Өндіріс пен тұтынудың қалдықтары | туралы қазақша

0
3
Advertisement

Шығындылар бойынша Қазақстан ТМД-да Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынды алады — жылына адам басына 13,6 т. Еуроодақ елдерінде бұл көрсеткіш 10 т құрайды. Өндіріс қалдықтары — бұл шикізаттың, материалдардың, химиялық қосылыстардың өндіру немесе жұмыс орындау барысында пайда болған және бастапқы қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары. Өндіріс пен тұтынудың қалдықтары қазіргі кезде халық шаруашылығында қолдануға болатын екінші қайтара пайдаланылатын материалдық ресурстар болып табылады. Жыл сайын республикамызда шамамен 700 млн тонна өнеркәсіптік қалдықтар пайда болады, олардың ішінде улысы — 250 млн т. Жинақталатын өнеркәсіптік қалдықтардың үлкен бөлігін (65%) техногендік минералдық түзілімдер (ТМТ) (ашылатын тау жыныстары, қорландыру қалдықтары, кен ішіндегі пайдасыз жыныстар және басқалары) құрайды. Елімізде өндіріс пен тұтынудың 22 млрд тоннадан аса қалдықтары жиналған, олардың 16 млрд тоннадан астамы -ТМТ.

Қазақстанда өндіріс қалдықтары жыл сайын 700 млн тоннаға дейін ұлғаяды

Бұл мәселелерді шешу үшін: ТМТ құрылымындағы пайдалы қазбалардың белсенді қорларын анықтау бойынша зерттеу кешенінің жұмысын құру және ұйымдастыру; қазіргі заманғы зертхана кешендерін пайдалана отырып, пайдалы қазбалардың белсенді қорларын анықтап, егжей-тегжейлі түгендеп тізімдеу және экологиялық-экономикалық бағалау өткізу; ресурстарды үнемдеуші технологияларды қолдана отырып, белсенді қорларды болашақта пайдаланудың техникалық-экономикалық дәйектемесін жасау қажет.

Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) мен ағынды сулар тұнбаларының пайда болуына қатысты мәселелерді бөліп қараған жөн. Республикада 14 млн куб м. аса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған, жыл сайын 2,1 млн куб м. астам жиналады. ҚТҚ-ның негізгі мөлшері құрамдас бөлшектерге бөлінбей, ашық жатқан қоқыс үйінділеріне шығарылып, жиналады, олардың 97%-і табиғатты қорғау және санитарлық заңдар талаптарына сәйкес келмейді. Республикамызда қатты тұрмыстық қалдықтардың 5%-і ғана кәдеге жаратылады немесе өртеледі. Жиналатын қалдықтардың тұрақты түрде өсетін көлемдері жаңа техногендік ландшафтарды құрайды. Олар атмосфераны, топырақты, жерүсті және жерасты суларын улы қоспалармен (сынап, күшән, сүрме және басқалары) ластай отырып, қоршаған ортаның құрамдас бөлшектеріне теріс әсерін тигізеді.

Қазақстанда өндіріс қалдықтары жыл сайын 700 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Өнеркәсіптің улы қатты қалдықтарының негізгі көлемдері тау-кен-металлургия саласының кәсіпорындарында жинақталған. Елімізде олар 5,2 млрд тоннадан асады, оның ішінде: шамамен 4 млрд тоннасы — тау-кен өндірісінің пайдалы жыныстары, 1,1 млрд тоннадан астамы қорландыру қалдықтары, 105 млн тонна металлургиялық қайта бөлудің қалдықтары. Металлургиялық кәсіпорындардың қалдықтарын жинақтаушылар шамамен 15 мың га көлемін алады, олардың ішінде: тау кендерінің пайдалы жыныстары — 8 мың га, қорландырушы фабрикалардың қалдықтары — шамамен 6 мың га және металлургиялық зауыттардың шөгінділері 500 мың га-дан астам. Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға шығындылары жылына шамамен 3 млн тонна, ал су нысандарына түсетін қоқыстар жылына шамамен 2,5 млн тонна құрайды.

Қазіргі кезде өндіріс пен тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу және пайдалану қогамның дамығандыгының көрсеткіші ретінде бағаланады. Мысалы, республикада металдарды екінші қайтара өңдеу нашар дамыған. Тек металлургиялық және тау-кен кәсіпорындары өз қажеттіліктері үшін екінші қайтара қолданылатын металды пайдаланады (үн тартқыш қағырандар, құйма бұйымдар және басқалары). Екінші реттік металдардан халық тұтынатын тауарлар (ХТТ) өндірісі жоқ. Алайда тек 2008 жылы ғана Қазақстаннан 1,8 млн тонна шектерінде 585,4 млн АҚШ долл. сомасына қара металл сынықтары шығарылған.

Дамыған елдерде, орташа есеппен, темірді қайта пайдалану дәрежесі -60%, мысты — 40%-тен астам, алюминийді — 33% шамасында. Жапонияда, жалпы, әртүрлі металдардың 98%-і екінші қайтара қолданылады.

Қатты түрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, канализациялық тазарту құрылымдарының құрылысы мәселелері әлі шешілмеген, жергілікті маңызы бар көлдер мен өзендерде тазарту жұмыстары жүргізілмейді. Кәсіпорындардың қалдықтарды қайта өңдеуі жүйесіз түрде жүргізіледі. Қалдықтарды екінші рет пайдалануды екінші реттік нысандардан пайдалы қазбаларды кешенді шығарып алу бойынша аз қалдықты, ресурс үнемдейтін технологиялардың болмауы тежейді. ҚТҚ қайта өңдеу үшін құрал-жабдықтар шығаратын зауыт салу қажет. Тек Астана мен Алматыда қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салынған, онда қалдықтардың 80%-ін қайта өңдеу, ал 20%-ін көму жоспарланған.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің кеңінен таралған әдістері ретінде төмендегілерді атауға болады:

  1. Биогаз алу — полигондардан биогаздарды шығарып алу, оларды қуат көзі ретінде пайдалану.
  2. Қайта пайдалану (рециклинг) — ҚТҚ сұрыптау, екінші реттік ресурстарды — металдарды, пластмассаны және басқаларын шығарып алу.
  3. Биологиялық қайта өңдеу — ҚТҚ-ны табиғи тыңайтқыштарға, гумусқа қайта өңдеу.
  4. Термиялық қайта өңдеу — кейіннен экобетондау — құрылыс материалдарын өндіру мақсатымен жағу, газификациялау және пиролиз жасау.
  5. Энергетикалық қайта өңдеу — электр қуатын өндіру үшін жылу мен газды ала отырып, қатты қалдықтарды термиялық жолмен қайта өңдеу.

Ағынды суларды тазарту. Елімізде шамамен 10 млн адам су құбырларының орталықтандырылған жүйесіне қол жеткізе алмайды. ҚР 86 қаласында жэне 50 қалалық ауылдарында су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 10419 шақырым қүрайды. Су құбырлары желілерінің және канализациялық тазарту құрылымдарының (КТҚ) жағдайы қанағаттанғысыз, 70%-і табиғи тозуға жеткен. 9 қалада су құбырлары жүйесі мүлдем жоқ. Тазартылмаған ағынды сулар сүзу алаңына немесе жинақтаушыларға ағызылады. Осылайша, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларында жұмыс істеп жатқан тазарту құрылымдары 1,5-2 есе артық жүктеме сезінеді. Осыған орай: ағынды сулардың жұмыс істеп тұрған жинақтаушыларында май-тұнба гумусы өндірісі зауытын салып, технологиялар енгізу және табиғи грант немесе мүліктік жарна ретінде жер-жерлерге қүралдар мен технологияларды беру қажет. Технологиялардың негізгі өлшемдері: ағынды сулар механикалық және биологиялық тазартудан өтеді; май-тұнбаларды ажырату іске асырылады; тазартылған су био және химиялық қайта тазартуға және ары қарай шаруашылық айналымына түседі; майтұнбалар ферментті-кавитациялық реакторға түседі, онда май кавитация мен қышқылдану салдарынан біртіндеп техногенді гумусқа айналады.

#Өндіріс #пен #тұтынудың #қалдықтары

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз