Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның экономикалық жетістіктері туралы қазақша
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан салмақты экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Сөйтіп 24 жылда елдің ЖІӨ 20-дан аса есеге көбейді: 1992 жылы 700 доллардан аз болса, 2011 жылы 11 мың долларға дейін жетіп Орталык және Шығыс Еуропаның біраз елдерімен теңесті, ал 2012 жылы 12 мың АҚШ долларынан асты. Нақты даму көрсеткіштері бойынша 2013 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6 пайызды, 2014 жылы 6.1 пайыз, 2015 жылы 7,6 пайызды құрайды. Жан басына шакқанда ЖІӨ 2013 жылы 14 мың долларды құраса, 2017 жылға қарай көрсеткіш 24 мың долларға дейін өсетіні болжанады. 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебінің негізгі тұжырымдары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытынды) 2014 жылы республикалық бюджеттің аткарылуының макроэкономикалык жағдайлары 2014 жылга арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына негізделген. Қазақстан Республикасының Үкіметі макроэкономикалық көрсеткіштерді 2014 жылғы наурызда және казанда нақтылады (2014 жылғы II наурыздағы №9 және 21 қазандағы №46 хаттамалар). 2014 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2013 жылмен салыстырғанда 4,3%-ды құрады, бұл болжамды параметрге сәйкес келеді, Сонымен бірге ЖІӨ-нің номиналды мәні 38 711,9 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл қазанда нақтыланған болжамнан 911,8 млрд. теңгеге төмен. Есепті жылы экономиканың өсуі, негізінен, қызмет көрсету саласындагы өндіріс көлемінің 6,1%-ға ұлғаюы (өсімге үлес 3,4%) ессбінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте сауда саласында — 9,3%-ға (өсімге үлес 1.5%), көлік саласында — 7%-ға (өсімге үлес 0,5%) елеулі өсу қарқыны байқалды. Тауар өндіру 0,9%-ға (өсімге үлес 0,3%) өсті, Өнеркәсіптегі өсу қарқыны — 0,2%-ды (тау-кен өндіруде — 0,1%, өңдеу саласында — 0,2%), ауыл шаруашылығында -0,8%-ды, кұрылыста — 4,1%-ды құрады. ІЖӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға қысқарып, 38,2%-ды құрады. Сыртқы экономикалық факторлардың қолайсыз болғанына (әлемдік тауар нарықтарында экспорттық өнім бағаларының төмендеуіне) карамастан, 2014 жылы республикалық бюджет еліміздегі макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы жағдайларында атқарылды.
Ұлттык экономика министрлігінің мәліметтері бойынша 2012 жылдан экономикалық өсу қаркыны баяулады және 105,0 пайызды кұрады, бұл жағдай казақстандық экспортқа сыртқы сұраныстың азаюымен, ауыл шаруашылық өнімдерінің 17,8 пайызға және қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты егін шаруашылығының 27,7 пайызга азаюымен байланысты болды. Экономиканың өсуіне әсерін тигізген сыртқы фактор шикізатқа әлемдік бағаның жоғары болуы, соның арқасында сыртқы сұраныс азайса да қазақстандық экспорттан тұрақты табыс түсіп тұрды. 2012 жыл бойы Қазақстанның негізгі экспорттық тауары — мұнайдың бағасы барреліне 111,97 доллар болып тұрды (маркасы Brent мұнайы), бұл болжамдық бағадан 11,97 долларға жоғары, қазіргі кезде мұнайдың бағасы томендеп кетті.
Елімізде макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық сақталуда. Инфляция деңгейі 2012 жылдың желтоқсанында 2011 жылдың желтоқсанына 6 пайызды құрады, ол 2011 жылдың деңгейінен (7,4 пайыз) 1,4 пайызға төмен. Жалпы бағалардың өсуіне қарамастан, инфляция деңгейі жоспарлаған аралықта 6-8 пайыз көлемінде болуда. Британдық мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстан 21 ғасырдың алғашқы онжылдығындағы ең экономикасы серпінді дамыған 25 елдердің ішінде Қытай мен Катардан кейін, үшінші орында. Мұндай даму серпіні халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсерін тигізуде. 2014 жылғы ақпанда жүргізілген теңгенің кұнсыздануы ескеріле отырып, 2014 жылы жылдық мәндегі инфляция 7,4%-ды (2013 жылы — 4,8%-ды) құрады, бұл жоспарланған дәліздің жоғары шегінен 0,6 пайыздық тармаққа төмен. Елде үнемі зейнетақы, жалақы, жәрдемақы өсіп отырады. Әр жыл сайын азаматтардың табысы өсуде, үнемі өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде. 1993 жылы орташа айлық жалақы 24,3 доллар болса, 1999 жылы — 99 доллар, 2010 жылы — 527 доллар, ал 2012 жылы 638 доллар болды. 2014 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2013 жылмен салыстырғанда номиналды мәнде — 10,4%-ға, накты мәнде — 3,5%-ға өсті. Орташа айлык номиналды жалакының мөлшері 2014 жылғы желтоқсанда 154,6 мың теңгені құрап, жыл ішінде орташа 10,9%-ға өсті. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы нақты жалақының мөлшері 3,9%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға болжанғанымен, 2014 жылдың соңына қарай 5,0%-ды құрады.
#Тәуелсіздік #жылдардағы #Қазақстанның #экономикалық #жетістіктері
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз