Сертификаттау сапасын қамтамасыз ету | туралы қазақша

0
1

Сертификаттауға дұрыстық және әділдік тән болуы тиіс. Сертификаттау объектісінің нормативтік құжаттардың талаптарына сэйкестік бағасы сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының техникалық кұзыреттілігіне сәйкес анықталады.

Сертификаттау нәтижелерінің әділдігі сертификаттау органы мен сынақ зертханасының өнімді немесе қызметті өндіруші мен тұтынушыдан тәуелсіз болу дәрежесіне байланысты анықталады.

Сертификаттауды жүргізу сапасын осы екі өлшем қамтамасыз етеді. Осы өлшемдерге жету әдісі «сапа оралымында» келтірілген. Ол сапаға әсер ететін өнім өндірісінің, процестің немесе қызметтің толық циклындағы элементтердің өзара ықпалдасуын білдіреді.

Маркетинг пен сұранысты зерттеу сатысында сертификаттаудың сапасы сәйкестік соның ережелеріне сәйкес бағаланатын сертификаттау жүйесі талданады, сертификаттау органы мен сынақ зертханасы аккредиттелетін сала анықталады. Осы сатыда әр түрлі елдерде нақты өнім мен қызмет түрін сынау жэне сертификаттау нәтижелерін тану проблемаларын ескеру керек.

Сертификаттау процесін жобалау сатысында сапаға әсер ететін факторлар, яғни клиенттердің тілектері, заңнама, үйымдастыру, техникалық, ғылыми-әдістемелік және т.б. талаптар ескеріледі.

Ресурстарға сертификаттау органында, сынақ зертханасында білікті қызметкерлердің болуы, дайындалған үй-жайдың, нормативтік құжаттар қорының, өлшеу, сынау мен бақылау құралдарының, ұйымдастыру техникасының болуы кіреді.

Сертификаттау процестері сертификаттау кезінде дұрыстық пен әділдікке жететіндей әзірленуі тиіс. Барлық жұмыстардың, нақтылаушы іс-қимылдардың сапасын ішкі және сыртқы тексеруді жүргізу мүмкіндігі қарастырылатындай етіп жоспарлау керек. Осы орайда барлық процестердің іс қағаздарын жүргізу мен кұжаттандыру, ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.

Сертификаттау таңдалған схема бойынша сетификаттау ережесіне сәйкес және сертификаттау органының немесе сынақ зертханасының ішкі нұсқаулықтары бойынша жүргізілуге тиіс. Сәйкестікті бағалау процестерін бақылаусыз сертификаттаудың сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл үшін кезеңді ішкі және сыртқы бақылау жүйесі болуы тиіс. Сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісін пайдалану құқығына лицензия ресімдеген кезде ақпарат көлемі мен маңызын көрсететін барынша көп ақпараттың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар сақталуы тиіс Әрбір сертификатта сертификатталған объектінің атауы, ол сәйкес келетін нормативтік құжат, сертификатты берген сертификаттау органының атауы, сертификат берілген құн, қолданылу мерзімі мен сертификаттау органының аккредиттеу жөніндегі белгісі болуы тиіс.

#Сертификаттау #сапасын #қамтамасыз #ету

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз