«Тар кезең» романы талдау — 9 сынып

0

Қазақ даласының Батыс және Орталық бөлегі Ресей протекциясына қарағанына жарты ғасырдай уақыт өткенде, империя енді өзінің отаршылдық бет — бейнесін ашықтан – ашық көрсете бастаған болатын. Әсіресе, Алаш баласы Елек пен Жайық бойындағы өріс – қоныстарынан ысырылып; онымен қоймай, біресе Жайық казак – орыстарының, енді бірде башқұттар мен Еділ қалмақтарының талауына ұшырап, жан – жақты қысым көре бастады. Ел басындағы хан Нұралы болса, бұл істердің бірде – бірін орнықты шеше алмай, ел билігі де дағдарысқа түсті.  Міне, осындай қилы кезеңде ел тағдырына деген жауапкершілікті өз мойындарына алған – Бейбақты Сырым бастаған қазақтың білікті билері мен батырлары, ақсақалды ағалары еді…  Белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» аталатын романы халық тағдыры таразыға түскен осынау қиын кезеңнің оқиғаларын кең тыныспен, аса байыпты да байсалды көрсете білген, шын мәніндегі көркем туынды екеніне оқыған жұрттың көзі анық жетер деп ойлаймыз.

Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Тар кезең» романына жазушы ширек ғасыр өмірін арнаған екен. Ұлттық архивте, Орынбордағы және Ресейдің өзге архивтерінде сарылып отырып, болашақ романына тарихи нұсқа болатын құнды құжаттар тапқаны рас. Сол қолға түскен жәдігерлерді сараптай отырып, ой елегінен өткізді, көркем дүниені өмірге әкелді. Академик Зейнолла Қабдолов айтқандай: «Жазушыға ұшқыр қиял мен көркем ой» керек екенін де сол шақта жүрегімен түйсінді. Иә, еңбегі зая кетпеді. Туған елінің басына түскен сол бір тауқыметті заманның зарын айтып, көкіректерге тас боп байланған шер-шеменін қағаз бетіне түсірген жазушының «Тар кезеңі» Елбасы тарапынан да үлкен қолдауға ие болды. Шығарма тақырыбы — Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болса, идеясы — жас ұрпақты отаншылдыққа баулу. Өз елін, туған жерін қастерлеп, қорғай білуге, ұлттық құндылықтарды, салт-сананы сақтауға шақыру. Романның экспозициясы, яғни, оқиғаның басталуы – Орынбор генерал-губернаторы қызметіне Игельстромның тағайындалуы. Осы тұста жазушы патшалық Ресейдің басқыншылық саясатын көрсетеді. Ресей боданындағы елдерді тек қарудың күшімен ғана емес, алдап-арбап тұзаққа түсіру керектігін алдына мақсат етіп қойған патша ағзам шенеуніктері қызметінің миссионерлік сипатын ашық баяндайды. Романда казак-орыстардың қазақ ауылдарын аяусыз шапқыншылыққа ұшыратуы, басқыншылардың зорлық-зомбылығынан қан жылаған елдің көз жасын құрғатып, елге азаттық алып беру мақсатымен атқа қонған Сырым Датұлының бейнесін жан-жақты жарқырата ашқан. Бұрын әдеби айналысқа түспеген ысықтан шыққан Қаратау би, кетенің Көккөз биі, тама Қадыр мен Садыр, сұлтансиық Масқар Дөнен, алаша Өтеулі би туралы да кеңінен суреттеледі.

Тарихи тұлға – Сырым Датұлы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б. Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды. 1778 жылғы мәліметтерге қарғанда Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырымның балалары қайтыс болды. Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.

Сырым Датұлының соғысқа араласуы Сырымның Орал казак әскерлерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды 1783 жылы желтоқсанда кездейсоқ қапаста қалған казактардың тұтқынынан 1784 жылы көктемде Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал казак әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Старшындар Барақ, Тіленші, Оразбай, сұлтан Жантөре бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісімен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының көтерілісшілерімен қатынасын суыту Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісшілерге қарсы генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскерін жіберді. Бірақ күннің суығынан олар Кіші жүз даласына тереңдеп ене алмай, қазақ ауылдарын тонап, қазақтарды тұтқындап әкетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды. 1787 жылдың наурызында өтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерлерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруінен мұндай табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады. Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды. 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады.

Патша әміршісімен де арасы суыған, беделінен айырылғын Нұралы қашып, кейін Ұлпаға жер аударылып 1790 жылы қайтыс болады. Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О. А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді. Сырым Датұлы реформаны алғашқыда қолдады, себебі оның көздегені хандар арқылы іс жүзіне асырылып отырған үстемдікке соққы беру болатын. Алайда көп кешікпей паша үкіметінің өзі хандық биліктің мүддесіне қайшы келетініне көзі жетті. Ресейдің өз ішіндегі Романовтар әулетіне қарсылық реформаның тоқталуына себеп болды. 1790 жылы казак әскерлерінің атаманы Д. Донсков қазақтарға қарсы қимылы көтерілістің қайта өрлеуіне түткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты, Ералының хан болып сайлануы, Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен старшындары арасында жік туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал казактарымен өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. 1794 жылы Ералы ханның өлімі,1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі — Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханның өлтірілуімен тынды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі — Нұралы ұлы Қратай хан сайланса, екіншісі Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Оның құрамына Нұралы ханның ұрпағые кіргізген жоқ, себебі осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті.1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін  Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды.

Тапсырма Сырым Датұлы бейнесін жан – жақты дәлелдермен ашыңыз ? Сырым Датұлы қандай себептерге байланысты көтеріліске шықты? Автор осы еңбегі үшін қандай сыйлықтың иегері болды?

тар кезен 1 тарау, тар кезен идеясы, тар кезен композициялык талдау, тар кезен кыскаша мазмуны, тар кезен мазмуны, тар кезен оку, тар кезен роман, тар кезен романынын идеясы, тар кезен сырым датулы, тар кезен эпитет, тар кезең, тар кезең кейіпкерлері, тар кезең композициялық талдау, тар кезең романы, тар кезең романы кейіпкерлері, тар кезең романы эссе, тар кезең романы қысқаша мазмұны, тар кезең романындағы сырымның бейнесі, тар кезең романының әдебиеттегі орны, тар кезең қысқаша мазмұны