Сапарғали Бегалин Бала Шоқан әңгімесі слайд,презентация — Әдебиет
Сапарғали Бегалин Бала Шоқан әңгімесі слайд,презентация
“Зерделі сұрақ, ұтымды жауап”
Мысық деп кімді айтады?
Мысық неден және қандай мүсіндер жасады?
Мысық неге сонша жасқаншақ болды?
Мысық Шоқан ауылына баруға неге қорқады?
“Әй,жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы”
( Бұл сөздердің мағынасы қандай?)
1.Мысық Шоқанды неге асыға күтті?
Осы оқиға үстінде Шоқанға қандай мінез сай келеді?
( өнертанығыш, аңғарғыш)
2. Жақып мысықты неге соға алмады?
Шоқан тағы қандай қырынан көрінді?
( әлсізді қорғаушы)
3. Шоқан әкесімен неге бөлініп кетті? ( уәдеге беріктік)
4. Шоқан күзектен көшерде Мысықты үйіне неге әкелді?
( кітаптан тауып оқыңдар) ( қайырымды)
1.Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар үйге таянғанда алдарынан кім шығады?
( Шоқанның інісі Жақып шығады)
2. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?
( сырттан үйге кіріп келе жатқан Шоқанның әкесінің тізесіне соқтығып, етпетінен құлады)
3. Бауырсақты бір-бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан не айтты?
( — Сен немене, әлі қорқып отырсың ба? Жеп қой бауырсақты,қалғанын етегіңе салып ал,-деді оған тостағанды ысырып.
4. Кімнің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарады?
( Үлкен ақ сары әйелдің)
Жазушы естелігі
“Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол-Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға ұмтылдырды. “Бала Шоқанды” осылай жаздым”