Алматыда адамдарды көлікпен таптады деп күдіктелгендер ағайынды болып шықты – Қазақстан жаңалықтары

0
90

Алматыда көлікпен ер адамдарды таптағандарға қатысты істе жаңа мәліметтер пайда болды. Белгілі болғандай, екі көлікті ағайынды жігіттер тізгіндеген. Олардың анасы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді.

«Өлгенше тепкілеген»: Алматыда адамдарды көлікпен таптады деп күдіктелгендердің анасы өз нұсқасын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Назира Әлікееваның сөзінше, оның ұлдары Дінмұхаммед пен Жандос осылайша қорғанбақ болған. Олар ұлдары қақтығыстың құрбаны болды деп санайды.

Арна мәліметінше, болжам бойынша, үш ер адамды таптаған қара түсті көліктің тізгінінде 20 жастағы Дінмұхаммед болған. Жігіт көлікті оқиға болған жердің маңында тастап, қашып кеткен. Полиция күдіктіні әлі де іздестіріп жатыр.

Белгілі болғандай, оқиғаға қатысы бар екі көлік те Әлікеевтер отбасына тиесілі.

Оқиғаға қатысы бар 24 жастағы Жандос есімді екінші күдікті тұтқындалды. Ол – Дінмұхаммедтің ағасы.

Олардың анасының сөзінше, сол күні ұлдары туыстарының туған күнін атап өткен. Алайда дәмханадан шығып бара жатқанда бір топ ер адаммен сөзге келіп қалады. Сол кезде ағайындылардың бірі өз өмірін құтқару үшін олардың қорқытпақ болған.

«Ұлымнан әлдеқайда үлкен 13 еркек оған тап берген. Оны ұрып-тебе бастаған. Оны көрген менің кіші ұлым… Көлікті кіші ұлым тізгіндеді деп айта алмаймын. Жалпы, сол адам көлікке отырып, ер адамдарды қорқыта бастаған. Себебі ол жерде Жандосты өлгенше тепкінің астына алған», – дейді Назира Әлікеева.

Әйелдің айтуына қарағанда, сол кезде Жандос ақ түсті көлікке отырып, кетіп қалған. Оның үлкен ұлы сол күні-ақ ұсталыпты. Бүгінде тергеу изоляторында отырған ол кінәсін толықтай мойындаған.

Қазіргі уақытта ағайындылар кісі өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр. Мұндай қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушілері бір әрекетті бірнеше рет қайталаған. Яғни көліктер бірнеше мәрте бұрылған. Ол қасақана қағуды куәландырады, дейді.

Ал ағайындылардың анасы олардың өмірі құрдымға кеткенін қаламайды.

«Ол тоқтатап, қашып кетпей, көмек көрсетуі керек екен. Логика қайда? Олар тағы қуып жетіп, ойға алғандарын жасап, оны өлтіріп тастайтын еді», – дейді Назира Әлікеева.

Ал күдіктілердің әпкесі президенттен көмек сұрап отыр.

Әліге дейін табылмаған Дінмұхаммедті іздестіруге үздік деген ізкесушілер тартылған. Сонымен қатар екі көлік те тәркіленіпті. Әзірге жанжалға не себеп болғаны белгісіз қалып отыр.

Еске салсақ, 26 тамыз күні Алматыда көлікті қару ретінде пайдаланған төбелес болды. Оқыс оқиға Бостандық ауданындағы Гагарин-Дружба көшелерінің қиылысында таңғы сағат бес шамасында орын алғаны хабарланған болатын.

stan.kz