Сабақ жоспары 9-сынып. Жақсылық – жан жадыратады

0











Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады







Сабақ жоспары 9-сынып. Жақсылық – жан жадыратады

Автор: Уябаева Дамира Бегжановна

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-22


Материал туралы қысқаша түсінік



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
Білімділік Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;
Дамытушылық Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік Жақсылық жасауға тәрбиелеу;




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп 3 орта мектебі Тақырып: Жақсылық – жан жадыратадыҚұндылық: сүйіспеншілікҚасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.Мұғалiм: Уябаева ДамираСынып 9

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеті: Білімділік Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;Дамытушылық Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік Жақсылық жасауға тәрбиелеу; Ресурстар:үнтаспа,суреттер,нақыл сөздер
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу.1.Тәртіп2.Талап3.Тыныштық4.Тазалық5.Татулық

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын….Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:»Мен нұрлымын…Нұр менің ішімде…Мен Нұрмын»Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз….Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.Мұғалім оқушылармен бірге А.Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін оқып, талдау жасау арқылы олардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына және жаман қасиеттерді болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренулеріне назар аударады. Жиырма үшінші сөз Абай

Сабақ барысын талқылау:
4.Дәйексөз. Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады: Биік төбеге шықсаң,Кқзің ашылады.Жақсымен сөйлессең,Көңілің ашылады.М.ӘлімбаевМұғалім оқушыларға жақсы адаммен сөйлессең, көңілің ашылатынын, рухани азық алатынын түсіндіреді.
5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. — Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер? — Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?— Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?— Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?— Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.Оқушылардың жақсы сөз айтудың маңызын аша түсу үшін төмендегідей тапсырма беріледі. Тапсырманы жекелей немесе топпен жұмыс түрінде орындауларына болады. Тапсырманы орындау балаларды ойландырып, белсенділіктерін арттырады және оқушылардың адамдарға жақсылық жасауға көқарастарын пайымдаумен өз ойларын ортаға салуға, оларды жағымпаз болмауға, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеуге бағытталады. «Жақсы сөз айту – жағымпаздық…» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңыз. Өз өмірлеріңізден мысал келтіріп, көзқарасыңызды дәлелдеңіз. 7.Дәптермен жұмыс Дәптердегі 2,3-тапсырманы орындау.
8.Топпен ән айту. 3 мин. Жақсы адам көңіл – күн Д.ӘлімжановЖақсы адам көңіл – күн,Жанға сәуле түсірген.Нашар адам көңілі – түн,Кеудеден отты өшірген.Талпын жақсы болуға,Күндей сәуле шашатын.Білім іздеп, өнер тап,Түнді күндей ашатын.Толған айдай жан болсаң,Толсын ақыл ішіңе.Күн көзіндей жан болсан,Ел сүйсінсен ісіңе.Ақыл қуған адаспас,Ақылда, дос, бар тетік.Қапта жатпас таза алмас,Шығар бір күн жар етіп…
9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Мәтінді оқу.
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. — Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер? — Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?— Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?— Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?— Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.