Сәукеле тігу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлттық бас киімдер жайлы мағлұмат беру және сәукеле тігу тәсілін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды салт — дәстүрді және ұлттық ерекшеліктерді сақтауға баулу
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамы мен қию, өлшеу, әшекейлі заттармен жұмыс істеу әдістерін үйренуге ықпал ету.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ — жауап, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Сурет, қазақ әдебиеті
Құрал — жабдықтар,
көрнекі құралдар: сары түсті мата, фольга, сызғыш, метр өлшеуіш, желім, бор, ине, жіп.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу.
Сабаққа дайындығын тексеру.
Сабаққа назарын аудару
ІІ. Өткен сабаққа шолу
Өткен сабақты сұрақ — жауап арқылы қорытындылау.
Тақырыбы: «Ажыратқыш деген не?»
Сұрақ — жауап
Үй тапсырмасын бағалау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Іске сәт
Оқушылардың жұмыс барысында іскерлігін, шеберліктерін, ой — өрісін дамыту үшін, белсене қатысқан топты марапаттау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытынды нұсқау беру.
Топтастыру.
VІ. Үйге тапсырма.
Сәукеле бас киімін жасап келу
VІІ. Бағалау.
Жаңа сабақ
Тымақ – ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісін тігеді. Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған, яғни арғын, жалайыр мен найман тымағы немесе Торғай, Семей тымағы деген үлгілері болған.
Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2 — 3 қарыстай биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағады. Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын күміс, інжу — маржан, меруерт, ақық, лағыл сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады, түрлі түсті қымбат тағылып, жиегіне бұлғын құндыз терілерінен жұрын ұсталады. Бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізбейтін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ақ желең тағылады. Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тігеді. Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары ғана киген.
Сәукеле тек бас киім емес, ол – қазақ халқының байлығы мен сән — салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол – қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.
Оқушылар ұлттық бас киімдер туралы мағлұмат алғаннан кейін “Сәукеле” жасау үшін оқушылармен ақылдаса отырып, жоспар құруға болады.
Қажетті құралдар:
Сәукеле
↓
Қайшы
Мата
Сызғыш
Метр өлшеуіш
Ине, жіп
Фольга, желім
2) Сәукелені жобалау:
Сәукеле
3) Сәукелені тігу үшін жобалау мен оқулықтағы нұсқауды басшылыққа ала отырып тігіп, қалаулары бойынша әдемілеп, безендіру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытынды нұсқау беру.
Дайын жұмысты бір — бірімен салыстырып, кемшіліктерге талдау жасалып, жақсы жұмыстар мадақталады.
VІ. Үйге тапсырма.
Сәукеле бас киімін жасап келу
VІІ. Бағалау.