Реферат: ҰЛЫБРИТАНИЯ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы

0

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. 30 жылдардың сабағын естен шығарып, Ұлыбритания Батыс Германияны НАТО-ға қосуға жәрдемдесті.
Британ империализмінің капиталисттік дүниенің саяси, экономикалық және ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күреске тығыз топтастыруға ұмтылуы Ұлыбританияның АҚШ-қа кіріптарлығын күшейтті. Оның территориясында АҚШ-тың соғыс базалары пайда болды. Ұлыбританияның экономикасына Америка капиталы кеңінен ене түсті, елдің сыртқы қарызы көбуйді. Соған қарамастан, Вильсон бастаған лейбористер үкіметі жанталаса қарулануға қыруар қаржы жұмсады, мұның өзі Ұлыбританияның финанс қиыншылығын онан әрі өршітті. 1967 жылы фунт стерлинг соғыстан кейін екінші рет құнсызданды. Ұлыбританияның прогресшіл күштеі бейбітшілік жолында, билеуші топтардың империалистік сыртқы саяси бағытына қарсы белсене күресіп келді. 60 жылдарыдың соңы мен 70 жылдардың басында Ұлыбританияда ереуіл қозғалысы өріс алды. Солтүстік Ирландияда әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті жою, азаматтарға тең құқық беру жолында еңбекшілер бас көтерді.
Ұлыбритания- капиталистік елдер арасында АҚШ, ГФР және Жапониядан кейінгі ірі өнеркәсіпті держава. Бастапқыда Ұлыбритания экономикасы монополиялық жағдайға негізделіп дамыды. 2-дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі капитализмнің жалпы дағдарысы ұлт-азаттық қозғалысының пәрменді дамуы Британ отарлық империясының ыдырауына әкеп соқты.
50 жылдары өндірістің жаңа салаларының монополиясы құрылып, дами бастады. Үкімет өндіріс концентрациясын жақтап, 1966 жылы осы мақсатта өндірісті қайта құру корпорациясын құрды. Соғыстан кейін көмір, газ, электроэнергетика, темір жол транспорты, қара металлургия, ішкі су және қала транспортының бір бөлігі, ағылшын банкісі, атом өндірісі мен атом энергетикасы, радио-теле жүйесі нациолизацияланды, яғни өнеркәсіп өндірісінің 20%-дан астамы мемлекет қарамағына көшті. 50-60 жылдарда байқалған Ұлыбритания өндірісіндегі ерекше құбылыс- бұл ел экономикасына американ капиталының енуі. 70 жылдар басында байқалған экономикалық дағдарыс белгілері Ұлыбритания экономикасында да анық сезілді. Өндіріс мөлшері қысқарды, инфляция тұрақты процеске айналды, жұмыссыздар саны тоқтаусыз өсті. 1975 жылы ел ішіндегі жалпы өнім 2,5%-ға кеміді және жаппай тұтыну заттарының бағасы орташа есеппен 24%-ға артты. Өндірісті жандандыру үшін және жұмыссыздықтың шұғыл шаралар да қабылдады. Мысалы: «Бритиш Лейленд мотор», «Интернэшнал компьютерс», «Альфред Герберт» сияқты ірі монополияларға көмек ретінде жүздеген миллион фунт стерлинг қаржы бөлінді. Бірақ бұл шаралар Ұлыбритания капитализмінің одан әрі құлдырауын тоқтата алмай отыр.
Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдар. Консервативтік партия- ұйымдық жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы 1900 жылы негізі қаланды. Либералдық партия 19 ғасырдың ортасында виги партиясы негізінде ұйымдасты. Ұлыбритания коммунистік партиясы 1920 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың британдық конгресі 1868 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың шотландық конгресі 1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет достығы қоғамы 1946 жылы құрылды. КСРО-мен мәдени байланыс қоғамы 1924 жылы негізі қаланды. Жастардың коммунистік одағы 1922 жылы құрылды.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына лейбористік және лиьералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл аралас үкімет тарады да, 1945 жылы шілдеде өткен парламент сайлауында екі басты қарсыластар: консерваторлар және лейбористер арасында билік үшін қайта басталды. Әдетте олардың екуінің бірі жеңеді. Бұл саяси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда лейбористер жеңді.
Лейбористік үкімет. 1945-1951 ж.ж. Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама «Болашаққа бетбұрыс» деп аталды. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчильдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жуңіліс тапты. Лейбористер қауымдар палатасындағы орындарды үштен екісіне ие болды.
Лейбористер өз уәделерін негізінен орындады. Мемлекеттенді-ру сатып алу жолымен іске асырыла бастады. Шаруашылықтың көмір, газ, су және темір жол транспорты, қара металлургия және тағы басқа салаларында жалдамалы жұмыскерлердің 20%-дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға қарсы 1927 жылғы қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945-48 жж. Кәсіби науқастарға байланысты жәрдем ақыларды, қарттарға және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді қамтитын әлеуметтік қамсыздандыру мен қауіпсіздендірудің жаңа кешенді жүйесі іске асырылды. 10 миллионнан аса жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында, 1948 жылы ұлттық денсаулық сақтау қызметі құрылды және тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі енгізіліп, дәрі-дәрмектер тегін үлестірілетін болды. Лейбористік партия біртіндеп реформалау жолымен Ұлыбритания «демократиялық социализмге» өтеді деп есептеді.
Консервативтік үкіметтер. 1951-1964 жж. 1951 жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчиль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, «әл-ауқаттылық мемлекет» идеясына қолдау көрсетті. Консервативтік партия өзінің өзгерген жағдайларға бейімделуге және мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа әдістерін қолдануға қабілетілігін көрсетті. 1962 жылы теңдестірілген экономикалық даму бағдарламасын жасау үшін Ұлттық кеңес құрылды. 1964 жылы болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешқайсысына да айқын басымдылық берген жоқ. Екеуі де 12 миллион дауыс алды, бірақ лейбористердің бағы жанып, сәл ғана ьасымдылыққа ие болды.
Г.Вильсон үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды. Г.Вильсон әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 жылы парламент тұңғыш «ұлттық бесжылдық экономикалық жоспарды» қабылдады. Жоспарды орындау үшін Вильсон үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің «Ниеттер туралы декларация» атты құжаты жалақының өсуі мен бағаның артуын «ақылға сиымды» көлемдерде шектеуді ұсынды. Бұл саясат «бағалар мен табыстар саясаты» деген атақ алды. Алғашында жалақының өсуін «ақылға сыйымды» мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 жылдан кейін үкімет оны күштеп «қатыруға» кірісті. 1970 жылғы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.
Э.Хиттің экономикалық саясаты (1970-1974) «қалай болғанда да» өндірісті қатаң капиталистік жетілдіру және экономикалық дамуды тездету бағытын іске асырды. Хиттің тұсында Ұлыбритания ЕЭБ-ге мүше болды. Баға мен жалақыны әкімшілік жолымен реттестіруші аппарат құрылды. «Өнеркәсіптегі қатынастар туралы» кәсіподақтарға қарсы бағытталған заңның консервативтік нұсқасы жарық көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын. Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК мен оған кіретін кәсіподақтар оған қарсы көтерілді. Елге жаппай ереуіл қаупі төнді, Хит баспасөз бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес, өзін қолдайтынына сеніп, жаңа парламент сайлауын тағайындады. Аздаған ғана дауыспен 1974 жылы 28 ақпандағы сайлауда лейбористер жеңіске жетеді.
Премьер-министр Г.Вильсон (1976 ж. орнына Д.Ж. Каллагэн келді) басқа жоспар мен «бағалар мен табыстар» саясатының жаңа нұсқасын қабылдауға мәжбүр болды. Вильсон-Каллагэн үкіметінің саясатының негізгі желісі «әлеуметтік келісім», яғни кәсіподақтардың атынан ТБК мен үкімет арасындағы келісім жасасу болды. Ол бойынша кәсіподақтар жалақыны арттыру туралы талаптарды қойғызбайды, ал үкімет бағаларды ұстап тұрады және еңбекшілердің мүдделеріне жауап беретін келісілген реформалар жүргізуге тиісті болды. «Шарттың» күші 1978 жылдың күзіне дейін сақталды, 12 миллион мүшесі бар ТБК съезі шартқа қарамастан, нақты жалақының кемуіне байланысты, оны қабылдамай тастады.

Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер. 1921 ж. Ирландия Республикасы құрылғаннан кейін Ұлыбритания өзінің құрамында халқының үштен бірі католик дініндегі ирландықтар мен үштен екісін Шотландия мен Уэльстен шыққан протестанттар құрайтын аралдардың алты солтүстік графтығын (Ольстер) алып қалған болатын. Екі діни қауымның арасында қарым-қатынастар әдетті дау-дамайлы болып келетін. 1968 жылы католиктік азшылықтың азаматтық құқықтар үшін қозғалысы басталды. Бұл ереуілді қуып таратудан кейін Ольстерде жаппай тәртіпсіздік басталды. Тәртіп орнату үшін Ұлыбритания Ольстерге әскер енгізді. Ирландияның республикалық армиясы, жасырын экстремистік ұйым, ағылшын солдаттарына қарсы террормен жауап берді. Британ үкіметтерінің келесі үш он жыл ішіндегі жанжалды шешу жөніндегі әрекеттері бүлікшіл графстволарға тыныштық әкелмеді. Католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығысулар жалғаса берді. 1998 жылы мамырда Ольстердегі теке тіресті тоқтату және өзін өзі басқару сайлауы органдарын құру туралы келісімге қол жетісті.
60-80 жж. Шотландия мен Уэльсте ұлттық және мәдени автономия үшін қозғалыс жандана түсті. Шотландия мен Уэльстегі 70-жж. өткізілген референдумдар автономиялық басқаруды беру жоспарын қолдамады. Бірақ 1978 жылы «деволюция жоспары» Шотландия мен Уэльс халқының қолдауына ие болды.

«Маргарет Тэтчер дәуірі». Консервативтік үкіметтер. 1979-1997 жж.
1979 жылы сайлауда жеңіске жетуден бұрын консервативтік партия дағдарыстан шығудың «Дұрыс жол» атты бағдарламасын жасап, партияның жаңа басшысы етіп Маргарет Тэтчерді сайлады. Консервативтік партияның бағдарламасында дағдарыс және инфляцияға қарсы күрестің неоконсервативтік нұсқасы жасалған болатын. «Жаппай жұмыспен қамтамасыз ету», «әл-ауқатты мемлекет» және бюджет дефициттігі туралы бұрынғы идеялар лақтырылып тасталды. Экономика мен әлеуметтік саладағы жаңа саясат «тэтчеризм» деген атақ алды. Біріншіден, қатаң монетарлық саясат, яғни айналымдағы ақща көлемін шектеу, шығындарды азайту саясаты басталды, бұл инфляцияны азайтты, бірақ жұмыс-сыздықты арттырды.
80-ші жж. монетарлық саясат жүргізу нәтижесінде инфляцияны азайтып, инвестицияларды көбейтуге жағдайлар туды. Нәтижесінде бұрынғы онжылдықтағы тоқыраудың орнына Ұлыбритания өндірісті дамытуда секіріс жасап, еңбек өнімділігі жағынан Еуропалық капиталистік елдердің бәрін басып озады.
Үкімет тиімділігі аз немесе шығынды мемлекеттік секторды жеке меншікке сату жолымен оларды ұстап тұруға жұмсалатын мемлекеттік щығындар ауыртпалығынан құтылды. Жекешелендіру бюджетке 28 млрд. фунт стерлинг түсірді. Миллиондаған адамдар фирмалар мен кәсіпорындардың акционер-леріне айналды. Жекеменшіктік қатынастарды нығайтудағы Тэтчер үкіметінің жүргізген екінші бір шарасы муниципалитеттер мен қалалардың тұрғын-үй қорларын жеке меншікке сату болды. 80 жж. 4,1 млн. отбасы жеңілдіктер бойынша пәтерлер мен үйлер сатып алды. 1990 ж. отбасылардың 65% (20млн.) жекеменшік үйлері боды. Британ қоғамын кейде үштен екісін орта тап құрайтын қоғам деп атайтын болды. Бірақ халықтың үштен бірі- жұмыссыздар, жеке басты аналар, науқастар, білімі төмен, мамандыққа үйретілмеген жастар т.б. мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мұқтаж болды.
Кәсіподақтармен арақатынас барлық британ үкіметтері үшін күрделі мәселе болып келді. Тэтчер бұл мәселеде консервативтік партияға тән әдеттегі қатаң бағыт ұстанды.
Британ бизнесінің белсенділігінің артуына Ұлыбританияның 1973 жылы Еуропалық экономикалық бірлестікке мүше болуы да белгілі мөлшерде әсер етті.
Консервативтік партия 1983, 1987, 1992 жж. парламент сайлауларында жеңіске жетіп, 16 жылдан аса уақыт мемлекет басқаруды өз қолында ұстады. Бұл Ұлыбритания үшін рекорд болды!
Бірақ М.Тэтчер тұсында жаңа мәселелер бой көтерді, солардың нәтижесінде ол консервативтік партиясының басшысы қызметінен түсті де, партия келесі сайлауда жеңіліс тапты.
1997 жылы мамырдағы парламент сайлауында барлық қарсыластарын артқа тастап, үлкен басымдылықпен Энтони Блэр бастаған лейбористік партия жеңіске жетті.

Ұлыбританияның сыртқы саясаты. Ұлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатысатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық «концертте» «бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді: «дүние-жүзінің тағдырына жауапкершілік» рөлі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды. Оның ерекше орны мына үш жақты рөлмен анықталды: Ұлыбритания халықаралық аренда АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында қала берді, ең соңында, ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе артық доминиондарды біріктіретін ұлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары «ерекше қатынастар» — бағыныштылық пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік қатынастары орнады.
Ұлыбритания барлық батысеуропалық одақтарға мүше болды (НАТО, Батысеуропалық одақ). Ұлыбритания Францияның ГФР-мен жақындасуына сенімсіздікпен қарады. Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-американдардың тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп, Англияны АҚШ-тың «троян аты» деп есептеді.
Ұлыбритания ядролық қаруға байланысты ерекше ұстанымда болды. Британ үкіметтері, француз үкіметтері сияқты, өздерінің партиялық тегіне қарамастан, Ұлыбританияның өзінің ядролық үштігіне иелік жасау, тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық мәртебеге ие болуға құқын қорғады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!