Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы баптар бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 -шы бабында /1995жыл 30-шы тамыз/ былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік және бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктерді заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өнімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай – ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады.
Мемлекеттік меншік өзі атын айтып тұрғандай мемлекеттің меншігі. Республика аумағындағы мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазақстан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен турады. Республикалық бюджет қаражат, алтын –валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Ресапубликасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғалардға бекітіліп мүліктен тұлрады.
Дәл казіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар, осы екеуіне тән негізделген меншіктің әр түрлі түрлері заңды деп саналады. Олар:
Арендалық кәсіпорынның меншігі;
Кооперативтердің меншігі ;
шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі;
Акционерлік қоғамның меншігі;
Ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі;
Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
Діни ұйымдардың меншігі.
Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының бүкіл қоғамдық организмнің өзін — өзі ұйымдастыру, өзін — өзі реттеуінің қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз орнын табады. Меншіктің әр түлрлі формалары бұл олардың механикалық жиынтығы емес, олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір – бірімен диалектикалық өзара байланыстылығы.
1.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі.
Рыноктық экономикаға көшу меншік қатынасын түбірімен өзгертуді талап етеді. өйткені, шаруашылық субъектілері рынокта өз жұмыстарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, еңбек нәтижесін толық мағынада иеленетіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен шығу үшін рынокта ресурс иелері бір-біріне қарама-қарсы әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыру шарт.
Советтік кезеңде мемлекет меншігінің үлесі шамамен 90 прроцентке дейін жетті, ал одан басқа колхоздардың, кооперацияның, жеке азаматтардың үлесі өте аз мөлшерде болғаны ақиқат.
Міне сондықтан да меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру рынокке көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі, қиын жағдайда әлеуметтік ахуальды бәсендетуде, еңбекшілерді әлеумметік қорғауда, олардың тұрмыс жағдайын, тікелей жақсартуда мемлекет күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін шаруақорлықпен пайдалана білетіндерге беру тиімді болары сөзсіз. Екіншіден, өндірісті дамыту, баға мен өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенге шейін, халық шаруашылығын тұрақтандыру мақсатымен, бақылаудан шығып бара жатқан инфляция құбылысын реттеу үшін финанс- кредит қатынасын қатты қолда ұстау қажет, яғни шығындарды азайту мақсатымен жоғарғы салық ставкасын, жоғарғы банк процентін енгізу керек. Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайтыны халыққа ауыртпалық салатыны да белгілі. Ал, рыноктық қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық үстемділікті жою және жекешелндіру өте қажет. Мемлекеет иелігінен алудың мәні мынада. Тотенше мемлекеттік экономиканы көп укладты аралас экономикаға көшіру. Ол болса, мемлекетті бір орталықтан басқару қызметінен босатып, көп меншілітілі басқару формасына көшуді қамтиды. Бұл процестің өзі өте күрделі, ал меммлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әрқилы. Олай дейтініміз, біріншіден мемлекет иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен жүргізуге де болады. Дегенмен түбінде меншік қатынасын алмастыруды күн тәртібіне қояры сөзсіз. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі өзгермейді, алайда оның өніміне, айналым қорларына арендатор иелік етеді, осымен байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады. Ал, аренда кезінде сатып алу болса, бұл жекешелендіруді көрсетеді.
Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада жеке азаматтар, заңдық мағынада- кәсіпорындар, ұйымдар. Жекешелендіру субъектісі еңбек коллективі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қазіргі әйгілі коллективтік кәсіпорын идеясы орын алады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектілері- мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекет кәсіпорындарының финанс активі, тұрғын үйі қоры т.б.
Сонымен, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік меншіктің басым көпшілігі жаңа субъектілерге көшуі тиіс, сөйтіп, ресустарды пайдалану мен ұдайы өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік әділеттілкті ұштастыратын болады.
Ал, мемлекеттік меншікті үлестіре салу оп-оңай мәселе емес, ол, үлкен талдауды, заңдылықты талап етеді.
Парламентіміз қабылдаған заң актілерінде, дағдарысқа қарсы бағдарламада, ақырында, 1993-1995 жылдарға арналған мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасында мемлекеттік меншікті одан әрі өзгертудің жолдары айқын белгіленеді. Сансыз кедергілерге тап болып, қолды бір сілтегендер де, ісі ыңғайға келмей, әрі сәрі күй кешкендер де жетіп жатыр. Ал енді осы шақтағы бейберекетсіздік пен бақылаусыздықты, ақшаның құнсыздануын, бағаның тұрақсыздығын пайдаланған алып сатарлар толып кетуі қынжырлық жәй. Осындай бұра тартушылық пен жасырын жекешелендірушілік басым түскен бірінші кезең осымен аяқталады. Бұрын еңбек стажына қарай әр адамға тұрғын үй купондары есептелген. Енді әр адам 100 /қалада/ 120 /селода/ инвестициялық купондар тиесілі болды. Міне, мемлекеттің тең мүмкіндік беруі осы, мемлекет бағыт сілтейді, басқа да ұйымдық шаралар жүргізеді. Кәсіпорындарда акциялардың 20% ұжымға, 5% басшылыққа дегендей әңгіме болды. Ал енді адамдардың бәрі бірдей кәсіпорындарда емес қой, сонда басқа қызметкерлер неңің 20% алады. Сонымен бірге бірінші кезеңде бізде жұрттың бәрін мүлікті, мүлік иесі етеміз деп келдік. Бұл болмайтын нәрсе еді. өз еңбегімен адал тұратын 100 отбасын алып қарасақ, солардың әрқайсысы еңбегіне, қабілетіне, ұмтылысына қарай әрқалай тұрады. Бірінші кезеңде істелген жұмыстар мен жиналған тәжірибелер біздің кең ауқымды жекешелендіруге кірісуімізге мүмкіндік береді. Сындарлы элемент ретінде жекешелендіру бірқатар маңызды әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуге тиіс. Сондықтан да екінші кезеңде мемлекет меншікті ауыстырудың бірыңғай саясатын жүргізуді алға қойды. Мемлекет тарапынан нені жекешелендіру керек, нені мемлекеттен сатуға, сатып алуға болады, осы мәселелерді реттейтін әділ экономикалық тетік қажет болатын. Бұл үшін әрбір адамға сыбағайлы акцияларын үлестіруді белгілі бір тәртіппен анықтау қажет еді. Жеке меншік иесі болу әркімді де еңбек өнімділігін арттыруға, өнімді көп шығаруға жетелесе керек. Бұған дәлел ретінде осы жекешеленген кәсіпорындар мен ұйымдардың жекелеген шарушылықтардың даму қарқынын айтуымызға болады. Мысалы, жекешелендірудің нәтижесінде 482 кәсіпорында 59 миллиард сомның өнімі өнділген. Агроөнеркәсіп кешенінде 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7 проценті мөлшерінде өнім өндірген. Міне, бұл жетістіктердің арқасында республикалық арнаулы есепшотқа 3,3 миллиард сом және жергілікті есепшоттарға 850 миллион сом түсті. Жекешеленген кәсіпорындардың жалпы саны 1993 ж-7 мыңнан асты, шамамен 68 процент –сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін өтеу, коммуналдық шаруашылық объектілері. Бұл процентермен бір мезгілде бір сыпыра орта және ірі кәсіпорындарда акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жұмысы да жүргізілді. Жарғылық қоры 23 миллиард сом болатын 522 кәсіпорын қайта құрылды. Жекешеленген объектілердің 32 проценті бұрынғысынан тәуір, тиімді істесе, 29 проценті сол деңгейде қалған, өкінішке орай 25 процентке өнім шығару кеміткен, ал 14 проценті тоқтап қалған енмесе жұмыс істейтін адамдар санын қысқартуға мәжбүр болған. Қазақстан республикасының ерекше меншігі болып табылатын жер, оның қойнауы, су және кеңістіктегі, тарихи ескеркіштерден басқа да кәзіргі меншіктің 51 проценті қалады деп есептелінеді. Осы жерде бір айта кететін мәселе бұл оқу, мәдениет, деңсаулық сақтау жүйелерін жекешелендіру мәселелері болып отыр. Жекешелендірудің басты мақсаты- өнім өндіруді, қызмет көрсетуді және оның сапасын жақсартуға бұрынғыдан арттыра түсу, қоғамдық байлық молшылдығын жасау, халықтың тұрмыс дәрежесін жаңа сатыға көтеру.
Сонымен Қазақстан республикасында 1992 жылы басталған экономиканы рыноктық қатынастарға көшірумен байланысты реформа белсенді жүріп жатыр. Міне, осы кезеңде көпукладты экономиканы қалыптастыру процесі қарқынды жүрді. 1995 жылдың аяғында республикада әрекет ететін 91,3 мың шаруашылық субъектілерінің 73,4 мың мемлекеттік емес секторда болды. Сол жылы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 30,4 проценті, ауылшаруашылығында жалпы өнімнің 38,9 процентін де осы сектор құрады. Республикада орта және кішігірім бизнес кеңесінен дамыды. Басқа факторлармен бірге мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі де оған әсерлі ықпалын тигізді. 1993-1995 ж.ж. шағын жекешелендіру бағдарламасына сай аукцион арқылы тағы да 2 мың кәсіпорын сатылды; 2130 совхоз бен ірі деген ауыл шаруашылығы кәсіпоындардың 93 проценті мемлекеттік иелігінен алынып жекешелендірілді. Осының нәтижесінде мемлекеттік емес сектор, меншік иесі таптары құрылып, жекешелендірілген кәсіпорындарының 60 проценттік уставтық қоры жеке қолға өтті.
1993-1995 ж.ж. үкімет тарапынан қарқынды жүргізілген қатаң монетарлық саясат макроэкономикалық дәрежеде кейбір тұрақтылыққа қол жеткізді. 1995 ж. өзінде 1994 ж. Салыстырғанда инфляция дәрежесі 160 процентке төмендеді, жалпы ішкі өнім өндірісінің төмендеуі 8 прцентке, бюджет тапшылығы 3 процентке төмендеді. Сол 1995 ж.ең алғашқы рет сыртқы сауда айналымында оңды қалдыққа қол жетті. 1996 ж. басында жеке қолға 60 процент жекешелендірілген өндіріс орындары өтті. Соның ішінде 1/3 бөлігі ақшалай, тағы да 1/3 бөлігі жұмысшылардың қолындағы капитальды құрайды. Сол сияқты ұлттық валюта енгізіліп, оның болжамды курсын тұрақтандыруға қол жетті.
1.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері.
Республикамызда нарықтық қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Нарық экономикасының өту кезінде мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі еңбекшінің бөтенсуін тоқтатып, олардың қожайындық сезімін қалыптастыру болды. Ол үшін меншікті мемлекет иелігінен алып жеке меншік қатынастарының қалыптасуына жағдай жасау қажет болды. Сол себепті елімізде жекелендіру жүргізіле бастады.
Қазақстан Республикасында меншіктің алуан түрлерін қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен не иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге алырылады. Меншік туралы Заңының 1- бабында мемлекет иелігінен алу –мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру арқылы қайта құру. Ал жекешелендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және басқа да заңда тұлғалардың жеке меншігіне беру дегенді білдіреді.
Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылдан басталып, бірнеше кезеңнен өтті.
1 — кезең 1991- 1993 жылдар аралығы
2 — кезең 1993 – 1995 жылдар аралығы
3 — кезең 1996-1998 жылдар аралығы
4 — кезең 1998- жылдан кейінгі
Жекешелендірудің бастапқы кезеңі 1991-1993 жылдары аралығында жүргізілді. Алғашқы кезеңі аясында бірсыпыра шаралар қабылданды 7000 – ға жуық кәсіпорын ресми түрде жекешелендірілді. Ол жұмыспен қамтылудың 12% -ын қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорындардың 10% — ын құрайды. Жекешелендірудің бастапқы кезеңі барысында қорлар, ең әуелі кәсіпорындардың ұжымдары мен басшыларына сатылды. Бұл сату жөніндегі операциялар тиісті айқын ережелердің болмауы себепті мемлекет мүддесіне зиян болып тиді. Сондықтан мемлекет 1993 жылдың ақпан айында үкімет бәрін қамтитын бағдарлама қабылдағанға дейін, кәсіпорындарды одан әрі сатуды тоқтатты. Осы 1-ші кезеңде республикада 4500 – ден астам әртүрлі республикалық және коммуналдық меншіктердің объектілері қайта құрылды. Өндірістегі орта және ірі кәсіпорындарды акцияландыру процесі жеделдетілді. Аграрлық актор бойынша, 447совхоз жекешелендірілді.
1993ж. 5 наурызда «Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіруді жүргізудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы» туралы Президенттің Жарлығы шықты. Осыны орындау мақсатында мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет бірқатар нормативтік құжаттар пакеті мен оны жүзеге асырудың календарлық – жоспар графигін әзірлеп, қабылдады. Олардың ішіндегі аса маңыздылары: «Жекешелендірудің инвестициялық купондары туралы ереже», «Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» және т.б. Сөйтіп, жалпы саны 6 құжат қажеттерді әзірленіп, бұлар негізінен 1993жылдың шілде айынан жүзеге асырыла бастады. Соларға сәйкес әуелі кіші жекешелендіру жүргізілді. Ол негізінен! бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, турмыстық қызмет көрсету, сондай – ақ жұмысшыларының саны 200-ден аспайтын кішігірім өнеркәсіп орындарын қамтыды. Кіші жекешелендірумен қатар, жаппай және жеке жобамен жекешелендіру жұмысы да жүргізілді. Мұның міндетті шарты — мемлекеттік кәсіпорындарды алдын- ала акционерлендіру болып табылады. Осыған байланысты 2-ші кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері де аз емес. Мәселен, тау- кен өндіріс, металлугия, химия өнеркәсіпбінің, сондай – ақ қорғаныс саласының ірі кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендірілді.
Жаппай жекешелендіру бағдарламасы 1993жылы шілде айында инвестициялық қор құрудан басталды. онан соң 1993 жылдың қазан айынан бастап халық арасында жекешелендіру кутондарын тарату қолға алынды. Жүздеген фирмаларды акционерлік компанияға айналдыру, сондай –ақ қоғамдық ақпарат компаниясын жүргізу істеріне дайындықтар жасалды. 1994 жылы наурыз айында алғашқы ірі аукциондар сериясы өткізілді. Барлық еңбеккерлерді жекешелендірумен қамтамасыз ету үшін, жалпы мемлекеттік мүліктің бір бөлімін Қазақстанның барша азаматтарына тегін беру мақсатында Қазақстан Республикасында жекешелендірудің инвестициялық купондар жүйелі енгізілді.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің қорытындысы:
Жекешелендіру халықтың психологиясына көңіл қоймастан, бір сәттің ішінде меншік иесі болып шыға келу мүмкін еместігін ескерместен, тиісті дайындықсыз жүргізілді.
Еңбек ұжымдары меншік иелері бола алмады.
Жекешелендіру процесі кезінде мүліктер: негізгі және айналымдағы қаржы, қаржылық активтер, бітпеген құрылыстар, орнатылмаған жабдықтар, тұрғын үйлер қорынан өзге басқа да құндылықтар дұрыс бағаланбады. ….