Home Білім Өнерлі өрге жүзер

Өнерлі өрге жүзер

0
206



Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Барлық сыныптар

Өнерлі өрге жүзер

Мақсаты: Оқушылардың ой – өрісі мен дүниетанымын арттыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, эстетика мен этикасын дамыту. Әсемдікті, сұлулықты қалайтын ішкі рухани дүниесі бай жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақ халқының тұрмыс салты мен өнеріне құрметпен қарауға баулу.1-Жүргізуші:Баршамызды бала тілмен баурайтын,Бала деген бір бақыт қой самғайтын.Ата ананың арманы мен тілегін,Бала емес пе  бал бұлақтан жалғайтын.Бүгінгі  «Өнерлі – өрге жүзер» атты шағын мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-ЖүргізушіКүнде өсіп келеміз,Әлі өсіп келеміз.Адымдай жүремізТез жүріп ерінбей.Жүгіріп кетемізМектепке жетеміз.1.Ән: «Мен анамның еркесімін» МАД ІІІ топ оқушысы Улияева Шұғыла2.Ән: «Елбасы-елбағым» МАД ІҮ топ оқушысы Қаһарманқызы Нұрсезім

1-Жүргізуші:Тарт күйіңді, домбыра,Төгіл –төгіл тәтті күйТау суындай сылдыра,Тауда тұман тұрмасын,Ойды, қырды қыдыраКүй әлемді шарласын.3.Құрманғазының күйі «Адай» Орындайтын: Нұрмұхаммед.4.Ән: «Мен бақытты баламын» МАД І топ оқушысы Марат Нұрайым

2-ЖүргізушіЖарқын жүзді апайлар,Сендей болса бар адам,Сендей болса балаларШаттық кетпес баладан.5.Би: «Қазақ биі» 3 «Ә» сынып оқушысы Досанова Аянат 6.Ән: «» МАД ІІ топ оқушысы 1-Жүргізуші:Отан деген- атамекенОтан деген туған жерОтан анаОтан үлкенҚазақстан туған ел!7.Ән: «Сарбаздар» МАД ІІІ топ оқушысы Бектөреқызы Ақзере8.Ән: «Көк тудың желбірегені» 2 «Д» сынып оқушысы Мыңбаев Махамбет

2-ЖүргізушіБіз қандаймыз, қандаймызШұғылалы таңдаймызКүлімдеген күндеймізРенжуді білмейміз9.Би: «Деспасито» 3 «Б» сынып оқушылары10.Ән: «Жаса Қазақстан» 1 «В» оқушысы Асылбекова Айару

1-Жүргізуші:Домбыра мұнша шешен болдың неге,Күй толған көкірегің шежіре ме?Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.11.Құрманғазының күйі «Балбырауын» Орындайтын: Алтынбек. Еркебұлан. Нұрмұхаммед.12.Би: «Самовар» 1 «__» сынып оқушылары

2-ЖүргізушіҚуанамын менде,Қуанасын сендеҚуанайық достарымАрайланып атқан таңға!13.Ән: «_______________» МАД ІҮ топ оқушысы Нұрлыбекұлы Қанат14.Ән: «Көңілді күн» 1 «__» сынып оқушысы

1-Жүргізуші:Біздің топта ұл-қыздар,Тату-тәтті тұрады.Әлемдегі бар адамға,Тек жақсылық ойлайды.15.Би: «Тока-тока» 3 «А» сынып оқушылары16.Би: «Қазақ биі» 3 «В» сынып оқушысы Кәрібекова Айғаным

2-ЖүргізушіБұл екінші үйіміз,Бір туғанбыз бәріміз.Біз осы үйдің гүліміз,Біз осы үйдің сәніміз.17.Ән: «Көңілді күн» 2 «А» сынып оқушысы Есқалиева Салтанат18.Күй: «Ерке сылқым» Орындайтын: Алтынбек.

1-Жүргізуші:Күліңдер, күліңдерКүлімдеп тек жүріңдерБәрің, бәрің біліңдер,Білімді болып жүріңдер.Күліңдер, күліңдерКөңілді болып жүріңдер!19.Би: «Үнді биі» 3 «Г» сынып оқушысы Бақтыбаева Ақерке20.Ән: «Желсіз түнде жарық ай» 4 «Ә» сынып оқушысы Айжарықова Зарина

2-ЖүргізушіДомбырам жүрегіммен үндес едің,Сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң, Өнердің не екенін білмес едім.21.Дәулеткерейдің күйі. «Түркімен» Орындайтын: Алтынбек22. Би: «___________________» 4 «_____» сынып оқушылары23. Ән: «___________________» 1 «_____» сынып оқушылары

1-Жүргізуші:Өнерлі өрге жүзер талаптаныпҚыран биік самғайды қанат қағыпАдам үшін парыз ғой өнер іздеуЖүрген соң адам деген атақты алып-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз!Сау болыңыздар!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.