Тәрбие сағаты «Құстар біздің досымыз» 8 сынып

0
604



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Тәрбие сағаты «Құстар біздің досымыз» 8 сынып

Бағыты: Жаратылыстану Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 8 сынып

Биология, экология пән мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде сабақ өткізуде оқушыларға да өз өлкенің құстарымен танысуға, жалпы құстар әлемінің тыныс тіршілігімен танысуда маңызы зор.Балалар жергілікті жердің құстарымен танысып,
Құстар туралы білімдерін толықтырады, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиеленеді. Экологиялық білімдері толықтырылады.

Ақжайық ауданының білім бөліміне«Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

ТАҚЫРЫБЫ: «Құстар біздің досымыз» /Тәрбие сағаты 8сынып/ ӨТКІЗГЕН. Жангалиева Актолкын Орынгалиевна

20182019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Сабақтың мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу ,сөздік қорларын молайту.Балалардытабиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Көрнекіліктер: құстар бейнеленген атрибуттар,құстар жайлы презентациялар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Келді көктем қоңыр салқын желімен, Келді көктем нұрын шашқан күнімен. Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен, Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып, бүгін « Құстар-біздің досамыз» құстар күніне арналған тәрбие сағатымызды бастайық!І. Кіріспе әңгімеЕндеше сыныбымызды екі топқа бөлеміз

Балалар Құстар дегенде көз алдымызға не елестейді? /сұрақ-жауап/Құстар / Тұмсығы ұзын,Досымыз, Ұшады Дән, құрт – құмырсқа жейді, Жыл құсы Зиянкестерден қорғайды /Ендеше балалар, ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты сұрақтар жасырамын I топқа

Құстардың мінездемелеріҚұстың түрі
1Өзіне арнап ұя салмайтын, жұмыртқасын кез-келген ұяға тастап кететін (әр жұмыртқасын әр түрлі құстардың ұясына тастап кетеді) шағын денелі (300гр.) құс. Жаңа басылғылып шыққан балапанның арқа терісінде тітіркендіргіш рефлекті тері бөлігі болады. Егерде өзіне кедергі келтіретін нәрсесе болса ұя иесінің балапандарын немесе жұмыртқасын лақтырып жібереді. Біздің жерімізге сәуір айында келіп, қыркүйек айында ұшып кетеді.Обыкновенная кукушка (Кәдімгі көкек). Cuculus canorus L.
2Жапалақ тәрізділер отрядына жататын құс. Салмағы 300 грамм қауырсыны сарғыш. Сәуір-мамыр айларында жұмыртқалайды, балапаны тамызда қанаттанды. Соңғы уақыттарда саны қатты азайып кетті. Оны бақыт пен сәттілік символы ретінде қыз бала мен ер балалардың бас киіміне, домбыраға тағатын болған.Филин (үкі). Bubo bubo L.

II топқа

Құстардың мінездемелері Құстың түрі
1Бұл құс – ең шегірткені жоюшы құс. Белгілі аңшы Мантейфель Шегірткеге шабуылы былай сипаттайды: «Оңтүстік жаққа ұшып бара жатқан шегітке тұтас топ болып көрінді, оның артында құстар ұшып келе жатыр, олар қалың топтың ішіне енді, қататтарымен соғып, жерге лақтырады. Бұл нағыз шайқас». Күзге жақын олар зиянкестілікпен айналысып, жүзім өнімін жояды. Түркияда мамыр айында «қасиеттілер», ал шілде айында «албастылар» дейді. Адамдар жүзім алқаптарын осы құстардан қорғау, оларды үркіту үшін үнтаспаларға жазылған «қиқулаған» дыбыстарды пайдаланады.Розовый скворец (Алаторғай). Pastor roseus L.
2Бұл құс өте қарапайым көрінгенмен, белгілі әнші құс. Күрен қоңыр түсті, құйрығында көзге түсерлік ала белгісі бар, салмағы 17-26 грамм. Өте әдемі даусы сылдыр және сан-қилы тамылжыта ән салады. Әдетте қалың бұталы жапырақты орман-тоғайлар арасында мекендейді.Обыкновенный соловей. (Кәдімгі бұлбұл). Luscinia luscinia L.
3Тырна тәрізділер отрядына жататын құс. Қанатының ұзындығы 570-670 мм, салмағы 18 кг дейін жетеді. Арқасы сарғыш сұр, бауыры ақшыл, қанаты ақ, желегі қара түсті, наурыз айында ұясыны 1-3 жұмыртқа салады. Тамыз – қарашада жылы жаққа ұша бастайды. Өте сақ үнсіз жүретін құс. Соңғы кезде саны азайып кетті. Ұшар алдында міндетті түрде 15-20 м қашықтыққа дейін жүгіріп, сағатына 50 км шапшандықта ұшаты алып құс.Дрофа (Дуадақ). Otis tarda L.

Кейбір құстардың түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де алады. Түмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) – күндізгі жыртқыш құстар. Тауық тәріздестерге: бөденекекілікұларқырғауыл; дуадақтарға: безгелдекжорға дуадақ жатадыІІ. Келесі бөліміміз «Ойлан тап» деп аталады . Енді сіздерге мынадай берілген құстардың тұмсықтары мен аяқтарына қарап ажыратамыз. Тұмсықтар

  • Снегирь – Кәдімгі Суықторғай
  • Дятел – Тоқылдақ –
  • Ворона – Қарға
  • Ястреб – Қаршыға
  • Пеликан – Бірқазан
  • Завирушка – Содырғы

Лапы – Аяқтар

  • Дятел – Тоқылдақ
  • Рябчик – Сұр құр
  • Баклан – Суқұзғын
  • Скопа – Балықшы тұйғын
  • Ворон – Құзғын

Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік. -Көктем құстарын кім атайды?

Балалар: -Қараторғай, қарлығашырна.

  • Осы құстар нені қорғайды?

Балалар: — Ағаштарды. Ағаштар не үшін керек?Балалар: — таза ауа шығарады.Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік.(балалар тыныс алу жаттығуын жасайды)

Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтелыйым сөздер кім айтады.ІІI. Барлығымзға белгілі енді оқушылар «Құстар туралы ырым, тыйымдарды» кім айтады. Балалар: Құс төмен ұшса жаңбыр жауады, Жоғары ұшса күн жылы болады. Сауысқан шиқылдасаақсы хабар естиміз.

Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса, жел болмайды.Қарғалар топталып қарқылдаса, аяз болады да, ал аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады.Құс жүнін үрпейтсе, жаңбыр жауады, ауа райы бұзылады.Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады.Құстар жер баулап ұшса, күн бұзылады.

Құстар туралы тыйым сөздер кім айтады.

Құсқа тас лақтырма. Құстардың жұмыртқасын жарма. Аққуды атуға болмайды, Досыңды сатуға болмайды Құстың ұясын бұзба, Қарғысқа қаларсың.

IV. Ғажайып сәт: Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.

Көгершін: -Сәлеметсіңдер ме,балалар. аспанда ұшып жүріп,

сендерді көріп,қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.

Мына менің аузыма тістеген себеттің ішінде жұмыртқалар бар,сол

жұмыртқаны қай құсқа тиесілі екендігін табуларыңыз керек.

Жұмыртқалар

  • Коршун – Кезқұйрық
  • Поганка – Сұқсыр
  • Бекас – Тауқұдірет
  • Хохлатая синица – Айдарлы шымшық
  • Фазан – Қырғауыл
  • Белая куропатка – Аққұр

Балалар сіздерге көп рахмет! әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.Өзіме достар тауып алдым. Алнді осы достарыммен ұшып қайтам.

Балаларендер тағы құстар жайлы не білесіңдер? Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз құстарды күтіп-баптап,аялауымыз керек. Құстар біздің досымыз. Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруынакөмектеседі. Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап,жемберуіміз керек.

V. Викториналық сұрақтар:Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)Құстың негізгі мекені? (Ұя)

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?Ұнады.Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?Құстар туралы көптеген мағлұматтар алдық, білімімімзді кеңейттік.Қорытынды: Көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарды аялайық, оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты көз алдыңа елестетші… Еліміздің болашағы – білімді ұрпағымда. Білім аспанында құсша шарықтап ұш. Елімізде тыныштық болып, бейбітшілктің ақ құсы аспанда шарласын. “Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.”


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.