Шығарма: Ұлыс күні — Ұлы той! | шығарма Ұлыс күні — Ұлы той! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Ұлыс күні — Ұлы той! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе Ұлыс күні — Ұлы той! шыгарма жоспар, Ұлыс күні
Әрбір қазақ шаңырағы бұл күні жыл бойы тоқшылық болсын деген ниетте жеті түрлі дәмнен Наурыз көже жасап, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар орындалады. Бұл мерекені халқымыз бір ай көлемінде атап өтеді. Және де бұл мерекенің нышаны достық, бірлік болғандықтан, араздасқандар татуласып, ағайын-туыс, дүйім халық ауызбіршілікте болады.
Қазақстанда ресми түрде Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері тойланып келе жатыр. Кеңестік тар заман кезінде ұлтымыз өзге де дәстүрлермен қатар бұл мерекеден де қол үзіп қала жаздады. Бірақ, дер кезінде тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, ғасырлар бойғы ата-баба дәстүрін қайта жалғап, тілімізді, дінімізді, мәдениет пен дәстүрімізді жойылу қауіпінен арашалап қалдық. Қайта оралған дәстүрлеріміздің қатарында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі де бар. Бұл мереке қайта қатарға оралғаннан соң осы мерекемен бірге көптеген әдет-ғұрыптарымыз қайта жандана бастады.
Сонымен қатар алдағы уақытта Наурыз мерекесі түркі тілдес халықтардың ұсынысы бойынша халықаралық ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне кіреді деп күтілуде. Бұл жаңалық Наурыз мейрамы ортақ барлық халықтар үшін қуанышты хабар болмақ. Себебі салт-дәстүр елдің елдігін көрсететін бірден бір құндылық болып табылады, сондықтан салт-дәстүрдің ұмыт болмауын қадағалау, әлемдік деңгейде насихаттап, қорғау қай елдің болмасын елдігін асқақтатып, қуашынқа бөлері сөзсіз.
Наурыз мейрамы өнер ордасы саналатын Амантоғай ауылында да жоғары деңгейде аталып өтіледі. Ежелден келе жатқан түрлі ойындар ұйымдастырылып, халыққа ұлттық тағамдар ұсынылады. Сонымен қатар білім ордасының өнерпаздары мен ауыл тұрғындарынан құралған шығармашылық ұжым халыққа әннен тарту жасайды. Бұл шаралар біздің мекенде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп отырады. Ондағы мақсат қазақ елінің ұлттық мұраларын насихаттап, ұмыт қалмауын қадағалау. Жас ұрпақтың бойына елге деген,мәдениетке деген жанашырлық отын тұтату.
Достығымыз жарасқан көп ұлтты еліміздің бірлігі нығайа берсін. Салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетіміз жас ұрпақ бойынан орын тапсын. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет алып келсін. Наурыз мерекесі құтты болсын!