23 маусым қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
162

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 174-ші күн, жыл соңына дейін 191 күн бар

23 маусым мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

23 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді. Олимпиада қозғалысына арналған мереке құру туралы алғашқы идея 1947 жылы Стокгольмде Халықаралық Олимпиада комитетінің 41-сессиясында айтылды, ал бір жылдан кейін, Санкт-Мориц қаласында ХОК-тың 42-сессиясында бұл жоба ресми түрде мақұлданды. Бұл мерекенің датасын таңдауға тарихи оқиға себеп болды. 1894 жылы Парижде дене тәрбиесі проблемалары жөнінде халықаралық конгресс өтті. Оған 12 елдің өкілдері қатысты. Олимпиадалық қозғалыстың жандануына ынталы болған Барон Пьер де Кубертен 23 маусымда баяндама жасап, Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылық негіздері әзірленетінін жариялады.

Қазақстанда бүгін кәсіби мереке – Қазақстан полициясының күні немесе жай ғана Полиция күні аталып өтеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады. 2007 жылы мемлекет басшысының жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Бұл күні, әдетте, ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі дәрежедегі ордендермен марапатталады. Ішкі істер органдарының жеке құрамын мемлекет басшысы құттықтайды.

Бүгін сондай-ақ халықаралық музыкант-халықшылдардың мерекесі – Балалайка күні аталып өтеді. Ресей музыкант-халықшылдары клубының президенті Д.Белинский барлық орындаушы мен халық әнін, ұлттық аспаптарды ұнататын музыка сүйер қауымды біріктіретін осындай мереке құруға ұсыныс жасады. Балалайка күні 23 маусымда аталып өтеді, бұл күнді кездейсоқ таңдап алмаған – бұл аспап 1688 жылдың 23 маусымында алғаш рет ресми құжатта сөз болды. Ол 2008 жылдан бастап тойланып келеді, концерттер, музыкалық кештер ұйымдастырылады, Ресейде ғана емес, сондай-ақ АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы, Беларусь, Қазақстан, Австралия және тағы басқа елдерде орындаушылармен кездесулер өтеді. Балалайка – байырғы орыс музыкалық аспабы. Ол домбыра тәрізді жасалып, жетілдіріліп, концерттік, оркестрлік, ансамбльдік аспап ретінде қолданыла бастаған.

23 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1860 жылы Америка Құрама Штаттарының құпия қызметі құрылды;

1868 жылы Кристофер Лэтем Шоулз баспа машинкасын патенттеді. Оның пернетақтасы рояльды еске түсірді. Ол тек үлкен әріптермен басып шығатын болған, сондай-ақ қағаз планшеттің астында орналасқандықтан машинист жұмыс нәтижесін көре алмайтын;

1917 жылы Украинаның орталық радасы Бірінші жалпыға ортақ заңды (негізгі заң) қабылдады. Онда Украина Ресей құрамындағы автономия деп жарияланды;

1998 жылы әлемде алғаш рет адам миының жасушалары трансплантацияланды;

1995 жылы Баку қаласында Абайдың 150 жылдығына арналған мерейтой өтті.

23 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2001 жылы «SOS Kinderdorf – Астана балалар ауылы» ашылды;

2006 жылы Өскеменде қарағандылық ғалым Александр Борисенко технологиялық газдарды тазартатын бірегей қондырғыны таныстырды,ол зиянды өндірістік қалдықтарды тазартып қана қоймай, олардан пайдалы заттар алады;

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында фармацевтикалық кластер құрылды;

2015 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы Аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды.

23 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1889 жылы орыс ақыны, аудармашы және әдебиеттанушы, XX ғасырдағы орыс әдебиетінің ең көрнекті тұлғаларының бірі Анна Ахматова дүниеге келді;

1957 жылы америкалық актриса, «Оскар» жүлдесінің иегері Фрэнсис Макдорманд дүниеге келді;

1965 жылы Ресей әншісі, продюсер Валерий Меладзе дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2006);

1972 жылы америкалық актриса Сальма Блэр дүниеге келді.

23 маусымда Қазақстанда кім туды

1933 жылы кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асылбек Нұғыманов дүниеге келді;

1941 жылы «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаев дүниеге келді;

1955 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Нұрзада Тәшімов дүниеге келді;

1968 жылы баспагер, «БизнесLife» бизнес-журналының бас редакторы Жәмила Әбенова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Күні бойы әлсіреп жүруіңіз мүмкін, тағдыршешті шешімдер қабылдамағаныңыз жөн, күнді жаңа адамдармен танысып, қарым-қатынас жасауға арнаңыз. Бүгін тапқан достарыңыз көп уақыт жаныңызда қалады.



sputniknews.kz