ЖЭС жылдарындағы Қазақстан слайд,презентация

0

ЖЭС жылдарындағы Қазақстан слайд,презентация

 

ЖЭС жылдарындағы Қазақстан

 

Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында
1. Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады. Алайда елдегі жағдай бұрынғыдан бетер апатты сипат алды. Одан әрі жалғастырылған «әскери коммунизм» саясаты халықтың арасында наразылық тудырды. Партияның өз ішінде жікке бөліну көрініс бере бастады. «Әскери коммунизм» саясаты экономиканың толық күйреу кезеңінде жургізіліп, ең соңында өндірістің кері кетуінеәкеп соқты. 1920 жылдың бас кезінде кең көлемді жоспарлау мен басқару женіндегі мәселелерді шешу үшін кұрылған Орталық жоспарлау комитеті мен Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесі сиякты құрылымдар өз міндеттерін аткаруға кабілетсіз болып шықты. Национализацияланған кәсіпорындар мемлекеттік бақылауға көнгісі келмей, өздерінің азың-аулақ енімдерін қара базар арқылы өткізуге тырысты. Мемлекет шаруаларға «айырбас» үшін ете жұтаң өнеркөсіп тауарларын ғана ұсына алды. Тауарлардың өте тапшылығы, олардың қымбаттығы шаруаны өз өнімдерін сатуға шығаруға ынталандырмады, артық өнімдер дереу тартып алынды. Нәтижесінде сатуға арналған өнімдердің келемі елеулі түрде кыскарды.
ірі жер иеліктерінің ұсақталуы, теңгермешілік, коммуникациялардың бұзылуы, қала мен деревня арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі, азық-түлік салғырты шаруалардың томаға- тұйыкталып, натуралдық шаруашылыққа қайта оралуына әкеп соқты. Оның үстіне азық-түлік салғырты саясатын — ауыл шаруашылық өндірісінің артық өнімдерін армия мен қалалардағы жұмысшылардың мұқтаждықтары үшін тартып алуды одан әрі жалғастыру шаруалар үшін көтере алмас ауыр салмақ еді. Бұл большевиктер өкіметіне қарсы шаруалар бүлігіне әкеп соққан деревнядағы наразылықтың басты себебі болды. Большевиктерге қарсы шаруалардың көтерілістері барлық жерлерде бұрқ ете түсті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын В.И.Ленин «куйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады. Империалистік және Азамат соғысы, «әскери коммунизм» шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 307 көсіпорынның 250-і өз жұмысын тоқтатты. Мұнай өндіру 1913 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге, көмір өндіру — 5 есеге азайып кетті, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтатылды. Спасск байыту фабрикасы, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары қаңырап қалды. Өнеркөсіптің үлесі халық шаруашылығы жалпы өнімінің- 6,3%-ын ғана құрады. Ауыл шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. Егістік көлемі Орал губерниясында 2,5 есеге, Жетісуда — 3 есеге қысқарды. Мал басы республикада 29,9 млн-нан 16,3 млн басқа кеміп кетті.

Социализмнің экономикалық іргетасын қалау үшін жаңа техникалық база негізінде ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, оны қайта құру қажет еді. Бұл үшін бөрінен бұрын жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркөсіп салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын қалпына келтіру керек болды.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!