Реферат: Қазақ әдебиеті | Наурызбай Қасымұлы
Наурызбай Қасымұлы (1822, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) – батыр. Абылай ханның немересі, Кенесарының туған інісі. 1837 – 47 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында ерекше ерлігімен көзге түскен. Наурызбай Кенесарының тапсырмасымен көтеріліске қарсы жергілікті басшыларды бағындыру, салық жинау, барлау, әскерді қару-жарақ және азық-түлікпен қамтамасыз ету, дипломаттық, т.б. қызметтер атқарған. Ресей отаршылары мен Қоқан ханының озбырлықтарына қарсы соғыстардың барлығына қатысқан. 1841 жылы Кенесары хан болып сайланғанда хан кеңесінің мүшесі болған. Соғыста тапқыр, ұрыста батыл Наурызбайдың сөзге шешен, әнші-күйшілігімен, жауырыны жерге тимеген палуандығымен аты шыққан, бүркіт, қаршыға, лашын ұстап, құсбегілікпен айналысқан. Наурызбай 1847 ж. тұтқынға түскен ағасы Кенесарының қасына өз еркімен барып, қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты. Оның көркем бейнесі Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай” дастанында, М.Әуезовтің «Хан Кене” пьесасында сомдалған
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!