Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы, ата ананың қадірі
Қазақ әдебиеті 9 — сынып
Сабақ тақырыбы: Шал ақын. (Тілеуке Құлекеұлы) «Ата ананың қадірін біл», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері
Жалпы мақсат: Шал ақынның өмір жолымен еңбектерімен таныстыру. Ақынның өлеңдерінің шығу тарихымен таныстыру.
Сілтеме: Нұсқаулық, Қазақ әдебиеті 9 — сынып оқулығы «Атамұра»2014 ж.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Топта, жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра алады. Оқушылар бір – бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.
Сөздік қорлары дамиды. Білімге құштарлықтары артады;
Негізгі идеялар: Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолданылатын ресурстар: Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, материал. Тілеуке Құлекеұлының еңбектері
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
Интерактивті оқыту әдісі;
Оқыту үшін бағалау;
Білу
— Шал ақынның шын аты – жөні
кім?
— Тілеуке Құлекеұлы
— Мысалы, «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»?
«Сиқырлы жәшік» ойыны. Жәшікте үй тапсырмаларын бекіту сұрақтары берілген. Кез — келген оқушы бір сұрақ алып, өзі білмесе, басқа оқушыға бағыттайды. Келесі оқушы алады.
Түсіну
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)- Көкшетау өңірінде дүниеге келген халық ақыны. Әкесі Құлеке батыр Тәңірбердіұлы — қазақ қалмақ соғысының атақты батырларының бірі, Абылай ханның қадірлес досы, сенімді батыры, беделді елшісі болып, Орта жүздің ішіндегі ел бастаған, қолбасшы адамы болған.
Анасы — үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидің қызы.
Қолдану
а) Берілген жаман мен жақсы сөзі бойынша екі топ әңгіме құрастырып айтып беру.
Талдау
Сергіту сәті:
А) Тілеуке Құлекеұлы туралы түсіндіру. (слайд арқылы) кітапта
203 — 206 — бетті балалар оқиды. 10 мин. уақыт беремін.
Б) «Өзіңді тексер» атты тапсырманы орындау.
Шал ақын. (Тілеуке Құлекеұлы) «Ата ананың қадірін біл», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/