Шуақты көктем

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Шуақты көктем

Автор: Оразбаева Айжан Сериковна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-16


Материал туралы қысқаша түсінік

мұғалімдерге көмекші құрал ретінде қажет деп білемін




Білім беру саласы: Таным, Коммуникация Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: Шуақты көктем Мақсаты:балалардың санасында табиғатта көктемде болатын құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінігін кеңейту; байқампаздығын дамыту. Көктемде табиғаттың оянуына, оны қызықтауға деген ынтасын ояту. ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуен барысында бақылау жүргізу, иллюстрацияларды қарап шығу, жануарлардың тіршілігі туралы, көктемде табиғатта болатын өзгерістер жайлы əңгімелесу, көктем туралы тақпақтар жаттау, қимыл-қозғалыс ойындары. Құралдар мен материалдар:қарға арналған қалыптар, иллюстрациялық материал,үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш Сөздік жұмыс:ала қар, сел, жылға, көгал. Билингвалды компонент: көктем – весна

ҰОҚ кезеңдері Педагогтің басқарушылық қызметі (əдіс, тəсілдер) Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыруқызығушылықтарын ояту Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады. Балаларды балабақша ауласына шығуға шақырады. Балалардың тəжірибесін нығайту. Балалардың назарын табиғатта болатын өзгерістерге аударады. Балабақша ауласында қандай тіршілік иелері барын сұрау? (Тыныс алады, қоректенеді, қозғалады, өседі). Балалар жанды заттарға қамқорлық жасағанды жақсы көреді (тамақ береді, су құяды, су шашады т.б.). Ал жансыз заттарға оның қажеті жоқ па? Адамдарға аса қажетті жансыз заттарды табыңдар. Далада қандай жансыз заттар бар? Үйлер, жолдар, тастар, көліктер. Ал, адамдар не үшін үй салды? Оны кім істеді? Құрылысшы мамандығын еске түсірулерін сұраңыз. Балаларға адам қолымен жасалған жансыз заттардың бəрінің бізге қажеттігін түсіндіріңіз. Серуенге шыққан кезде заттарды зерттеуге шақырыңыз (қатты, салқын, биік, аласа т.б.

Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен. Гүлжазира жарасқан Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)

Даладағы отырғыштар (демалу үшін), бəтеңке (аяқтарымыз тоңбас үшін), веранда (жаңбыр тиіп су олмас үшін) жəне т.б.Бала заттың атауын атаған кезде оның не үшін керектігін түсіндіруі тиіс

Ізденістікұйымдастырушылық Балаларды көктемде табиғатта тағы қандай өзгерістер болатынын сұрайды. Балаларды саяхатқа аттанып, өте мұқият жəне байқампаз болуға шақырады. Көктемнің күні, сүңгі, қар ауа, шалшық су, аспан, ағаш, құстар мен жəндіктерді бақылауды ұйымдастырады

Сергіту сəті . Кел, шеңберге тұрайық. (Қол ұстасып шеңбер құрайды). Бір, екі, үш, төрт, Шеңберіміз кеңейді. (Айналып жүреді). Енді біз сылдырлаған бұлақбыз, Жарыса жүгірейік, (Айналып жүгіреді). Мөлдір көлге асығайық, Көлдің суы молайды. (Айналып жүреді). Бір, екі, үш, төрт, Шеңберіміз кеңейді. (Айналып жүреді). Енді ойын ойнайық. Біз – көңілді шуақпыз. Біз – жып-жылы шуақпыз. (Бір орында тұрып секіреді). Зерттеу жұмысы Екі қалыпты алып, оған қар немесе мұз салыңдар. Қалыптың бірін күннің көзіне, екіншісін қоршаудың көлеңкесіне жасырып қойыңыз. Қар/мұз қай жерде тез еріп кетеді? Неге? Содан кейін балаға сұрақ қойыңыз: – Қар қай жерде тез ериді? Ағашы көп орманда ма əлде көгалда ма? Педагог балаларға « Менің достарым» ойынын ойнауды ұсынады: балаларға карточкалар таратып, оның қызметін, атауын айтады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу Көбейді

Тəрбиеленушілер белгілі бір нысан бейнеленген карточкаларды аладыМенің достарым – гүлдейтіндер.Суреттерді қарап шық. Барлық жыл мезгілдерін атап бер. Суреттің қайсысы көктемді есіңе түсірді?

Балалар ойларын ортаға салады. Күн жылынады, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, адамдар бұрынғыдан жеңіл, жұқалау киім киеді. Күн. Балалар көктемде күннің жылынатынын байқайды. Қолғабыңды шешіп, сырт киіміңнің түймесін ағытып тастағың келеді. Күн ерте шығып, адамдарды оятады. Таңертең тұрғанда күн жап-жарық болады. Күн түскенде ериді.

Көлеңке жерлерде, салқын жерде қар əлі жатыр. Ал күннің көзі түсетін жерлерде қар еріп кетті. Ауа. Ауадан көктем иісі шығады. Ауа жылынды. Қолғабыңды шешіп, алақандарыңды күнге созсаң, жылынады. Ал аязда қолыңды жып-жылы қолғаптан шығарғың келмейтін. Біз бұрынғыдан жеңіл киімге көштік (тонның орнына күрте, етіктің орнына бəтеңке т.б. киіп жүрміз) Шалшық су. Көктемде əр жерде шалшық сулар пайда болады. Таңертең олардың беті қаймақтанып, жұқа мұз қабаты жауып жатады. Мұзды таяқпен түртіп қалсаң сынып кетеді. Астынан су шығады. Күндіз шалшық сулар еріп жатады. Аспан. Көктемде аспанның түсі ашықкөк түсті, болады. Ал қыста ол сұр болатын. Аспандағы бұлттар бірде қатты жылжыса, бірде ақырын жылжиды. Неге олай? Бұл – желдің күшіне байланысты нəрсе. Қатты жел бұлтты айдап əкетеді. Құстар. Суықторғай, сарышымшық, тоқылдақтар жемсауытқа келмейтін болды. Неге? Себебі орман жылынды, жəндіктер көбейді. Құстар енді қоректерін өздері тауып жейді. Балалар қардың қайда тез еритінін зерттейді. Көлеңкеде ме əлде күн түсетін жерде тез ери ме? – Көгалда күн жарқырап тұр. Сондықтан ондағы қар тез ериді. Ағашы көп орман көлеңке болғандықтан қар онда баяу ериді. Гүлдер, ағаш, бұта….

Рефлексивтіктүзетушілік кезең Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйлерін анықтауға тапсырма береді.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

Күтілетін нəтиже: айтады: көктемгі тəн белгілерді, табиғат құбылыстарын;түсінеді:табиғаттағы маусымдық өзгерістерді; қолданады: қарапайым зерттеу жұмыстарындағы байланыстарды







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.