Шығарма: Мәңгілік елдің – мәңгілік тіл
Мұхаметжан Ақбөпе
9 сынып, Шөптікөл орта мектеп
Баянауыл ауданы
Жетекшісі: Абилова Г. Н.
Он жетінші қаңтар ― қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Елбасы Қазақстан халқына жаңа «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын жолдаған болатын. Осы жолдаудағы Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір сөзі жүрекке жылылық ұялатып қана қоймай, біздің болашаққа деген сенімімізді еселей түсті.
«Қазақстан – 2050 стратегиясы » болашақта бізге жол көрсетер бағытымыз екенін барлық жастар біледі. Жолдауда айтылған барлық бағдарлама біз үшін өте қымбат. Көздеген мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасайтынымыз бізді қатты ойландырады. Бұған жастардың қосар үлесі мол. Бізді қуантатын жағдай ол – халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарғандығы, ол –Елбасымыздың халық жағдайын бірінші орынға қойғандығы. Қазір өрлеу жолында болғандықтан, дамыған 30елдің қатарына кіру бәсекелесі – басты мақсат. Жаңа Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда! Біздің бойымызда патриоттық рух Отанға деген құрмет сезімімізді оятып, әр жастың бойына жігер берді.
«Мәңгілік ел» қатарынан Қазақстанның өшпес орнын табуы Елбасмыздың дұрыс саяси бағытына байланысты. Елдігіміз бен бірлігіміз шыңдалған бұл шақта Қазақстанның «мәңгілік ел» болып қалуына өз үлесімізді қосамыз. Сонымен қатар дамушы елдер қатарынан инновациялық технологияларды қолдана алатын жаңа Қазақстан құрамыз. Бұл жолдау жүрегімізде үміт отын жандырды. Елбасы өз жолдауында студенттердің шәкіртақысы және білім қызметкерлерінің жалақысы өскендігі жайлы айтты. Яғни білім жіне ғылымға аса зор көңіл бөлді.
Елбасының тілге жасаған қамқорлығы ұшан-теңіз екендігі жалғыз қазақ ұлтына емес, жалпы қазақстандықтар жақсы біледі. Сондықтан да тіл саясатын қадірлейді, қолдайды.
«Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін», – деген екен қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы. Бүкіл әлемдік дағдарыс жағдайында ертеңін ойламаған елдің есесі кетеді. Ал » Қазақстан – 2050 » стратегиясы ендігіде қазақ мемлекеті үшін темір қазық іспеттес, қай кезде де жол сілтей тұрмақ.
Мәңгілік ел » идеясына қатысты пікір білдіретін болсам, менің ойымша, бұл ішкі саяси, экономикалық, халықаралық қорғаныс, ұлтты сақтайтын қорғаныс идеясының туындады деген ойдамын.
Біздің күш-қуатымыз – біздің дәстүрлерімізде, біздің тарихымызда, біздің қазіргімізде, болашағымызда. Біз – әлем таныған елміз. Біз Қазақстандықтармыз.
Қазақстан – 2050 «- біздің еліміздің даму жолы, біздің күш-қуатымыз. Бұл сөздер әр отандасымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін оятпақ.
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар: Ана тіліміз мәңгілік Елбасымызбен бірге мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттық ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз ат салысуымыз қажет » , — деп ой түйді Н. Назарбаев. Бұдан артық айту мүмкін бе?! Шынымен, ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымне өзін қамшылауы тиіс. Сонда ғана қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналады.
Кез келген елдің мемлекеттілігін айқындайтын негіз қалаушы фактор оның тілі болып табылады. Тіл – мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды – қызыл тіл», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.
Тіл –халықтың жаны ,сәні, тұтастай кескін – келбеті,болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі.
Бүгінгі күндерде ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да, көпшіліктің арасындағы саңырауларға әлі де болса самалы тимей жатқаны, жасырын емес.Қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді.
Тілді шұбарлау –арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлидің :
Ана тілің –арың бұл,
Ұятын боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
деген өлең жолдарын айта кеткім келеді.
Ана тіліміз – бізідң ең басты байлығымыз. Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында , қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан жүргізілетін барлық іс қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз – өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз.
Біздің тіліміз –ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз,өз атамекенімізде жүргендіктен,өз тілімізде сөйлеу –басты парызымыз
Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруі міндетті.
Қорыта келгенде, елбасының «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында айтылған » Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру, осы идеяның басты тағаны ретінде қазақ тілін дамыту – әр қазақстандықтың парызы мен алдағы жұмыстардың нақты бағыты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға қойған ұлы міндеттерді іске асыру, қасиетті қазақ жерінде парсатты қоғам құру мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұйысуымыз, жұдырықтай жұмылуымыз керек.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!