Сүйкімді күшік балабақшадағы ашық сабақтар
Дәлелдеу.
Шаттық шеңберін жасау.(Күн шуағын шақыру)
Біз айнала тұрамыз
Үлкен шеңбер құрамыз.
Жәй жүреміз алдымен
Бірте-бірте тездетіп.
Жүгіреміз желдетіп
Тағы жәймен жүреміз
Тыныш-тыныш деймізде Орнымызға келеміз. (Қимылмен жасайды)
Қыңсылаған дыбыс шығады. Есікті ашып қараса, кішкентай күшік келіп тұр.
Балалар күн шуағын шақырып, бір –біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.
Балалар күшікті көріп таң қалады.
Ұйымдастыру, іздену.
Тәрбиеші балаларға күшікті таныстырады.
-Балалар, бұл не? Бұл кішкентай сүйкімді күшік. Қандай әдемі, жүні жұмсақ, көзі бар, мұрны, құлағы, кішкентай құйрығы бар.Өзі ала, қара мен ақ араласқан, табандарыда жұмсақ. Қане балалар, бұл күшіктің атын білмейміз. Ендеше ат қоямыз. Не болсын? Төсі ақ- ақтөс болсын ба? Әлде табаны ақ Ақтабан болсынба?
-балалар бұл күшік үйінен адасып шығып кеткен, қарны ашқан болу керек, бәріміз тамақтандырайық.
Өлеңін оқу:
Күшігім менің үріп тұр
Бір нәрсені сезіп тұр
Есікті ашып қарасам
Атам. Әжем келіп тұр.
Сұрақтар қою:(осыған сергіту сәтіде кіреді)
Балалар күшік ашуланса қайтеді?
Бірдеңені сезіп қалса нестейді?
Қатты жүгіргенде қайтеді?
Күшік қалай демалып жатады?
Күшігіміз сүтке тойып алды. Енді жылы үйшік керек. Біз күшікке үйшік жасап беріп қамқорымызға алайық. Мен Ақтөсті суретке түсіріп алдым әр қайсысын өз күшіктеріңе үйшік жасаңдар. (үшбұрыш, төртбұрыш, жарты дөңгелек)
«Қуыспақ» ойынын ойнайды.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Күшікпен жақсы танысады.
Күшікке Ақтөс деп ат қояды.
Күшікке аяушылық білдіріп, сүт береді. Күшіктің тамақтанғанын көріп балалар қуанады.
Өлеңді қайталап айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.
Балалар геометриалық пішіндерден күшікке үйшік құрастырады.
Күшікпен қуыспақ ойынды қызыға ойнайды.