Жұлдыздар жарысы: «Өнер» барысында кімдер жеңіске жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

«Өнер барысы» республикалық турнирінде Сырымбет Бибосынов ауыр салмақта жеңіске жетті. 

Ал, Асылхан Төлепов жеңіл салмақтағы «Өнер барысы» атанды. Ол Аян Өтепбергенмен жекпе жекке шықты. 

Сырымбет әнші Ардақ Байғабылмен белдесті. Сырымбет Ардақтан басым түсіп, ауыр салмақтағы «Өнер» барысы атанды. 

Еркебұлан Дайыров актер үшінші орынды иеленді. Еркебұлан Дайыров театр актері Азамат Шарғынмен белдесті. Азамат Шарғын Еркебұланды жамбасқа салып, жеңіске жетті.

Дәл осындай жеңіспен жеңіл салмақтағы қола жүлдені «Жайдарман» ойыншысы Абай аязбаев жеңіп алды. Ол Хамит Ердеханмен белдесті. 

Жарысқа Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин қатысты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz