Тамақ дайындау технологиясы, езбе көжелер түрлері

0

Сабақтың тақырыбы: Езбе көжелер түрлері
А. Е. Гумирова, Орал «Сервис» технологиялық колледжі
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Езбе — көжелердің түрлері, құрамы, дайындау технологиясы мен ұсыну температурасы, безендіру, тарату мен басқа көжелерден айырмашылығын атап көрсету.
• Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге бағыттау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, мамандыққа қызығушылықтарын арттыру.
• Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұлттық тәрбиеге, құрмет көрсетуге, мамандыққа бағдарлау, ұқыптылыққа, тазалыққа, өзіндік және өзара көмек көрсетуге, жауапкершілікке, белсенділікке, іскерлікке баулу.
• Сабақтың материалдық жабдықталуы: Интерактивті тақта, альбомдар, технологиялық нұсқау карталар, өндірістік жабдықтары мен құрал — аспаптары, асханалық ыдыс — аяқтар, тақтай, арнайы пышақтар, блендер, табақ.
• Пәнаралық байланыс: Тамақ дайындау технологиясы, тауартану, биология, жабдықтау, санитария, физиология.
Сабақтың түрі: фронтальдық – топтық, еңбек үрдістері мен операция кешендерін оқып – үйрету сабағы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Студенттермен амандасу.
2. Сабақта жоқ студенттерді белгілеу.
3. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру: санитария — гигиена ережесі бойынша сыртқы түрін, тазалығын, күнделіктерін тексеріп өту. 4. Студенттерді топқа бөлу (берілген суреттер бойынша студенттер топқа бөлінеді: I топ Саңырауқұлақ.
ІI топ. Бидай
III топ. Бауыр
IV топ. Брокколи
II. Кіріспе нұсқау: Студенттерді жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау:
Студенттер! Ұялы телефондарыңызға play market – тен QR — программасын алдын ала жүктеп алғансындар. Олай болса Learning apps. org сайтында тест жұмысын орындаймыз. Әр студент телефондарыңызбен интерактивті тақтадағы суретті кодты келіп түсіріп алыңыздар. Тапсырманы түгел алған болсақ орындаймыз.
(Тест жұмысы)
Жаңа материалды баяндау:
Сіздер «Тамақ дайындау технологиясы» пәнінен езбе — көжелер туралы өттіңіздер. Ендеше қайталайық (қайталау сұрақтары беріледі)
Өндірістік сабақта «Дәм рәсім» кітабының реті бойынша №251 «Құс езбе көжесі», №252 «Бауыр езбе көжесі», №249 «Саңырауқұлақтан дайындалған езбе көже», «Брокколи мен чеддер ірімшігінен дайындалған езбе көжесін» дайындаймыз.
Езбе көжелердің дайындалу бірізділігі мынадай операциялардан тұрады: сорпа дайындау, сүзу, көкөністерді өңдеу, турау, шала қуыру, бұқтыру, үгіту, ақ тұздықпен қатықтау, дәмдендіру, льезонмен немесе сары маймен қатықтау.
Негізгі ақ тұздық дайындау реті: сорпа дайындау, тамыр мен пиязды өңдеу, сабаншалап турау, ұнды шала қуыру, ыстық сорпамен сұйылту. Біртекті масса алу. Көкөністерді салу, 30 мин. пісіру. Тұз, лимон қышқылын қосу, сүзу, қайнату, үгіту, маргаринмен қатықтау.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
«Орал «Сервис» технологиялық колледжі»МКҚК,
өндірістік оқыту шебері Гумирова Акмарал Ержановна
Езбе көжелер түрлері жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!