Сөздердің ағылшынша оқылуы транскрипцияның көмегімен
Ағылшын тілінде, қазақ пен орыс тілдеріндегідей әрбір әріп бір дыбысқа ие емес. Мысалы cat сөзі кәт деп оқылады, ал nice сөзі найс деп оқылады. С әрпі екі жерде екі түрлі боп оқылады. Бұны ұмытпаңыз!
Сөздердің ағылшынша оқылуы транскрипция арқылы жүзеге асырылады. Алдымен мына видеода ағылшын алфавитіндегі әріптерінің оқылуын тыңданыз:
Ағылшынша транскрипция арқылы оқу, транскрипция деген не?
Ағылшынша сөздерді транскрипция арқылы оқи аламыз, сөздердің транскрипциясы екі тік жақшаның арасында жазылады, мысалы cat сөзінің транскрипциясы — [ kæt ], k — қазақша к деп оқылады, æ — қазақша ә-ге ұқсас оқылады ал t — қазақша т боп оқылады. Транскрипция дегеніміз осы.
Транскрипцияда кездесетің символдардың оқылуын мына видеодан көре аласыз:
Ағылшын транскрипциясында әрбір символ, тек бір ғана дыбысқа ие болады.
Ал ағылшынша сөздерді сөздік арқылы таба аласыз, мысалы біздің ағышынша сөздігімізде.
Пән: Ағылшын тілі