Талдау жұмысы. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» 6 сынып
Талдау жұмысы. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» 6 сынып
Автор: Куспекова Гульмира Аманбековна
Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 6 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-25
Материал туралы қысқаша түсінік
Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» (хикаяттан үзінді)» әңгімесімен танысады
Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет.
Хикаят оқиғасының тартымдылығы, шынайылығы. Шығармадағы юмор.
Əдебиет теориясы: хикаят туралы. Түсініп оқу, жоспар бойынша əңгімелеу.
Өлеңнің негізгі ойын түсінеді
Өзіндік көзқарасын білдіреді
бір-біріне көмектесуге үйренеді
Мұғалім әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Сабақтың мақсаты | «Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» (хикаяттан үзінді)» әңгімесімен танысады Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. Хикаят оқиғасының тартымдылығы, шынайылығы. Шығармадағы юмор. Əдебиет теориясы: хикаят туралы. Түсініп оқу, жоспар бойынша əңгімелеу. Өлеңнің негізгі ойын түсінеді Өзіндік көзқарасын білдіредібір-біріне көмектесуге үйренеді | |
Сабақтың түрі аралас Пәнаралық байланыс қазақ тіліӘдіс-тәсілдер ұжымдық жұмыс, пікірін дәлелдеу, сыни ойлауКөрнекілігі оқулық мәтіні, А4, маркер | ||
Ұйымдастыру кезеңі | Мұғалім жылы көңіл-күймен қарсы алады | Ынтымақтастық атмосферасын орнатуға ұмтылады, бір-біріне тілек айтады |
Мазмұндаманы талдау |
Қосымша жалғанғандағы сөздердегі өзгеріс Сөйлемдерді құрудағы бірізділік 2. Тыныс белгілері- диалогтың тыныс белгілері төл сөз бен төлеу сөз нүктенің, үтірдің қойылу себебі3. Мәтінді мазмұндаудағы ой ретінің сақталуы Жақтың сақталуы Қосымша оқиғаларды араластырмау Сөйлемдердің көркемдігі Жоспарға сай баяндалуы Жоспардың жүйелі құрылуы |
Тексереді, түзетеді |
Жаңа сабақтың мақсатын ашу | Сабақтың мақсатымен танысады | Оқиды, мәнерлеп оқу дағдысына көңіл аудару |
Жаңа сабақ | Бердібек Соқпақбаев1924 жылы дүниеге келген, сегіз жасында жетім қалған ол әрдайым өз басынан өткен жайттарды жазумен айналысады.«Өмірде адам басында болатын жайттарды, қиын-қыстау оқиғаларды тағдыр қабырғасы қатпаған қаршадай кезімнен аямай-ақ үстіме үйіп-төкті. Сегіз жасымда, бірінші сыныпта оқып жүргенде, шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы қиын жылдары болатын. Содан соңғы басымнан кешкендерді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге қалай жеттім?! «Өзім туралы повесть» осы толғаныстан туған дүние. Кейін оның аты «Менің атым Қожа» болып өзгертілді.Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын, Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды», — дейді автордың өзі. | Берілген тапсырманы ұжым болып түсінеді, орындайды. |
Сабақты пысықтау | Мәтінге сюжеттік-композициялық талдау жасау:Оқиғаның басталу:Байланысы:Дамуы:Шиеленісі:Шарықтау шлегі:Шешімі: | Талдайды, табады |
Сабақты қорыту | Неге Қожа ондай әрекет жасады?Егер сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?Қожа сияқты қызықты оқиғаны басыңнан кешірдің бе?Неге олай жасадың? | Өздері пікірлерін айтады, қорытады, бағалайды |
Рефлексия |
«2 1! » арқылы оқушыларға сабаққа рефлексия |
Екі ұнаған, бір ұнамаған дүниесін айтады |
Үйге тапсырма беру | Үйге тапсырма беруМазмұнын әңгімелеу, мәтінге талдау жасауға дайындалып келуКейіпкерлеріне мінездеме беру | Тапсырмаларын күнделікке жазады |
Оқушының білімін бағалау | Бағалау | Бағалауға көмектеседі |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.