Өтеген Күмiсбаев | өмірбаяны

0

Өтеген Күмісбаев (20.5.1939 жылы туылған, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдение ауылы) – ақын, филология ғылымдарының докторы (1990). ҚазМУ-дың (1963, қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде, «Социолисттік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде (1963–69), КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында (1969–74) қызмет атқарған. 1974 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылылми қызметкер, ҚазҰУ-де оқытушылық қызметте болды. 1989 жылы «ХІХ–ХХ ғғ. қазақ және парсы әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 жылы жарық көрген. Поэзия, проза және аударма (Ә.Х.Дехлеви, М.Рыльский, Р.Ғамзатов, Қ.Күлиев, В.Рождественский) саласында жемісті еңбек еткен. Шығыс және қазақ әдебиетінің байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997), т.б. монографиялары жарияланды. Күмісбаев 500-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Жазушының кейбір туындылары қырғыз, башқұрт, украин, белорус, ағылшын, поляк, араб тілдеріне аударылған. Қазақстан Журналисттер одағы сыйлығын алған.