Рухани жаңғыру туралы эссе

0

Рухани жаңғыру  — болашаққа батыл қадам

Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың — дара жолы!

(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа згерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «Рухани жаңғыру» дәлел. Осыған орай елбасымыз бірнеше принціптерін ұсынды.

Білім бізге бұрын да, жаңғырған заманда да керек болады. Бұған дәлел менің ата-анам. Олар маған үнемі оқы деп айтады. Кейде өзім де түсінбейтінмін, неге маған солай айта береді деп ойлаушы едім. Бірақ уақыт  өте келе ата-анмның сөздерінің мағынасын түсіндім. Оқымасам болашақта күнімді көре алмаймын. Сол үшін оқып, білім алуым керек.

Қазір білім бағдарламалары елімізге табыс әкеліп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазір біз жаңартылған білім бағдарламасымен білім алып жатырмыз. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.Тағы бағалау жүйесі де өзгешелеу, критериалды бағалау.Бұл бағалау баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуға ықыласын туғызады. Біз үш тілді үйреніп жатырмыз. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Қазақ тілін барлық қазақстандықтар білуі тиіс. Біз ағылшын тілін де білуіміз қажет, себебі, ол – ғылым тілі. Орыс тілін де білу керекпіз, бір-бірімізді онымен түсінісе аламыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу жолдары іске асырылуда. Өйткені қазіргі дамыған мемлекеттер қазақтың сөздерін емін-еркін осы латын қарпінде оқып, біздің құнды салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді тағы да басқа құндылықтарымызды  дәріптесек онда алдыңғы қатарлы елдің бірі боламыз деп ойлаймын.

«Рухани жаңғыру» — біздің болашағымыз!  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген қадамдар іске асырылуда. Елбасымның салған ұлы бастамасы елімнің көркеюіне, дамыған елдің қатарына қосылуға , биік шыңдарды бағындыруға  жетелейді.