Табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде туралы қазақша

0

Табиғи ортаның қалыпты жағдайы — табиғи ортаның экологиялық тұрғыда теңдестірілген жаратылысқа тән жай-күйі. Ол экологиялық тепе-теңдікпен сипатталады. Экологиялық теңдестірілмеген жүйе адамға зиянды әсер етуі мүмкін немесе оның қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Дағдарыс жағдайы немесе экологиялық дағдарыс — бұл жай-күй бағалау өлшемдерінің шекті рұқсат етілетін жай-күйге жақындауы, одан шығып кету тұрақтылық жүйесінің жоғалуына және оның құруына әкеліп соқтырады. Қоршаған орта сапасын бақылау жүйесі немесе экологиялық бағалау (нормативтер) табиғатқа тигізетін теріс әсерді шектеу құралы болып табылады. Өкінішке қарай, адамдардың өсіп келе жатқан қажеттіліктері мен биосфераның, табиғи ресурстардың оларды қанағаттандыру бойынша шектеулі мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылықтар бар. Адамның тіршілік ету ортасының бүлінуі мен табиғаттың қалпына келу күштерінің бұзылуы себептерінің бірі — халық санының қарқынды өсуі. Халық санының тоқтаусыз өсуі көптеген елдердің, әсіресе дамушы елдердің алдында адамдарды азық-түлікпен, сумен қамтамасыз ету, атмосфера ауасын таза қалпында және топырақ құнарлылығын сақтау мәселесін қояды.

Адамзатты өзін-өзі жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету толғандырады. Кеңес Одағының ғалымы Н.В.Мельниковтің жорамалды бағалауы бойынша отынның айқын түрлерін (көмір, мұнай, табиғи газ, торф, жанатын тақтатастар) 2000 ж. тұтыну деңгейі бойынша адамзат 140-150 жылға қамтамасыз етілген. Осыған орай, әлемнің отын-энергетика шаруашылығында көрнекті орынға энергия алудың балама әдістері, атап айтқанда, атом, гидроэнергетика, биоэнергетика және басқалары ие болуы керек. Табиғатты қорғау тұрғысынан экономиканың ары қарайғы дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды тиімдірек басқару мәселелерін шешуге байланысты. Арзан табиғи ресурстардың, адамның табиғатқа қарсы қойылуы, қоршаған ортаға жауапкершіліксіз көзқараспен қараудың уақыты келмеске кетті. Алайда «табиғаттың тегін игіліктерінің» нақты ақысыздығы туралы қорытынды тұрақты даму тұжырымдамасы шегінде ғана жасалған. Тек экономика тұрғысынан қаралатын көзқарас қана тұрақты даму түжырымдамасының өзегі болып табылады. Өндірілетіннің үлкен бөлігі — шынымен де өндірістік үдерістің қалдықтары және өз өмірін қоқыстар үйіндісінде аяқтайтын тауарлар. Бұдан басқа, адамзат қомақты ресурстарын оларсыз да тіршілік етуге болатын қызметтер мен ойын-сауыққа жүмсайды: мысалы, планета мөлшерінде жыл сайын жарнамаға — 250 млрд долл., 400 млрд долл — темекі шегуге, 40 млрд долл гольф ойнауға шығындалады.

Өндірістің «ресурс — өнім — қалдық» қағидасы желілік экономика үлгісінің негізінде жатыр, қазіргі заманғы көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары сол бойынша жұмыс істейді.

Желілік экономика формуласы

Мұндай экономика қалдықтардың үдемелі санының пайда болуының алдын алады, олардың көбі адамдар денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан аз қалдықты жэне қалдықсыз технологияларға өту қажет. Аз қалдықты технология — бұл шикізат өндіру мен қайта өңдеудің табиғи ресурстарда бар барлық құрамдас бөлшектерді мейлінше мол, кешенді алуды және пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралары мен үдерістерінің кешені. Қалдықсыз технология — макроэкономика деңгейінде жұмыс істеу қағидасы: ол кезде «бастапқы шикізаттық ресурстар — өндіріс — тұтыну — екінші рет пайдаланылатын ресурстар» айналымындағы шикізат пен энергияның барлық құрамдас бөлшектері тиімді пайдаланылады және экологиялық тепе-теңдік бұзылмайды. Аталған технологияларды қолдану экономиканың басқа — Кезеңдік үлгі негізінде жатыр. Бұл экономика табиғатқа еліктеу қағидасы бойынша құрылған. Оның екі негізгі жағы бар. Біріншіден, әр кәсіпорынның қалдықтары басқа кәсіпорын үшін ресурс болып табылады. Екіншіден, экономиканың кезеңдік үлгісі, адамға қауіпті қалдықтарды қосқанда, қалдықтардың үлкен көлемінің болмауын тұспалдайды.

Тұрақты даму тұжырымдамасы «экономикалық тиімділік» түсінігінің өзіне жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні оларды іске асыру кезінде табиғи заңдылықтар ескерілетін ұзақ мерзімді экономикалық жобалардың экономикалық тұрғыдан тиімдірек болатыны, ал ұзақ мерзімді экологиялық зардаптарды ескерусіз іске асырылатындар шығынды болатыны анық. Қаладағы адамдар үшін қолайлы ортаны жасанды түрде қамтамасыз етуге үлкен шығындар шығарғанша, «жасыл аймақтарды» қол тигізбестен сақтау экономикалық және энергетикалық тұрғыдан тиімдірек болатынын есептер көрсетті. Көптеген елдер жақын болашақта экономиканы экологиялықүнемдеуші технологияларға аударуды өздеріне мақсат етіп қойды. Ондай елдерге: Швеция, Нидерланды, Жапония және басқалары жатады. Әлемнің әртүрлі елдерінде тұрақты технологияларды пайдаланудың мысалдары: сәндік өсімдіктер мен жидек дақылдарынан «тірі керегелер»; жол жабындарын құру және жаңа ыдысты жасау үшін сынған керамиканы қайта өңдеу; қоқыстарды бөлек жинауға арналған контейнерлер.

Қазіргі кезде экологиялық мэселе оның экономикалық мағынасында — бұл тек қоршаған ортаның ластануы мәселесі ғана емес, өз зардаптары бойынша апатты, қиратушы табиғатты пайдалануды шынайы нарық пен табиғатты қорғаудың шектеулері мен басымдықтарын ескеретін шаруашылық жүргізудің экономикалық және экологиялық тиімді жүйесіне түрлендіру мәселесі.

Табиғатты пайдалану механизмдерінің экономикалық тұрпаттары:

1) Орнын толтырушы (жұмсақ, «қуып жетуші») — экологиялық тұрғыда ымырашыл. Экологиялық бүлінушіліктердің туу себептеріне емес, теріс экологиялық салдарларды жоюға бағытталған. Экономика дамуының техногенді тұрпатына тән.

2) Ынталандырушы — экологиялық теңдестірілген және табиғатты қорғау өндірістері мен іс-әрекеттер түрлерінің дамуы. Оның негізінде нарықтық құралдар жатыр. Жаңа технологиялар негізіндегі өндірістің ұлғаюына септігін тигізеді, табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді («әлсіз тұрақтылық»).

3) Қатаң («тұқыртқыш») — әкімшілік және нарықтық құралдарды пайдаланады және қатаң салық, кредит, айыппұл саясатының көмегімен табиғи ресурстарды пайдалануды үнемдеуге септігін тигізе отырып, олардың табиғи қорын кеңейту аймағындағы белгілі бір салалар мен компаниялардың дамуын тұқыртады («қайратты тұрақтылық»).

Материалдық пайдасыз жинақталатын шығындар мен қалдықтарсыз өнеркәсіптік өндіріс бірқатар салаларда бар, алайда оның үлесі әлі де болса аз. Әйтсе де біз аз қалдықты және қалдықсыз өндіріс мәселелерімен айналысуға міндеттіміз, өйткені қалдықтар жиналуының артып келе жатқан қарқынында халықтың өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар үйінділерінің астында қалып, ауызсусыз, жеткілікті таза ауасыз және құнарлы жерлерсіз қалуы қаупі бар.

Жоғары технологияларды қүрудың негізгі бағыттарын атап өтейік. Энергетикада отынды жағудың жаңа әдістерін кеңінен пайдаланған жөн, мысалы, бөлінетін газдардағы ластағыш заттардың болуын төмендетуге септігін тигізетін қайнаған қабатта жағу, газ шығындыларын азот пен күкірт оксидтерінен тазарту бойынша әзірлемелерді енгізу сияқты; шаңнан тазартудың ПӘК-і мейлінше көп құралдарын пайдалануға қол жеткізу, сонымен қатар пайда болатын күлді құрылыс материалдарын өндіру және басқа да өндірістерде шикізат ретінде тиімді пайдалану.

Тау-кен өнеркәсібінде пайдалы қазбаларды өндірудің ашық және жерасты тәсілінде қалдықтарды толық жою бойынша эзірленген технологияларды енгізу қажет; жер бетіне тек мақсатқа сай құрамдас бөлшектерді шығаруға ұмтыла отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын жетілдірудің геотехнологиялық әдістерін кеңінен қолдану; табиғи шикізатты өндіру орындарында оны қорландыру мен қайта өңдеудің қалдықсыз әдістерін пайдалану.

Қара және түсті металлургияда жаңа кәсіпорындарды құру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңарту кезінде кен шикізатын үнемді пайдалануды қамтамасыз ететін қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық үдерістерді енгізу қажет.

Химиялың және мұнайды қайта өңдеу өнеркәсібінде ірі ауқымдарда оттегіні, азот пен ауаны қолдану арқылы технологиялық үдерістерде қышқылдану мен қалпына келтіруді пайдалану; электрхимиялық әдістерді, газ және сұйықтық қоспаларын бөлудің мембранды технологияларын, сонымен қатар химияның радиациялық, ультракүлгін  және   плазмалық  интенсификация   әдістерін   қолдану қажет.

Экологиялық инновацияларды енгізу. А.В.Борисенко өнеркәсіпті газдарды тазарту технологиясының негізіне қуатты электр өрісінің әсері кезінде униполярлы-иондалған аймақтағы өнеркәсіптік газдарды электр-химиялық жолмен тазартудың жаңа әдісін енгізді, онда газ молекулалары бастапқы элементтерге ыдырауға ұшырайды (мысалы, көмірқышқыл газы көміртегі мен оттегіге бөлінеді). Технология жоғары тиімділікпен (95-99%-ке дейін) өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиялық газ шығындыларын тазартуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін технологиялық газдарды тазарту бойынша әлемдегі бірде-бір тазарту мекемесі мұндай нәтижеге жеткен емес. А.В.Борисенконың бұл әдісі Қазақстан Республикасының 12 патентіне, Еуразиялық 7 патентке, Халықаралық 2 патентке ие болды.

#Табиғи #орта #экономикалық #дамудың #негізі #ретінде

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз