Шетелдік тәжірибедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
22

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.

ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені, олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес- жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының кұрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.

ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше – банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.

Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі – ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.

Басқарушылар Кеңесі ақша-кредит саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:

  1. олар орталық банктер болып саналады;
  2. квази – қоғамдық банктер болып есептелінеді;
  3. «банктердің банкісі»

АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтік Банкісі.

Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.

Федералдық резервтік банктер – «банктердің банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды.

ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.

Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше – банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді кредиттеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.

Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.

Кеңес – ақша-кредит саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице – президент, мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

Директорат – жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомстволармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.

Жер орталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырады. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ, банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі кредиттеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.

Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен темен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан темен болмау керек.

1971 жылдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.

Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банк ноталарды шығарумен айналысады. Ал, банктік департамент өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша кредиттейді.

Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі.

Банкті басқарма басқарады, ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.