Суретті кілем, гобелен, гобелен тоқу өнері

0

Сабақтың тақырыбы: Суретті кілем ГОБЕЛЕН.
Сабақтың мақсаты:
 Оқушылардың ой — қиялын дамыту арқылы гобелен тоқу өнерімен таныстырып, сурет салуға баулу;
Міндеті:
 Гобелен өнерінің пайда болуы түрімен таныстыру
 Шығармашылық ой қиялын дамыту
 Сурет салуға баулу, эстетикалық тәрбие беру.
 Пәнаралық байланыс: технология, әдебиет, тарих.
 Көрнектілігі: Гобелен түрлері, станоктары, қолөнер заттары, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, ребус, мақал — мәтел.
 Құрал — жабдықтар: қалам, қағаз, түрлі — түсті бояу.
 Типі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
 Түрі: дәстүрлі сабақ.
 Әдіс — тәсілдері: модульдік технология элементтері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабаққа кіріспе.
Өткен сабақты еске түсіріп сұрақтарға жауап беру арқылы ребусты шешіп жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
1. Әшекей бұйымдарды жасайтын адам?
2. Қыздардың жеңсіз киімі?
3. Ер кісілердің бас киімі?
4. Ер кісілердің аяқ киімі?
5. Ұзатылатын қыздың бас киімі?
6. Іске шебер адам?
7. Ер кісілердің сырт киімі?
Оқушылар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы – “СУРЕТТІ КІЛЕМ ГОБЕЛЕН”.

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгін біз сәндік қолданбалы өнер түрі Гобеленмен және оның түрімен танысып қалай тоқылу жолдарын көріп эскизін дұрыс бейнелеуді үйренеміз.
1/Білім/ Жаңа сабақ
/Слайтта көрсете отырып балаларға ГОБЕЛЕН тұралы мағлұмат беру/
Гобелен – суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы 20 — шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.

Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Суретті кілем гобелен жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!