Тоқаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қызметінен босатты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«Мемлекет басшысының жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды», — деп жазылған президенттің жарлығында. 

Мұхамедиұлының орнына орынбасары Ақтоты Райымқұлова келді. 

«Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын», — делінген Тоқаев қол қойған жарлықта. 



sputniknews.kz