Реферат: Экономика | МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ

0
207

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады, Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымнын алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген енбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе онын алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алын өздерінің жұмысын жандандырьш жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Несие – бір занды тұлғаның екінші бір занды тұлғаға немесе жеке адамның занды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытка заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалык қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялык және банктік болып екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие — бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі – ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісімшарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін (қайтарылу) мерзімі, міндеттемесі өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім мөлшерлемелері мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.
Кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын не сие алудың кажеттілігін оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы мөлшерлемелерімен және басқадай талаптарымен танысып, әдетте алдын ала шешіп алуы кажет. Банк мекемелері, әдетте несие сұраушы ұйымның төлем кабілеттілігі және қаржы тұрактылығы жағдайын тексереді. Ол үшін кәсіпорынның тиісті бухгалтерлік ақпаратты мәліметтерін алып танысады. Берілетін уақыт аралығына сәйкес банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзак мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттігі — бұл, кәсіпорынның өндірістік және сауда айналымы капиталының зандылықтарына негізделген.
Банк мекемелері несиелерінің есебі
Банк несиесі есебі қысқа және ұзак мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі

бекітетін «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.
Несиелер қайтарымдылык, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.
Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар және тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінін жарғысын, кұрылтайлық кұжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек.
Жалпы кәсіпорындарға берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары ұйымның өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан-ақ кейін, несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.
Банк мекемесі мен несие алушы кәсіпорын арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісімшарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісімшарт негізінде беріледі. Несиелік келісімшарт банк мекемесімен әрбір несие алушы ұйым (клиент) үшін жеке-жеке жасалады.
Қысқа мерзімді банк несиелері (бір) жылдан аспайтын уақытқа беріледі (яғни 12 (он екі) айдан артық емес уақытқа). Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде онын мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Банк несиесі кәсіпорыннын, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) қарамай-ақ беріледі және қолма-кол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан онын есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар» немесе «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және тағы да басқа шоттар;
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты;
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты;
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты;
К-т: «ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі
Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция тартып, әр түрлі дүние жүзіндегі ірі банктерден де иесие алынады. Соның ішіне есептелетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше елдеріне берілетін «СТЭД-БАЙ» иесиесі болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уакыт ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына, кедендік төлемдерді төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!