Реферат: Радиоактивтіліктің ашылу
Радиацияны – радиоактивті заттар немесе арнайы құрастырылған құрылғылыр тұрғызады. Ал, радиацияның өзі, ағзаға әсер ете отырып, онда радиоактивті заттарды өндірмейді және оны радиацияның жаңа көзіне айналдырмайды. Осылайша, адам рентгендік флюрографиялық тексерілуден кейін радиоактивті болмайды.
Айта кететін жайт, рентгендік пленка немесе сурет те радиоактивті сәуле шығармайды. Бұл тұжырымға ағзаға радиоактивті препораттар (мысалы, қалқанша безін (изитовидная железа) радиоизотопыты тексеру ) әдейлеп енгізген жағдай ғана бағынбайды. Алайда бұл түрдегі препараттар олардың радиоактивтілігін ыдырау есебінен тез жоғалтатындай етіп таңдап алынады.
Радиациялық сәулелену ағзаның гинетикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді.
Пайдалы әсері.
— Рентген және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері арқылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтар табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.
— Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер сонымен қатар В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқалар.
— Сәулелену әсерінен пайда болған тұқвм қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.
— Жануарлар мен өсімдіктер тұқымын жақсартуда және өнімін өсіруде сәулелену қолданылады (мыс, радиациялық селекция тәсілі).
— Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдар, саңырау құлақтарды және микробтарды сәулелендіру үшін алады.
Зиянды әсері.
— Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.
— Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғандығы анықталады. Солардың ішінде, мысалы ергежейлілік, гемофолия, дальтонизм, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне сонымен қатар тіршілік етуге қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарады және т.б.
— Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивті сипатталады, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта байқалады.
Иондаушы радиацияның тірі ағзаға әсері әлемдік ғылымды радиоактивтіліктің ашылып, қолданыла бастауының алғашқы қадамдарынан қызықтырған. Бұл кездей соқтық емес, себебі басынан бастап зерттушілер радиоактивтіліктің зиянды әсерімен кезікті.
Сонымен, 1895 жылы Рентгеннің көмекшісі В. Груббе рентгендік сәулелермен жұмыс істеу үстінде қолын күйдірді, ал радиоактивтілікті ашқан Француз ғалымы А. Беккерель радийдің сәулеленуінен қатты тері күйігін алды.
Радиацияның адамға әсерін клиникалық зерттеулер 40 жыл бойы жүргізілуде, бірақ радиацияның адам мен қршаған ортаға әсері жайында шынайы ақпарат тұрғындарға жетпейді. Радиация шынымен де өте қауіпті. Ол үлкен дозаларда рак ауруын қоздырып, генетикалық ауруларды тудыруы мүмкін. Зерттеушілер бойынша Хиросима мен Нагасакиде лейкоздың жоғары қаупі 5 жыл өткеннен кейін барып бірақ байқалған. Бұл аурудың салдары тек 25 – 30 жылдан кейін ғанажойылған. өлім жағдайлары тек сәулеленудің өте үлкен дозаларынан кейін ғана байқалды. Хиросима мен Нагасакида II дүнйе жүзілік соғыста тасталған ядролық қарудың жарылуы нәтижесінде сол жердегі тұрғындардың денсаулығына үлкен нұқсан келді.
Сондай-ақ 1995 ж. Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде жүргізілген аэрограмма, спехтографикалық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65-100 мкм/сағ. болғанын көрсетті.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан териториялардың да қалыптасуына теріс әсер етті.
XX ғасырдың ортасында ядролық қаруды Қазақстанда сынау адамдар өміріне өлкен зияндар тигізді. Көптеген адамдардың өмірі қиылып, балалар мүгедек болып өмірге келді.
Саясаттың құрбанына айналған жер-анаға тиген зардап әлі күнге дейін сыр беруде. Сондықтанда радиоактивті заттарды қолдану кезінде де үлкен сақтықпен қарап, оларды тек бейбіт мақсатта пайдалану қажет.
Радиация көзінен уақытпен, арақашықтықпен, сондай-ақ затпен қорғанады.
Уақытпен қорғану дегеніміз – радиация маңында неғұрлым аз уақыт өткізсе, қабылданатын сәуленің дозасы соғұрлым аз болады.
Ара қашықтықпен қорғану – сәулелену арақашықтықтың артуының квадратына кері пропорционал болады. Егер 1 метр арақашықтықта дозиметр 1000 мкР/сағ болса, 5 метр қашықтықта 40мкР/сағ шамасын көрсетеді.
Затпен қоғану – адам мен радиация көзінің арасында неғұрлым көп және тығыз заттың болуы. Бұл зат радиацияның белгілі бір бөлігін жұтады.
Ал жабық кеңістіктегі радиацияның негізгі көзі радонға келсек, бөлмені күнделікті желдетіп отыру олардың дозасының азаюына септігін тигізеді. Одан басқа, үйдегі жөндеу жұмыстары мен құрылысқа келсек, радиацияның қауісіздік материалдарды пайдаланған дұрыс. Адам ағзасы сәулелену өрісіне қорғансыз болып табылады. Сондықтан зиянды иондаушылар, яғни ағзаның сәулеленуіге деген қорғанысын арттырып, сәуле ауруының ауырлық деңгейін төмендететін дерлікпрепараттар қолданылады. Бұл препараттар адам ағзасына сәулеленуден бұрын енгізіліп, сәулелену кезінде ағзада болса, олардың емдік қасиеті артатүседі. Мысалы, йод қалқанша безінде жиналатындығы бегілі. Сол себептен, егер радиоактивті йод-131 ағзаға түсу қаіпі бар болса, онда ағзаға тұрақты йод немесе калий иодидін енгізеді.қалқанша безінде жинала отырып, йодтың радиоактивті емес түрөзгерістері онда йод 131 радиоактивті элементінің жинақталуына кедергі жасайды.
Стронций – 137 элементінен қорғану үшін құрамында кальций бар азық — түлік өнімдерін тұтыну крек. Олар асбұршақ, сүт, орамжапырақ және т.б.
РС – 1 препараты тез әсер ететін радиопртектор болып табылады. Қорғау эфектісі 40-60 минуттан кейін байқалады да 4-6 сағатқа дейін сақталады. Б -190 препараты өте тез әсер ететін препарат. Оның әсері 5-15 минуттан кейін басталып, 1 сағатқа дейін созылады.РДД – 77-ұзақ уақыт әсер ететін продиопротектор. Оның қорғау әсері екі тәуліктен кейін байқалып, 10-12 тәулікке дейін сақталады.
Сондай-ақ ағзаны радиациядан қорғайтын жеміс жидектер де бар. Бұл сары өрік, жүзім, алмұрт, итмұрын, алма және т.б. Құрамында радинуклейдтер аз болатын өнімдерге рафинадталған өсімдік майы, крахмал, қант, қарақат жатады.
Ең алдымен өнімдердің радиация деңгейін және оларды радинуклейдтерді жинақтау қабілетін білу қажет. Тіпті, ішкі өнімдерді қарапайым механикалық өңдеу олардың құрамындағы радинуклейдтер мөлшерін 20-дан 60%-ке дейін төмендетеді. өнімдердің радиоактивті ластануының мөлшері 4 кБк/кг (л) немесе 8*10^-7 Кл/кг(л)-ден аспауы тиіс. Азық өнімдерінің радиоактивті ластануы байқалса дереу қалалық санитарлық – эпидемиологиялық қызмет орындарына хабарлау қажет
2. Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдар.
XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында радиациядан қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (МКРЗ) құрылған болатын. 50-жылдардың басынан бастап әлемдік қауымдастық иондаушы сәулелердің адам ағзасына, қоршаған ортаға әсері мәселесіне көңіл бөле бастады. Бұл Хиросима мен Нагосакидегі бомбалау, сонымен қатар ядролық қаруды сынаудың радиоактивті материалдардың бүкіл жер шарына таралуына әкеліп соғуына байланысты еді.
Радиоактивті жауындардың биологиялық объектілерге әсері бойынша жеткіліксіз болғандықтан, 1995 ж. БҰҰ – ның бас ассамблейясы атомдық радиацияның әсері жөніндегі ғылыми комитет құрды. Оның негізгі қызметі әлемдік масштабта сәулелену дозасын, әсері мен салдарын бағалау еді. МА ГАТЭ – нің қызметінің негізгі бағыттарының бірі – атом станцияларының қауіпсіздігі мәселе болып табылады.
Өз елімізге келсек, Қазақстан Республикасында ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің мемлекеттік инфрақұрылымы құрылған. Радиациялық қауіпсіздік мәселелерімен Атом энергиясы жөніндегі комитет,
Денсаулық сақтау министірлігі, төтенше жағдайлар агенттігі сияқты құзырлы органдар айналысады.
3. Радицияның ағзаға түсу жолдары және әсері мен жолдары
Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді. Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы, сонымен қатар мадициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.
Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады. Радиация жануарлар мен өсімдіктерде де үлкен өзгерістер туғызады. әр организмнің радиосезімталдығы әр түрлі. Табиғатта радиосезімталдық бактериаларда байқалады. Осыдан көп жылдар бұрын Сахарада «Франция» атом бомбасы жарылғанда бүкіл жәндіктер, жануарлар арасында сарышаян радиациямен әсерленбеген. Сарышаяндар гамма сәулелердің жүз мың рентген күші бар жерде аман-сау тіршілігін сақтап, өмір сүре берген. Ал адамға оның 700 рентген сәулесі қатерлі, неліктен сарышаяндардың радиосезімталдығының жоқ екендігі құпия, ол зеттейтін мәселелердің бірі екніне оқымыстылар көңіл бөлуде. Бұл мәселені зерттеп, шешу адамға радиацияның қаіпті әсерінен сақтау үшін көмектесетін жаңа заттар шығаруға көмектесер еді. Ал, радиоактивтіліктіңадам ағзасына әсері жайлы сөз қозғасақ, радиацияның адамға әсерін сәулелену деп атайды. Бұл жердің негізін радиация энергиясының ағза жасушаларына берілуі құрайды. Сәулелену зат алмасуының бұзылуына, инфекциялық аруларға, майкөз, әр түрлі ісік аурулары, сәулелік күю сәуле ауруына әкеліп соқтырады.
Сәулеленудің зардаптары бөліну үстіндегі жасушаларға қатты әсер етеді. Сондықтан ол үлкен адамдардан гөрі жас балалар үшін қауіптірек. Адамдардың денсаулығына химиялық және шойын өндіру өнеркәсіптерінің үлкен нұқсан келтіретінін есте ұстау қажет…..