Шығындардың экономикалық элементері | Скачать Курстық жұмыс

0
417

Жоспар

Кіріспе

1 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны

2 КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСІНІҢ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
2.2 Орташа және шекті шығындар. Шекті,орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3

6
6
9

16
16

17

24
26

Кіріспе

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокқа сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар – бұл кәсіпорын көзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметін анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді.
Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдын ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.
Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.
Өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Сыныптау белгілері.
Шығындардың бөлшектенуі.
1. Экономикалық элементер.
2. Өзіндік құнның статиялары.
3.Технологиялық процестерге қатыстылығы.
4. Құрамы.
5.Өнімнің өзіндік құнына қатысудын тәсілі.
6. Өндірістік процестегі рөлі.
7. Мақсатқа сәйкес жұмсау.
8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі.
9. Өнімнің көлеміне қатысы.
10. Шығу мерзімділігі.
11. Дайын өнімге қатысы.
Шығындардың экономикалық элементері.
Өзіндік құнның калькуляция статиялары.
Негізгі қосымша.
Бір элементтік, кешендік.
Тікелей, жанама.
Өндірістік, өндірістен тыс.
Өндірістік, өндірістік емес.
Жоспарлы, жоспарсыз.
Тұрақты ауыспалы.
Күнделікті бір жолғы.
Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары.

Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезендегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті зайымдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т. б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы: еңбекақы шығындары, шикі заттар, отын, энергия көлік қызметі және т. б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтң елеулі манызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқару мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалай) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері: шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т. б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен-өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т. б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.
Курстық жұмыста кәсіпорын шығындар классификациясы қарастырылған. Сондай-ақ кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері, өндірілетін өнімнің өзіндік құны, өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары сияқты мәселелерге тоқталдым.
Шығын деген ұғымды түсіну үшін ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың бухгалтерлік балансында материалдық емес активтер бабының құрамында ұйымдастырылу шығындары ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы Өндірістік шығындарына аналитикалық есепті ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өндіріске жұмсалған шығындар өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса Өндіріс шығындары сату шығындарын қоса қамтиды. Осыдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдарын актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі.
Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығындарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығындар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Осы курстық жұмыстың мақсаты – өндіріс шығынын азайту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыратын іс – шаралар кешенін ұйымдастыру болып табылады.
Осы курстық жұмыстың қамтитын мәселелері – жалпы өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары, орташа және шекті шығындар айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынастар қаралған
Курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер тізімі, кезекті басылымдар қолданылған.

1 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері

Шығындар туралы сан түрлі тұжырымдар мен концепциялар бар, оларды зерттеумен саяси экономиканың классиктері де айналысқан. Абсолюттік шығындар туралы түсінікті енгізген А. Смит болды, ал салыстырмалы шығындар туралы түсінікті Д. Рикардо енгізген. Шығындар деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратының көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай өлу – еңбек шығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталисттік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принціптерінің біреуі болып табылады.
19 ғасырдың соңында бірнеше жаңа конепциялар пайда болды. Маржиналисттер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналисттік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теоиялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады-тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коуз енгізді. К. Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционерлер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.
Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді.
Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады.
Айқын емес шығындар(implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе айырылып қалған мүмкіндіктерінің (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі. Мысалға ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу – нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.
Айқын (бухгалтерлік) шығындар плюс айқын емес шығындар – бұл экономикалық шығындар.
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен бірге өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік салаға жұмсап, одан алуға болатын табысты да қамтиды.
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және айнымалы.
Тұрақты шығындар (fixed costs FC) – осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, т.б.
Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп бөлінеді. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Бұған жұмыскерлердің еңбекақысы, шикізатқа, қуатқа, көлік шығындарына жұмсалған шағындар және т.б. жатады. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындардың өтелуі тиіс, ал айнымалы шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып басқара алады.
Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы өндірістік шығындардың жиынтығын құрайды.
Өнім шығарудың әртүрлі шығын түрлеріне анықтама береміз.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС – оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы түсініледі.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар айнымалы шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. –
Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілетін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа , негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т.с.с.
Шығындар дегеніміз – шаруашылық іс – әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдар мен керек жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге арналған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, шығындар ұғымы өндіріске шыққан шығындар дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар – өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тқтынылған ресурстар бөлігі.
Кәсіпорынның қызметінің мақсаты – өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Шығындар – өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметі) өндірумен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: Айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
1. Айқын шығындар ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар.
2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) – ол ресурстарды пайдаланудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе төлемейтін шығындары.
Өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын немесе Айырылып қалған мүмкіндіктерінің (алынбай қалған пайдасының ақшалай төлемі).
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөліне алады: тұрақты және айнымалы.
Тұрақты шығындар – ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес мынандай шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, негізгі капитал амортизациясы, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, пайымдар бойынша пайыздар.
Фирманың айнымалы шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Оған: шикізаттардың, материалдардың, арзан бағалы және тез тозатын заттардың шығындары, өндіріс жұмысшыларының еңбек ақылары, өндіріс жұмысшыларын әлеуметтік сақтандыруға арналған ақша шығындары кіреді.
Курстық жұмыстың мақсатының бірі кәсіпорындағы шығындардың көлемін азайтып, көп мөлшерде пайда табу.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарған кызметін қай мерзімде жазылғанын және оған қандай молшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады. жылды зиянды аяқтаған болса 5400-Бөлінбеген кіріс-шот кредиттелініп, 5410-Есептік жылдың пайдасы-деп аталатын шот дебеттелінеді атылған тауарлардың (қызметтердің, жумыстардың) өзіндік құнының есебі.
Тұрақты шығындар ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес мынадай шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, негізгі капитал амортизациясы, үй жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, зайымдар бойынша пайыздар.

1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны

Кәсіпорының іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі – өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілеті шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның себебіне өндірілетін барлық элеиентердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құның манызды элементері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статиялары.
Сонымен қатар кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау-бұл шығындар кәсіпорының қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай манызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінің анықтайды. Өзіндік құнының манызы оның орындалу функциаларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнының негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы.

Жалпы табыс.
Материалдық шығындар.
Еңбек ақы
Пайда
Өндірістің шығындары (өзіндік құн)
Таза табыс
Өткізу көлемі.

Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген қөзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда терреториялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады.
-шығындардың бастапқы элементерімен;
-пайда болу және міндет жүктеу сипатымен;
Экономикалық элементердің шығындарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні-әрбір шығының элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төменгі шығын элементері бөлінеді.
-материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамына шегеру);
-еңбекақыға жұмсалған шығындар;
-әлеуметті сақтандыруға аударым;
-зейнетақы қорына аударым;
-жұмыспен қамтылу қорына аударым;
-амортизация;
-басқа да шығындар;
Шығындарды жүйелі түрде төмендету- кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
-ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
-өндіріс және еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;
-экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру-бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сыныптамасы.

Өзіндік құнды төмендету резервтері

Пайдалану уақыты

Орында пайда болуы бойынша

Ағымдағы

Келешектегі

Халық шаруашылығы, село.

Кәсіпорын

Цех

Участок

Жұмыс орны

Үнемдеу көздері

Өзіндік құнының өзгеру факторлары

-Нақты еңбекті ұтымды пайдалану
-Өнімнің материалды қажетсінуін төмендету
-Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту

-Өндірістің техникалық деңгейін жақсарту
-Өндірісті ұйымдастыру және еңбекті жақсарту
-Өндірілген өнімнің құрылымы мен көлемінің өзгеруі
-тағы басқа факторлар

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да манызы зор.Мәселенің былайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен териалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизідерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құның төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалану жақсартудың, екіншіден айналым өндіріс қордарды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден қазіргі еңбек шығындарының нәтижиелігін жақсартудың есебінен артыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәрбие жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектін шығының үнемдеу. Қазіргі кезде нақты еңбекті үнемдеудін экономикалық дамуы қоғамды еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтежие береді. Қазіргі танда өндірісті ұйымдастырудың жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оламды экономикалық жағынан ынталандыру және т. б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогрес жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату- еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектін үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
-Өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
-Өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
-Басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
-технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту т. б.
Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның қорлану көздерінің (міндеттемелерінің) есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеппен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады.
-нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
– нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәләметтерімен салыстыру;
-есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау;
Жалпы кәсіпорындарға мүлікті және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын мүліктер дегеніміз- бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқа да қаржы активтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге – банк несиелері, зайымдар және тағы басқа кредитолрлық борыштар жатады.
Түгендеуге кәсңпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлік пен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа да мүліктердің мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған, қайта өңдеуге алынған және басқадай мүліктер), сондай-ақ қандай бір себептермен есепке алынбай қалған мүліктер жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтежиесінде кемуі, өлшеу мен операциаларды ресімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағы басқалар.
Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақытылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады. Ол қысқа мерзім ішінде нақты қолда бар құндылықтардың толық және дәлме-дәл тексерілуін қамтамасыз ететіндей етіп жағдайлар жасауға міндетті (жүктерді өлшеу мен тасу үшін жұмыс күшімен қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс істейтін таразы жабдықтарымен қамтамасыз ету).
Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеудін міндетті түрде жүргізу қажет болған жағдайда басқа ретте ұйым басшысымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндеті болып табылады.
-ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда, … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz