Сарғасқаев шыбық, көктемгі ағаш отырғызу науқаны

0

Тақырыбы: С. Сарғасқаев «Шыбық»
Ана тілі 4 сынып
Сабақ тақырыбы: С. Сарғасқаев «Шыбық»
Жалпы мақсат: Көктемгі ағаш отырғызу науқаны жайлы шығармамен таныстыру, Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау.
Сілтеме: Оқулық, суреттер, слайд
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Жас шыбық пен ағашты ажырата білу, ағаштардың ерекшелігі мен өсіп — өнуіне түсінік беру. Табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын білу. Алған білімдерін қорыта білу
Негізгі идеялар: Еңбексүйгіштікке, табиғат әсемдігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: «Блум таксономиясы», АКТ — ны пайдалану, Ойлан, жұптас, талқыла, постер қорғау, топтық жұмыс, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Түстер бойынша 5 топқа бөлу. Топ ережесін құру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ — жауап әдісі арқылы
Қарлығаштың ұясы туралы не айтар едің?
Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады?
Ұяда қанша балапан бар дейді?
Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді?
Қарлығаш қандай әрекет жасады?
Өлеңде кездесетін құстар мен жәндіктерді ата
Жыланды сипатта
Қарлығаш жыланды көргенде қалай қиналды?
Кімді көмекке шақырды?
Осы оқиғадан кейін қарлығаш не істеді?
Қарлығаштың орнында болсаң не істер едің?
Әр топқа бағалау парағын беру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын айту. – Бүгінгі сабаққа қандай мақсатпен келдің? сұрағына жауап алу.
Білу категориясы
— Шыбық туралы не білесің?
— Қайда өседі?
— Шыбықты не үшін егеді?
— Шыбықтың қандай пайдасы бар?
— Сансызбай Сарғасқаев туралы не білесіңдер?
Түсіну категориясы
— Мәтінді түсініп оқы
— Қысқаша бір — бірлеріңе айтып беріңдер
— Негізгі ойды анықта
Қолдану категориясы
— Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?
— Темір неге келіспеді деп ойлайсың?
— Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді?
— Бақыттың шыбық егуінің қандай пайдасы болды?
— Қандай жаңа сөздермен таныстың?
Талдау категориясы
— Балалардың орнында сен болсаң не істер едің?
— Ауа райының өзгерістері туралы не айтылған?
— Бақыт пен Темірдің іс — әрекеттерін салыстыр

ІV. Қорытындылау
Жинақтау категориясы
— Темірге хат жаз
— Мәтін бойынша сурет сал
Бағалау категориясы
— Шыбық мәтінінің маңызы бар ма?
— Неге? Неліктен?
— Сен не істер едің?
— Қалай баға берер едің?

V. Үйге тапсырмасын беру. Мәтінді мазмұндау.
Мәтінді толықтыру мақсатында эссе жазу. «Табиғатқа қамқорлық» немесе «Еңбекқорлық»
VI. Бағалау.
Топ басшысының ұпайлық бағалауы. Мұғалімнің қорытынды бағалауы.
VII. Рефлексия. – Мақсатыңа жеттің бе?

«Көпбейінді №3 мектеп — гимназиясы» КММ
Тәлімгер: Жағықпанова М. Д.
Тәлім алушы: Имадилова А. Б.
С. Сарғасқаев «Шыбық» жүктеу