Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. А есебі
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. А есебі
Автор: Алипова Газиза Сабитовна
Бағыты: Басқа Бөлімі: Басқа Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-16
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
- Механикалық есте сақтау – сабақ барысында айтылған фактілерді өмірде қолдана алуы.
- Декламация – сабақты қортындылау кезінде тест сұрақтары арқылы тарауды қайталап еске түсіру .
- Нұсқаулық- оқушыларға қалай жұмыс жүргізуге түсіндіруге бағытталған.
- Талқылау- кез-келген мәселені шешу барысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісу.
- Диалог- түсінгендері мен ойларын тездетіп жеткізуге ықпал ететін құрылымдалған кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы мақсатқа жету.(мұғалімдерге арналған нұсқаулық – 47 бет) .
Осы айтылған бес үлгіні оқушы бойында табылса бұл ұстаздың ең биік жетістігі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту және оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір алмасуға , бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, қиын мәселенішешу жолдарын ізденуі , қиындықты жеңуге бағыттайтын бағдарлама.Оқушының бойына өзіне деген сенімділікті арттыратын бағдарлама. Мен « Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің әдіс— тәсілдерін сабақтарымда жиі қолданамын. Мысалы 7— сынып география сабағымда « Солтүстік Америка материгіне саяхат » тақырыбында АКТ — ны пайдалана отырып , сол материктің ерекшеліктерін , жануарларын , ең әсем , көрікті жерлерін көру арқылы оқушылырым қызығып сол жерге барып қайтқандай болдық .суреттерді көрсету арқылы оқушының бойында сын тұрғысынан ойлануға бағыттайды. Тағы сол жерде нелер бар екен деп әрі сабаққа деген ынтасы мен пәнге деген қызығушылығы артады. Сыни тұрғыдан ойлау модулін екі мағынада қарастырдым: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Модул өзара екеуін де дамытуды қарастырады. Сын тұрғысынан ойлау әдісі нақты ділелдер мен мәнмәтіндерді , тұжырымдар мен әдістерді және критерилерді қолдана алатын, нысаналы , өзін реттей алатын ойлау арқылы көз алдына келтіре алуға бағыттайды.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты , дәлірек айтсақ : тыңдау мен зерттеу арқылы оқу , мәнмәтінге көбірек көңіл бөліп , шешім қабылдау кезінде тиісти өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса , мұғалімдер : білім беру мен оқыту үдерісін түсіндіру үшін қажетті теориялық білім ; қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек. (Мұғалімдеге арналған нұсқаулық -46 бет)Сыни тұрғыдан ойлау маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Мен осы бағытты басшылыққа ала отырып, мектептегі тәжірибе кезінде 7 «а» сыныпқа география пәнінен тізбектелген сабақтар жүргіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасын құру барысында оқушының сыни ойлауын, сындарлы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданып бірнеше сабақтар өткіздім. Онда «ДЖИГСО» әдісін, , «Сұрақ мене жауап сізден » әдісі, « Материктегі сұрақтар» әдісі, «Ыстық орындық» , «Топтастыру» , «Шаттық шеңбері» «Ұшақтағы сұрақтар »әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстары жүргізілді. Сабақтарымды меңгертуде тек пәндік білім беріп қоймай, оқушылардың жүйелі ой, оқу мен жазу сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылыққа баулуда осы стратегиялардың орны ерекше болды.«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда қолдануда мен мақсат қойдым. Балалардың осы кезге дейін сыныпта және өмірде қалыптасып қалған дәстүрлі өз ойларын ашық айта алмау, әрдайым сыни тұрғыдан ойламағандықтан көзқарастар қайшылығының туындамауы сияқты келеңсіздіктерді жоюға тырыстым. Оқушының алдына ұсынылған әрбір мәселеге, бергі сыртқы көзқарас тұрғысынан қарап қана қоймай, оның ішкі мәніне сыни көзқарас тұрғысынан терең үңіле қарауға бағыттау. Өзімнің жүргізген тізбектелген сабақтар топтамамда алғашқы сабақтан бастап, соңғы сабағыма дейінгі кезеңде оқушыларды сын тұрғысынан ойлану принциптеріне баулу арқылы лидерлік қасиеттерді қамтамасыз етуге тырысу. Яғни, балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек . Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымда «Солтүстңк Америка материгінің ерекшеліктері» тақырыбына байланысты «Солт.Америка», «Еуразия», «Африка» атты үш топқа бөліп алдым. Дьюдің «Сұрақ-сыни ойлаудың кілті» деген пікіріне сүйене отырып, үй тапсырмасын тексеруде өткен тақырыпты «Материктегі сұрақтар» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни қабілеттерін байқағанды жөн көрдім. Е оқушы бір сұрақ алады, қойылған сұрақтарға өз ойын нақты дәлел келтіре отырып айтты. Осы кезде оқушының сыни ойлау қабілетінің жоғары екені байқалды. Әр тапсырма сайын оқушылар бірін -бірі «Бағдаршам»арқылы бағалап отырды. «Түртіп алу» әдісінде тақтада жаңа сөздер берілді, осы жаңа сөздерді оқушылар дәптерлеріне түртіп алып отырды. Келесі тапсырмада «Айналмалы бекет» әдісі бойынша топта өз бетімен материктің ашылуы мен зерттеліу, шеткі нүктелерін меңгерілді. Барнстың (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына да соншалықты әсер ететінін айтады. Келесі тапсырмада оқушылар, «Сұрақ менен — жауап сізден» әдісі арқылы жұптасып диалог құрастырды. Сабағымды қорытындылау мақсатында әр оқушыға жекеленген деңгейлік тапсырма орындау берілді. Бұл тапсырма «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланды. Алғашқы сабағымда түрлі әдістерді пайдалану арқыл сыни тұрғыдан ойланатынын байқап , оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында келесі сабақтарымда одан әрі қарай жандандырып сабақ өтуді көздедім. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы топқа бөлу арқылы оқушылар өздеріне жауапкершілік жүктелгенін сезініп алға ұмтылыс қалыптасып ,сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар өз ойларын ашық әрі емін-еркі бүкпестен жеткізе алатын болды. Алдағы уақытта осы жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді барынша түрлендіріп, болашақта барлық сыныптарда, барлық сабақтарымда түрлендіріп, жаңғыртып отырамын. ХХІ ғасыр мұғалім ретінде Тәуелсіз Қазақстанның болашақ жас ұрпағын әлемдік өркениет стандартына сай білімді саналы сыни тұрғыдан ойлай алатын парасатты азаматтармен азаматшаларды тәрбиелеп шығаруға өз үлесімді қоссам деймін.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.