Сырым Датұлы бастаған көтеріліс | туралы қазақша

0

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихы -XIX ғасырдың 30-40 жылдарынан бастау алады. Қазақ тарихының өткен замандарындағы зерттеушілердің көбі қазақ жерінде болып қалам тартқандар. Көбі Сырым Датұлының қозғалысына соқпай кете алмайды. Олардың көбі Патшалық Ресейдің отарлық саясатын жүргізушілер болғандықтан, қазақ жерін өз көздерімен көріп зерттеулер жүргізді. Олар күрестің өзегінде ірі-ірі болған әлеуметтік, саяси себептердің орнына күрестің таптық көзқарасын Ресей империясының мүддесіне сәйкес жазып, күрестің басты қозғаушы күші бұқара халықтың мәнін аша алмады. Сырымның жеке басын әрқилы «барымташы», «патшаға бағынбайтындар», «жыртқыштығымен» көзге түсті деп жазды.

Қазіргі кезеңде қазақ тархын зерттеуде жаңаша тарих методологиясы арқылы, орыс тарихшыларының еңбектерін пайдалана отырып, таптық көзқарастан, «евроцентризм» теориясынан бас тартып тарихи шындықты қалпына келтіруіміз керек. Сырым Датұлының жеке басының кемелдігі, саясаткер және халық мүддесі үшін күресіп, мемлекеттік деңгейде шеше алғандығын жазуымыз қажет. Бірақ, орыс тарихшыларының еңбектеріндегі кемшіліктерін саралай отырып, ұлт-азаттық қозғалысын шынайылықта көрсете білуіміз керек. Қазақ тарихын зерттеуде олардың еңбектері деректік негіз ретінде қарастыра отырып жазылуы қажет. Сырым Датұлы қозғалысының тарихын жазғандар А.И, Левшин, М. Красовский, Л. Мейер, Ф.М. Лобысевич т.б. Бұлардың еңбектеріне талдау жасай отырып, қарастырып өтейік. 

А.И. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегі 1832 жылы Санкт-Петербургтен шыққан. Еңбегінде сол замандағы қазақ даласының табиғаты, шаруашылығы, хандықтың жеке бастарының саясатынан көптеген мәліметтер аламыз. Еңбектің екі томында Сырым Датұлы қозғалысының тарихына арналған. А.И. Левшин отарлық саясаттың қалай жүзеге асыру жолындағы шенеуніктердің қызметтерін жазады. Сырым Датұлы қозғалысына арналған тарауда қозғалыстың шығу себептері, қозғаушы күші және Кіші жүз жеріндегі саяси дағдарысқа талдау жасамайды. Сырым Датұлы мен Нұралы хан арасындағы келіспеушіліктің себептерін ашпай, тек Нұралы хан мен Сырым арасындағы жай араз болғандығынан Сырымның жеке басының құндылығы толық ашылмайды. Еірақ А.И. Левшин еңбегі Қазақ тарихын зерттеушілерге, оның Сырым қозғалысының тарихнамасын зерттеуде, негізгі дерек болғанын жоққа шығаруға болмайды. 1868 жылы «Область сибирских киргизов материалы для географии и статистики России» атты М. Красовскийдың еңбегінде Сырым қозғалысының шығуына сұлтандардың халыққа жасаған зорлығынан деп түсіндіреді. Патшалық Ресейдің отарлық саясатының мәнін ашпайды.

М. Красовскийдің зерттеуі Орта, Кіші жүз қазақтарының турмыс-тіршілігі, дала табиғаты, географиялық мәліметтер беріледі. Қазақтардың құқық негіздері және егіншіліктің жүргізілуі, статистикалық деректер арқылы Орта жүз қазақтарының өмір сүруі кең түрде жазылған. Л. Мейердің «Киргизская степь Оренбургского ведомства» еңбегінде Сырым Датұлы бастаған қозғалысқа тарихи тұрғыдан дұрыс баға бере алған, ол көтеріліске басшылық еткен билер мен ру басыларының әртүрлі тектен шыққандығын және осы әртүрлі топ өкілдігінің ел билеу ісі жөніндегі кері көзқарастарын дұрыс түсіне білген. Жалпы, Сырым батыр бастаған қозғалысының тарихнамасы онша бай емес. Бұлардан басқа өткен ғасырда зерттеу жасап еңбек еткен авторларды атап өтсек Ф.И. Лобысевич -«Поступательноё движение в Среднюю Азию в торговом и военно-дипломатическом отношениях»; А.И. Добросмыслов — «Тургайская степь» атты тарихи очеркі; Я.П. Гавердовский — «Обозрение киргиз-кайсакской степи» және М.А; Терентьев — «История завоевания Средней Азии» еңбектері қазақ тарихын зерттеуге үлес қосып келеді. 

Кеңес тарихшылары Сырым Датұлы бастаған қозғалысқа зерттеулер айтарлықтай еңбектермен толықты. 1920-1940 жылдар аралығында қазақ тарихын зерттеу кең түрде жүргізілді. Олар — A.П. Чулошников, А.Ф. Рязанов, М.П. Вяткин зерттеулері жаңа ой-пікірлер мен деректерге негізделіп жазылды. А.П. Чулошников Қазақ тарихының 1730 жылға дейінгі кезеңіне, сонымен бірге қазақ-башқұрт халықтарының Ресейге қарсы ұлт-азаттық қозғалысына, оған Кіші жүз қазақтарының қатысуы, Нұралы хан саясатына назар аударады.

А.Ф. Рязанов ұлт-азаттық қозғалыстар тарихына ден қояды. Оның Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық күресінен бастап 40 жыл бойғы қазақтардың отарлауға қарсы күресін қамтыған, мұрағат деректеріне негізделген алғашқы зерттеу еді. Сырым Датұлының жеке басының және оның қызметін жоғары бағалап, талантты басшы ретінде халық арасындағы беделінің жоғары болғандығын бағалаған кәсіби тарихшы болды.

Сырым Датұлы қозғалысының тарихын егжей-тегжейлі зерттеген бірден-бір тарихшы М.П. Вяткин «Сырым батыр» монографиясы Ресейдің қазақ жерін отарлауы, оның зардаптары, кіші жүз қазақтарының XVIII ғасырдағы шаруашылығы әлеуметтік құрылымы, қозғалыстың басталуы алдындағы саяси дағдарыс, қозғалыстың барысы және оның кезеңдері кең түрде жазылғандығын көреміз.

М.П. Вяткин қазақ тарихын зерттеуде зор еңбек жасаған ғалым. Ол бес томдық «Материалы по истории Казахской ССР» атты еңбекті дайындауға қатысты. Осы еңбектің 1940 жылы баспадан шыққан еңбектің IV томында XVIII-XIX ғасырдағы қазақ қоғамындағы саяси дағдарыс және шаруашылығы туралы алғысөз жазған. Сонымен қатар 1941 жылы шыққан «Қазақ ССР тарихы жөніндегі» Орынбор генерал-губернаторы А.А. Пеутлигтің өкілі ретінде Сырым Датұлы батырға келіссөз жүргізуге барған Мұхаметжан Хусаиынов муфтидің күнделік журналын КСРО Ғылым академиясынан шығатын «Исторический архив» атты жинақта 1939 жылғы II томында жарияланды.

Белгілі тарихшы М.П. Вяткиннің көп жылдардағы зерттеуінің қорытындысы ретінде 1947 жылы «Батыр Сырым» атты монографиясы жарық көрді. Бұл еңбегі ескеріліп Мемлекеттік, ол кездегі «Сталиндік» сыйлық алды. Ол Қазақстан тарихы ғылымын, оның ішінде, қазақтың тұңғыш ұлт-азаттық қозғалысын зерттеу ісіне қанша үлес қосқанын ұғуға болатын шығар, М.П. Вяткин:

«Тарих мынаны айқын көрсетеді. Ол Сырымның өз халқына білдірген асқан сүйіспеншілігі; өз халқын сатқан ел басшыларымен ешқашан ымыраласпайтындығы; өз Отанының бостандығы үшін оның мемлекеттігі нығайып, дамуы үшін жанын аямай күрескендігі… Қазақтар халық қамы үшін күрескен осы бір батырды ешқашан есінен шығармақ емес» — деп жазған. Бұл ескірмейді, өйткені бұл ақиқат сөз еді.

Әдебиетіміздің ақсақалы Сәбит Мұқанов 1942 жылы шыққан «Қазақтың ХVIII-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихына очерктер» дейтін кітабында Сырым есімін әдебиет тарихына неліктен кіргізіп» отырғанын айта келіп, Сырымнан ілгеріректе өткен Бұқар жыpay патша үкіметінің отаршылдық саясатынан соққан ызғардың алыстағы демінен қалтыраса, Сырым Датұлы батыр сол ызғардан барынша тұншықты, аязынан үсіді. Бұқар жырау отаршылық өртіне алыстан байбалам салып, оның арты неге соғарын данышпандықпен бастаса, Сырым көтерілісі Бұқар жыраудың жырында айтылатын қауіптің расқа шыққанын іс жүзінде дәлелдеді — деп жазып еді. Ақсақал қаламгердің жазғаны-кейінгі қаламгерлерге үлгі болғандай.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс туралы Академик А. Нүсіпбеков «Қазақ ССР тарихының» 1 -томының арнайы тарауын жазып Сырым батыр туралы М.П. Вяткиннің тұжырымын тереңдете түсіп, оның әлеуметтік сипатынан гөрі ұлт-азаттық мәнін нақтылай түсті, шаруалар соғысынан гөрі ауқымды халық қозғалысы болғанын дәлелдеді. Жаңа деректер мен нақтылы көзқарастар арқылы жаңа ғылыми теориялық концепциясын жасады. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы батыр басқарған көтерілістің себептері мен сипаты туралы жазды.

Сырым қозғалысының тарихы жөнінде соңғы жылдарда біраз зерттеулер жарық көрді. Соның ішінде көп жылдардан бері Сырым Датұлының еңбектерін баспасөз беттерінде жариялап, әдебиеттегі, әрі тарихшы Қ. Мұханбетқалиев көп үлес қосып келеді. 1992 жылы 10 шілдеде «Қазақ әдебиеті» газетінде «Сырым Датұлы қазғалысы қалай зерттелді» деген мақаласы жарық көрді. Сырым қозғалысының тарихнамасына орыс зерттеушілеріңің еңбектеріне талдау жасап, жаңаша көзқарас тұрғысында олардың орыс патшасының уәкілдері ретінде талдай отырып, кеймшіліктеріне тоқталып, өз ойы арқылы пікірін білдіреді.

Сырым Датұлы — мемлекеттік үлкен көлемде ойлай алатын басшы, ірі қайраткер ретінде, қазақ даласындағы демократияның негізін қалаушы ретінде қарастырады. Автор демократиялық дамудың бәрі батыстан шыққан етіп көрсетуі, жаңаша көзқраста «евроцентризм» идеясынан бас тартатын уақыт жеткендігін жазып отыр.

Әдебиетші-тарихшы Қ. Мұханбетқалиевтің көп жылғы еңбегінің қорытындысы ретінде 2012 жылы тарихи роман «Tap кезең» жазып бітірді. Еңбекте Генерал-губернатор өткізген жиын және Ұлы мәртебелінің аудиенциясы тарауларында автор патшалық Ресей әкімшілігінің Кіші жүз даласындағы саясаты және Сырымның губернатормен байланыстары арқылы мемлекеттік деңгейде жүргізгенін жазады. Сырым Датұлы батыр мен оның төңірегіне топтасқан Кіші жүздің игі жақсыларының портреттік галереясын жасаған. Сонымен қатар шведтің ақсүйек тұқымьшан шыққан Игельстромның реформасын және жеке басының образы шынайы сомдалған. Өз заманына жаңашылдық енгізіп, Кіші жүзде хандықты жойып, отаршыл аппараттық ықпалын күшейтуге бағытталса да қазақ қоғамын еуропалық (демократиялық) жүйемен жаңартуға негізделгенін жазады. Тарихи роман ретінде бағалауға болады.

Сырым Датұлы туралы баспасөз беттерінде көптеген матери-алдар жазылып, Сырым Датұлының жеке басының шежіресі, Сырымның өлімі туралы, қай жерде жерленгені, ел аузында айтылып жүрген тарихи деректерге сүйеніп жазылған көзқарстар, тарихи шындықтың ақтаңдақтардың анықталуына үлес қосып келе жатқан авторлар көп кездеседі. Оларды атап өтсек: Ж. Муратбаев «Батырдың Сыры» атты мақаласы, автор Қарақалпақ және Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы; Сырымның шешендік сөздерін жазған Б. Атамбаев, Қ. Тасмырзаұлы, т.б. 2004 жылы «Арыс» баспасы Сырым Датұлы атты жинақ шығарды. А. Тағатов «Саржала батырдың сауыты», Ә. Ғабдуллин «Саржала батыр» және Саржала батыр хақында атты мақалалары жарық көрді. Авторы Нұргүл Ерболатқызы Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі.

Сырымның 265- жылдығы қарсаңында Өзбекстанға арнайы экспедиция мүшесі Сырымның бейтін анықтап, топырағын елге алып келген. Сырым ауданының тумасы Жайсаң Ақбайдың «Сырым елі» атты монографиясы жарық көрді. Монографияда Сырым Датұлы ұлт-азаттық қозғалысының көш бастаушысы және Сырымның туған жері кіндік қаны тамған жері Сырым Датұлы (Жымпейты) ауданының тарихы, ата-бабамыздың жерлестері, Қадыр Мырза-Әли, Жұбан Молдағалиевтер туралы мәліметтер беріледі.

#Сырым #Датұлы #бастаған #көтеріліс