Саяси карта деген не?
Саяси карта дегеніміз мемлекеттердің шекаралары көрсетілген карта. Мемлекеттер саяси картада түрлі түске боялады.
Мысалы Орта Азияның саяси картасы мынау:
Бұл картада мемлекеттік шекаралар қара сызықпен, ал мемлекеттер түрлі түске боялды. Оған қоса мемлекеттердің астаналары жұлдыз белгісімен бейнеленген. Мемлекет астаналарың өзге қалалардан ерекшелендіру үшін.
Саяси карталар физикалық карталармен бірге географияда жиі қолданылады. Осы екі карта географияның негізгі карталары боп есептелінеді.
Осы саяси картадан Қазақстанның алып ел екендігі көрініп тұр!
Пән: География