Сыныптан тыс іс шара Тәуелсіздік

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Сыныптан тыс іс шара Тәуелсіздік — ел тұғыры

Автор: Мейрамбек Аида Нұрланқызы

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-13


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материал жоғары сыныптарға сыныптан тыс іс шара немесе тәрбие сағаты негізіде өтуге ұсынылады. Тәуелсіздік күніне орай арнайы құрастырылды. Пән мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне пайдалануға болады.




Тәуелсіздік – ел тұғырыТақырыбы: «Тәуелсіздік – ел тұғыры» танымдық сайыс.Сайыстың мақсаты: Қазақстан тарихы пәні бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш. Уәлиханов.Көрнекіліктері: слайдтар, шар, қима қағаздар, плакат т. б.Пәнаралық байланыс: құқықтану,әдебиет.Өтетін орны: Тарих кабинеті.Сайыстың жүру барысы:Жүргізуші: Тәуелсіздік — қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды. Егер Тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп — әлпештеп, құрметтеп ардақтайық! Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін, Отанымыз көркейсін!Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:I — топ. Қыран тобы.II — топ. Бірлік тобы.III — топ. Сұңқар тобыIVтоп. Болашақ тобыЕнді осы топтарға баға беріп, әділ сарайлайтын әділ қазылар алқасымен танысайық.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Сайыс шарттарымен таныстыру:1. Таныстыру2. Әріптер сөйлейді3. Сөз мәйегі4. Жылдар жемісі5. Елші6. Қазақ елі – менің Отаным7. Шығармашылық жұмысАлғашқы кезең «Таныстыру». Әр топтың жетекшілері өз топтарының аттарын, ұранын, өздерін таныстырады.Екінші бөлім «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.А Ә Б В Г ҒД Е Ё Ж З ИЙ К Қ Л М НҢ О Ө П Р СТ У Ұ Ү Ф ХҺ Ц Ч Ш Щ ЪЫ І Ь Э Ю ЯА — Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/Ә — Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/Б — Астана қаласының символы /Бәйтерек/В — 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/Г — Тарихтың атасы /Герадот/Ғ — Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/Д — Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығыін/Е — «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/Ё — Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/Ж — «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/З — Сиырдың пірі /Зеңгі баба/И — Елбасымыздың мамандығы /Инженер — металлург/Й — Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы. /Халифа Алтай/К — Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/Қ — Ж. Баласағұнның XI ғ жазған еңбегі /Құтты Білік/Л — 1959 ж М. Әуезовке «Абай жолы» роман — эпопеясы үшін берілген сыйлық /Лениндік сыйлық/М — Қ. Р «Мәдениет және ақпарат» министрі / Мұхамедұлы Арыстанбек Н — Күйші — сазгер, дирижер, домбырашы / Н. Тілендиев/Ң — 1993 ж белгіленген ҚРҚК әскері құрымының жоғарғы офицерлері, ҰҚК, ІІ, прокуратура т. б органдар басшыларына берілетін орден. /Даңқ ордені/О — Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/Ө — Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/П — Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/Р — 1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам /Р. Бағланова/С — Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы /Сөк/Т — Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/У — Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/Ұ — 1999ж Қазақстанда қандай жыл болып жарияланды /Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жыл/Ү — Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/Ф -«Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Фараби/Х — 2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға /Халық санағы/Һ — Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/Ц — Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/Ч — Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын /Абай/Ш — Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы./Ш. Қалдаяқов/Щ — Биыл тәуелсіздікке неше жыл /27жыл/Ъ -«Семей полигоны» атты кітаптың авторы /К. Бозтаев/Ы — Қазақтан шыққан кескіндемеші қыз /Г. Ысмаилова/І — Көшпенділер трилогиясының авторы /І. Есенберлин/Ь — Қазақстанның ең биік тауы /Тянь — Шань/Э — Халықтардың әдет — ғұрып, салт — дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/Ю — Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі /Ою/Я — Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/3 кезең: «Сөз мәйегі» жарысында мақалдың жалғасын табасыңдар?Тіл тас жарады ——————Тас жармаса бас жарады.Бал тамған тілден ————-У да тамар.Тауды, тасты жел бұзар,————-Адамзатты сөз бұзар.Жақсы сөз ————————жарым ырыс.Шебердің қолы — ортақ,———Шешеннің сөзі ортақ.Өнер алды — —————қызыл тіл.Айтылған сөз — ————атылған оқпен тең.Жылы — жылы сөйлесең,————-Жылан інінен шығады.Басқа пәле — ——————тілден. Тілге құрмет ————————елге құрмет.4 кезең: «Жылдар жемісі» ( Бұл жылдары қандай оқиғалар болды? )Топтар белгілі бір ұяшықты таңдап, ондағы сұраққа жауап береді.1991 жылы 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігі күні.1992 жылы 1 наурыз – ҚР БҰҰ-ға мүше болып сайланды 1993 жылы 15 қараша – ұлттық валюта – теңге айналымға енді1992 жылы 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні.1995 жылы 30 тамыз – ҚР Конституциясы қабылданды.1997 жылы 1 қазан – Қазақстан – 2030 стратегиясы қабылданды.1998 жылы 6 шілде – Астана күні.2010 жылы 1-2 желтоқсан – ҚР Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті.2018 жылы 10 маусым-10 желтоқсан аралығы – Қазақстанда ЭКСПО көрмесі өтті.5 — кезең: «Елші» сайысында жұмбақтың жауабын тауып, үш тілге аудар.1. Асқар тауда қара орман.( ШАШ — ВОЛОСЫ — HAIR)2. Қимылдаса қос шебер, қыруар — қыруар іс өнер. (ҚОЛ — РУКА — HAND )3. Жүзіне салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді. (АЙНА — ЗЕРКАЛО — TIRROR )4. Бетін адам ашады, білім нұрын шашады.(КІТАП — КНИГА — BOOK )6 — кезең. “Қазақ елі – менің Отаным”І — топ. Отан, жер туралы ән.ІІ — топ. Отанға, жерге байланысты мақал – мәтелдер.ІІІ — топ. Отанға, жерге, тәуелсіздікке арналған өлең жолдары.IV – топ. Тәуелсіздік туралы шағын эссе.Топтар дайындалып алғанша, экраннан Асыл Арна каналы ұсынған «Тәуелсіздік күні» атты бейнеклипті тамашалаңыздар.7 — кезең. Шығармашылық тапсырма.1.“Біздің қиялымыздағы рәміз”2.”Біздің сынып”3. “Біз таңдаған мамандық”4.”Менің Отаным – Қазақстан”(Оқушылар өз қиялындағы жобаны жасап, қорғайды).Ән: «Елім менің» (сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов)Әр топтың ұпай саны саналып, жеңімпаздар марапатталады.Мұғалім: Оқушылар осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақсыңдар! Олай болса, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«№126» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пән мұғалімі: Мейрамбек Аида

2018-2019 оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.