Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

0
109

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері ауысты. Бұл туралы дзюдо федерациясының ресми сайты жазды. 

2019 жылдан бастап дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасын бас бапкер ретінде Ерлан Алпысбаев баптайды. Ал 2018-2019 жылдары бас бапкер қызметін атқарған Марат Данайбаев әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарады.

Ерлан Алпысбаев – дзюдодан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 2017 жылдан бері Қазақстан жастар қыздар құрамасының тізгінін ұстаған. 2017-2019 жылдар аралығында Ерлан Алпысбаевтың шәкірттері Әлем чемпионатынан 1 күміс, Азия чемпионатынан 4 алтын, 5 күміс, 7 қола медальға қол жеткізген. 2011-2017 жылдар аралығында Қазақстаан жасөспірімдер командасының бапкері, ал оған дейін Алматы қаласындағы К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде тренер қызметін атқарған.



prosports.kz