Таза заттар және қоспалар. Біртекті және әртекті қоспалар

0

Таза заттар бұл бір ғана заттан құралады. Мысалы су таза зат болады. Себебі су тек қана судан ғана құралған.


Су таза зат


Ал қоспалар бірнеше заттың араласуынан құралған. Мысалы саз бен судын араласуынан пайда болған лай су қоспа болады, себебі бұнда екі зат бар — саз және су.


Бірнеше зат араласып біртекті қоспалар құрса бұндайлары біртекті қоспалар. Немесе гомогенді қоспалар деп аталады. Мысалы су мен қантты араластырсақ, пайда болған затта су мен қантты айыра алмайсыз, бұнда біртекті зат пайда болады.


Бірнеше затты араластырғанда пайда болған зат біртекті болмаса, ондайлары әртекті немесе гетерогенді қоспалар деп аталады. Мысалы саз бен судын араласуынан пайда болған зат біртекті болмайды — ыдыстың үстінде лай су ал түбінде саз жатады.


Табиғатта таза заттар сирек кездеседі. Себебі қоршаған ортада сан-алуан түрлі заттар бар, және олар бір-бірімен араласа береді. Мысалы судын құрамында тұздар да бар болады. Бұл тұздар жер асты суларында еріп, су құрамына еңеді.

Пән: Химия