«Кардифф Ситидің» жаңа ойыншысы отырған ұшақ жоғалып кетті

0
111

Францияның «Нант» командасынан «Кардифф Ситиге» ауысқан Эмилиано Сала жаңа командасына барар жолда іс-түзсіз кетті, деп жазады prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, футболшы 21 қаңтар күні жергілікті уақыт сағат 21:00-де Уэльске келуі керек болған. Алайда болжанған уақыттан бір сағат бұрын ұшақ радардан жоғалып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ. Оны іздеу үшін екі тікұшақ пен бірнеше іздеу кемелері жіберілген.

Шабуылшы «Нант» сапында бірге өнер көрсеткен әріптестерімен қоштасып, жеке ұшағына отырып Уэльске бет алған екен. Ұшақта екі адам ғана болған. Сала және ұшқыш.

Айта кетейік, «Кардифф Сити» € 20,5 млн қаржы жұмсап Саланы сатып алған болатын. Бұл кулб үшін рекордтық көрсеткіш.

28 жастағы футболшы өткен маусымда Франция біріншілігінде 19 матчына қатысып, 12 гол соққан.



prosports.kz