Шығарма: Мен сенемін!

0

Шығарма: Мен сенемін! казакша Шығарма: Мен сенемін! на казахском языке

Маденятова Елдана
5 сынып, №24 мектеп
Жетекшісі: Кошкимбаева А. С.

Бұрын мен Отан, туған жер, Отанды сүю деген сөздердің мән-мағынасына көп көңіл бөле бермейтінмін. Анам: «Шіркін, қанатым болса ғой, туған ауылыма ұшып барып келетін»- деп тебіреніп айтып отырғанда, мен оны түсінбейтінмін. Бірақ өсе келе, өзім де алысқа кетсем, туған қалам- Астананы, туған көшемді, үйімді, тіпті көршілерімді сағына бастаған сәтте, Отан не екенін білгендей болдым.Менің ойымша, отансүйгіштік сезімі адамда туа біте пайда болатын қасиет. Бұл сезім сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады. Бала есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл өмірінде жалғасып жатады.Мен Қазақстанда туып, қазақтың жерін басып жүргеніме мақтанамын.Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Өйткені,Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю — әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
Атажұрт… Атамекен… Отан… Қазақстан…
Бұл асыл сөздер әр қазақ баласының құлағына асқақ естілер. Естіген сайын бойына күш , жүрегіне қуаныш, көңіліне жылу берер сөздер. Мақтаныш сезім мен еліне деген сүйіспеншілік сезімін ұялатар сөздер. Атамекеннің көркеюі, гүлденуі сол жерде туып-өскен адамдарға байланысты. Қазақстанның бүкіл дүние жүзіне әйгілі болуы, ендеше, бізге, қазақстандықтарға байланысты. Қазақстан бүгінде даму үстінде. Ол өзінің табиғатының әсемдігі мен байлығымен ғана емес, халқымен, халықтың істеп жатқан игі істерімен де танымал.
Қазақстан Республикасы — өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Сондықтан Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың еліміздің өркендеуіне, халқымыздың өсуіне өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Ол дегеніңіз, болашақ жастар, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Патриоттық сезімнің оянуын белгілі бір асқақ сезімдерден,мысалы: мақтаныш — сүйініштен бөле — жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу деп білемін.
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Мен тезірек ержетіп, үлкен өмірге араласатын сәтімді асыға күтудемін. Өйткені Қазақстанның намысын қорғап, елімнің артқан сенімі мен үмітін ақтаймын деп сенемін!
Сонымен қатар алыстанкелген қонақтардың менің Отанымды, менің Астанамды көріп таң қалатынына, халқымызбен, салтымызбен танысып қызығатынына сенемін!Өйткені қазақстандықтар әрқашан өзінің татулығымен, бірлігімен, қонақжайлылығымен әйгілі.
Қазақстан, Астана туралы әлі көп уақыт естеріне қуанышпен, сағынышпен алатындарына сенемін!
Мен болашақтан көп нәрсе күтемін!


Полную версию материала можете скачать через !!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!