Тәуекел хан
1580 жылы қазақтың айбынды ханы — Хақназар хан қайтыс болады. Содан кейін таққа Шығай хан отырады. Бірақ көп ұзамай 1582 жылы қайтыс болады. Қазақ хандығының тағына Шығай ханның баласы — Тәуекел хан отырды.
Тәуекел хан жайлы көп мәлімет тарихи жазбаларда қалған. Себебі осы хан тұсында Қазақ хандығы мейлінше күшейген, еліміздің талай жаулары ойсырай жеңілген. Және осы хан тұсында халықаралық дипломатиялық байланыстар кең ауқымды болған.
Бұқармен соғыстар
Тәуекел хан билікке келген уақыт, күрделі уақыт еді. Әсіресе онтүстікте тыныш болмады. Шейбанидтердің құдыреті мол соңғы ханы Екінші Абдаллах күн сайын күшейе берген. Шейбанидтер Шығай ханның тұсында қазақтармен бейбіт өмір сүрді. Әсіресе Ташкент билеушісі Баба сұлтан мен екінші Абдаллахтың күресі кезінде. Тіпті Тәуекел осы Баба сұлтанды өзі өлтірген.
Бірақ Тәуекел хан болған тұсында олар бір-біріне жау болды. Тәуекел хан Сыр бойындағы қалаларды өзіне қаратқысы келді.
1586 жылы Тәуекел хан Түркістан, Ташкент жеріне шабуылдады, бірақ ақыры Ташкент түбінде жеңілді.
1588 жылы Ташкентте Екінші Абдаллахқа қарсы көтеріліс басталды, бірақ сәтсіз аяқталды.
1597-1598 жылдары, Екінші Абдаллахқа қарсы оның баласы Абд-ал-Мумин бас көтереді. Осыны пайдаланып Тәуекел хан жорыққа аттанып, Ташкент түбінде Екінші Абдаллахты ойсырай жеңеді. Ал 1598 жылы Екінші Абдаллах қайтыс болады да таққа оның ұлы Абд-ал-Мумин отырады, бірақ бұл ханды отандастары өлтіреді де, Шейбани әулетінің заманы аяқталады.
Осы жылы (1598 жылы) Тәуекел хан аз уақытта Түркістан, Сайрам, Ақси, Әндижан, Ташкент, Самарқант сияқты ірі шаһарларды жаулап алады. Самарқантқа өз бауырын Есім сұлтанды 20 мың әскерімен қалдырады да, өзі Бұқарға жорыққа аттанады. Бұқар қаласында жараланып, көп ұзамай қайтыс болады. Қазақ хандығының тағына, осы 1598 жылы, оның бауыры Есім отырады.
Сөйтіп Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалары үшін болған жүз жылдық күресі сәтті аяқталады. Есім ханның тұсында Қазақ хандығы мейлінше күшейеді.
Қалмақтардың ханы
Тәуекел ханның елшілері Мәскеуде өздерің қазақ пен қалмақтың ханының елшілеріміз деп танытады. Және Тәуекел ханның ағасы Шах-Мұхамет қалмақтардың ханы болды делінеді.
Бұны тарихшылар Тәуекел ханның тұсында қалмақтардың біраз бөлігі Қазақ хандығының құрамына еңген деп пайымдайды.
Мәскеумен байланыс
1580 жылы Тәуекел ханның жиені Ораз Мұхамед, Сібір ханы Көшім мен орыс әскерлерінің арасында болған соғыста тұтқынға түседі. 1594 жылы Тәуекел хан орыс патшасына Күл-Мұхамедті жіберді. Екі ел бейбіт өмір сүре берсін деп, одақтас болайық деп.
Бірақ орыс патшасы Ораз Мұхамедті жібермеді. Бұны аманатқа алды.
Пән: Тарих