдар мен видеокамералар.
Шов материалдарының орнына қолданылатын дәрілік заттар
Осы заттардың симбиозы арқасында бетке,дененің белгілі жеріне жасалатын хирургиялық операциялар біріншіден асқынусыз,науқас денесінде ешбір тыртықсыз жасалынады.
Науқас бетінің апоневротикалық жүйесінің фиксациясына операция жасау кезінде эндоскопиялық құрылғыларды пайдалану бет жамылғысын жүйелі түрде жаңартады.Жартылай инвазивтік әдістер бет лифтингі эндоскопиясын басқа да хирургиялық әдістер арқылы операция жасауына негізделген.
Пластикалық хирургияда жаңа компьютерлік технология 3d технологисы жарық көрді.
Негізгі мақсаты:операция алдында науқастарға операциядан кейін бет әлпетінің қандай қалыпта болатынын көрсету. Axis 3 құрылғысы ирландиялықтар ойлап шығарған құрылғы алты камерадан шығатын сәуле толқындарын пайдаланады.Құрылғы бел әлпеттің операциядан кейінгі шыңайы қалпын көрсетеді.
Лифтинг операциясы кезіндегі беттің,маңдай,қас аймағының жұмсақ тіндерін фиксациялау кезінде жаңа хирургиялық шовтар қолданылады. Endotine device бет фиксациясын,операция уақытын үнемдеу ,бет ,маңдай терісінің тартылғыштығын жақсартады.Өзіндегі арнайы қысқыш бөліктерімен теріге жақсы жабысып,оның фиксациясын қамтамасыз етеді.Шашты фоликулдардың,бет локусының қанмен жабдықталуын жақсартады.
Фибриондық клей аз инвазиондық технологияның бір түрі.Қолданған кезде бет терісінің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады,тері локустарының адгезиясы,инфекция төмендеуі,өсу факторлары жасушаларының миграциясы.Бет таңғыштары мен дренаждар орнына қолданылады.Бұл препаратты пайдалану гематомалардың, экхимоздардың,қан ағудың алдың алады.

Лапороскопиялык хирургия
Лапароскопиялық хирургия- жалпы интубациялық наркоз кезінде кішкентай тілік жасау арқылы камерамен жасалынатын оперативтік ем болып табылады. Операция эндовидео арқылы бақыланады және тікелей эфир арқылы 6 есе үлкейтетін маниторда бейнеленеді.

Жиі жасалатын лапароскопиялық операциялар
# Өт қабын алып тастауда.
# Аппендецитті жою
# Аталық без кистасын жою
# Эндометриоз орналасқан жерлерді жою
# Ішек бөлшектерін алып тастау
# Эктопиялық (жатырдан тыс) жүктілікті емдеуде
# Микроскоппен қарауға арналған биопсияларды(майда бөлшектер) іш қуысының түрлі органдарынан алу кезінде де қолданылады.
Жалпы лапароскоп адам денесінде болып жатқан бейнелерді көруге арналған. Ішке 3-4 қана тесік жасау арқылы.

Лапароскопияның түрлері:
oo Диагностикалық лапароскопи-іш қуысын қосымша манипулятор арқылы визуальды көру.
oo Оперативтік лапараскопия-гинекологиялық операцияның барлық түрін орындайды,жатырды экстирпациясымен қоса.
oo Бақылау лапароскопиясы-алғашында болып кеткен операция жағдаиын бақылау.

Лапароскопияның ерекшелігі
oo Лапароскопия-шағын операция, науқасқа түсетін зақымы аз.
oo Жазылу кезеңі жылдам.
oo Репродуктивтік функция қалыптасқаннан кейін,жүкті болуға болады.
oo Психо-эмоциональды зақым келтірмейді
oo Дискомфорттың және операциядан кейінгі ауру сезімінің азаюы.
oo Операциядан кейінгі қабынудың минимальды болуы.
oo Науқастың ауруханада өткізу күнінің азаюы
oo Косметикалық эффект көрсетеді.

Эндовидеохирургия
Эндовидеохирургия- табиғи физиологиялық тесіктер немесе кішкентай тіліктен,ешқандай қосымша тілік жасамастан ішкі органдарға арнайы құрал-жабдықтар арқылы манипуляция жасау тәсілі. Эндовидеохирургия соңғы жылдары гинекология саласында көп қолданылып жүр.

Эндовидео хирургия келесі аурулардың операцияларында қолданылады
# Өт қабын алып тастауда.
# Аппендецитті жою
# Аталық без кистасын жою
# Эндометриоз орналасқан жерлерді жою
# Ішек бөлшектерін алып тастау
# Эктопиялық (жатырдан тыс) жүктілікті емдеуде
# Микроскоппен қарауға арналған биопсияларды(майда бөлшектер) іш қуысының түрлі органдарынан алу кезінде де қолданылады.

Эндовидеохирургия ерекшеліктері
oo Жарақаттың аз болуы
oo Адам организмінің ең қиын және өол жетпейтін жерлерінде операция жасау мүмкіндігі
oo Операциядан кейінгі асқынудың жиілігін төмендету
oo Сырқаттардың ерте сауығы мүмкіндігі
oo Дәстүрлі хирургиялық тәсілдермен емдеумен салыстырғанда емдеу мерзімін қысқарту
oo Операциядан кейін жақсы косметикалық нәтиже

Лапароскопиялық … жалғасы