Реферат: Химия | КӨМІРТЕГІ КРЕМНИЙ
Периодтық жүйенің IV тобыңдағы элементтердің ішіндегі ең маңыздылары— көміртегі мен кремний. Көміртегі — тірі ағзалардың (организмдердің) құрамына кіретін элементтердің аса маңыздысы болса, кремний — жер қыртысында көп тараған элементтердің бірі.
Көміртегі мен кремний периодтық жүйеде атомдары электрондарын оңай беретін «оң электрлі» элементтер мен атомдары электрондарды оңай қосып алатын «теріс электрлі» элементтердің аралығында орналасқан. Сондықтан көміртегі мен кремний периодтық жүйедегі орнына, атомдарының құрылысына байланысты химиялық реакцияда валентті электрондарын түгелімен басқа атомдармен коваленттік байланыс түзуге жұмсайды.
Көміртегі (II) және көміртегі (IV) оксиді.
Ағашты құрғақ айдау.
Жұмыстың мақсаты. Активтелген көмірді және көміртегі (II) оксидін алу әдістерімен және олардың химиялық қасиеттерімен танысу. Ағашты құрғақ айдағанда бөлінетін заттарды байқау.
Құрал-жабдықтар. Стақандар, колбалар, пробиркалар, тамшылатқыш құйғыш, ағаш жаңқасы, шыны түтікшелер, резеңке түтік, спирт шам, электр плиткасы, хлорды және азоттың (IV) оксидін алатын құралдар.
Реактивтер. Құмырсқа қышқылы, қымыздық қышқылы, концентрациялы күкірт қышқылы, мыс (II) оксиді, фуксиннің, көк сияның ерітінділері, ағаш көмірі.
1 -тәжірибе. Активтелген көмірді дайындау. Стақанға ағаш көмірінің ұсақ бөлшектерін салыңдар, үлкендігі шамамен 1—1,5 см болсын. Содан соң стаканның жартысына дейін ыстық су құйыңдар. Ағаш көмірін салған ыстық суды 4—5 минуттай қайнатыңдар. Көмірдін суды бойына сіңіріп, салмағының ауырлағанына көңіл бөліңдер. Сұйықтықты салқыңдатып, ішіне мақта салынған құйғыш арқылы өткізіп, көмірді сүзіп алыңдар. Көмірді жинап, қайта қыздырыңдар. Темір тостағаншаны салқындатып, көмірдің кеуектенгеніне назар аударыңдар. Міне, осыңдай өңдеуден кейін көмір активтелген көмірге айналады. Осы активтелген көмірді келесі тәжірибелерге пайдаланыңдар.
2-тәжірибе. Активтелген көмірдің ерітінді бояуын сіңіруі. Пробирканың үштен бір бөлігіне дейін су құйып, оған бір-екі тамшы фуксиннің немесе күлгін сиянын ерітіндісін тамызыңдар. Үстіне бірнеше түйір активтелген көмір салыңдар. Пробирканың аузын үлкен саусақтарыңмен басып тұрып, бірнеше рет шайқап араластырындар. Біраз уақыт тұңдырып қойыңдар. Ерітіндінің түссізденгеніне көңіл бөліңдер. Ағаш көмірінің бұл қасиетін адсорбция деп атайды. Бұл тәжірибені дәрі ретінде пайдаланылатын карболенмен де жасауға болады.
3-тәжірибе. Активтелген көмірдін газдарды сіңіруі. Екі колба алып, бірін хлормен, екіншісін азоттын диоксидімен толтырыңдар. Екеуіне де активтелген көмір салып, колбалардын аузын тығындаңдар. Колбаларды шайқап араластырыңдар. Колбадағы газдардың түссізденгеніне назар аударыңдар. Оларды кристалдағыштағы суға төңкеріп, тығындарын су ішінде ашыңдар. Колбаларға судың көтерілгенін байқаңдар.
4-тәжірибе. Ағаш көмірінің мыс (II) оксидін тотықсыздандыруы. Ағаш көмірінің тотықсыздандырғыш қасиетін мынадай тәжірибе арқылы онай байқауға болады. 0,5 г мыс (II) оксиді мен 0,5 г ұнтақталған ағаш көмірін араластырып, пробиркаға салып, аузын газ өтетін түтігі бар тығынымен бекітіңдер. Түтіктің екінші ұшын стақанға құйылған әк суына батырып, пробирканы штативке көлбеу бекітіңдер. Пробиркадағы ағаш көмірі мен мыс (II) оксидінің қоспасын қыздырыңдар. Біраздан кейін стақандағы әк суы лайланады, яғни мыс (II) оксиді мен көмір әрекеттесіп, көмір қышқыл газы түзіледі. Көмір қышқыл газының бөлінуі тоқтаған кезде, пробиркадағы қоспаны қағаз бетіне төгіп, ақырын үрлеңдер. Сонда ағаш көмірі қағаздан ұшады да, артық алынған мыс оксиді мен тотықсызданған мыс қалады.
5-тәжірибе. Көміртегі (II) оксидін органикалық заттардан алу. Зертханада көміртегі (II) оксидін қымыздық қышқылын (Н2С2О4) немесе құмырсқа қышқылын (НСООН) концентрациялы күкірт қышқылымен қосып қыздыру арқылы алады. Концентрациялы күкірт қышқылы органикалық қышқылдар айырылғанда бөлінетін су молекулаларын өзіне қосып алады. Енді осы екі әдіс бойынша көміртегі (II) оксидін қалай алуға болатындығын қарастырып көрейік. а) қымыздық қышқылынан алу. Колбаға 4 — 5 г қымыздық қышқылын салып, аузын тамшылатқыш құйғышпен және газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Құйғышқа концентрациялы күкірт қышқылын құйыңдар. Газ шығатын түтікті ішінде сілті ерітіндісі бар пробиркаға тығын арқылы кигізіңдер. Ол тығынға тағы бір түтік кигізілуі керек, себебі ол түтік арқылы көміртегі (II) оксидін жағып көресіңдер. Пробиркаға қажетті реактивтерді құйып, құралды құрастырып болғаннан кейін штативке бекітіңдер де, құйғыш арқылы концентрациялы күкірт қышқылын тамшылатып қосыңдар. Реакция нәтижесіңде көміртегі (II) оксидімен бірге көміртегінің (IV) оксиді де түзіледі. Ол пробиркадағы сілті ерітіндісіне сіңеді де, бос көміртегі (II) оксиді пробиркадағы екінші түтік арқылы сыртқа шығады. Оны сол шыққан жерінде жағып көріңдер. Колбадағы қымыздық қышқылына концентрациялы күкірт қышқылын құйғаннан кейін көміртегі оксидтері біршама жақсы бөлінсе, колбаны қыздырудың қажеті жоқ. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) құмырсқа қышқылын алу. Жоғарыдағы құралды пайдаланыңдар. Колбаға 4—5 мл құмырсқа қышқылын құйыңдар. Тамшылатқыш құйғышқа 2—3 мл концентрациялы күкірт қышқылын құйып, құралды пробиркадағы сілті ерітіндісімен жалғастырып, штативке бекітіңдер. Содан кейін күкірт қышқылын құмырсқа қышқылына тамшылатып құйыңдар. Күкірт қышқылы құмырсқа қышқылынан суды қосып алады да, көміртегі (II) оксиді бөлініп шығады. Ыдыстың ішіндегі ауа толық ығысқан кезде көміртегі (II) оксидін жағып көріңдер немесе көміртегі (II) оксидін цилиндрге жинап алындар. Цилиндрдің аузын жоғары қаратып ұстаңдар да, ішіне су құйыңдар. Көміртегі (II) оксиді суды толық ығыстырған кезде цилиндрді судан алып, ондағы көміртегі (II) оксидін жағып көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6-тәжірибе. Көміртегі (II) оксидінің тотықсыздандырғыш қасиеті. Көміртегі (II) оксиді бос күйіндегі немесе қосылыстардың құрамындағы оттегімен де қосыла алады. Көміртегі (II) оксиді металл оксидімен реакцияға түскенде, металды бос күйіне дейін тотықсыздандырады. Көміртегі (II) оксидін бұрынғы әдістердің бірімен алады. Шыны түтікке мыс (II) оксидін салып, қыздырыңдар. Мыс (II) оксиді қызған кезде колбадағы қымыздық қышқылына тамшылатқыш құйғыш арқылы концентрациялы күкірт қышқылын тамызыңдар. Көміртегі оксиді бөліне бастайды. Ол түтік бойымен өткен кезде мыс оксидімен әрекеттесіп, оны тотықсыздандырады. Реакция нәтижесінде түзілген көміртегі (II) оксиді реакцияға қатыспай қалған көміртегі (II) оксидіне араласқан күйде шыны шөлмектегі әк суына келеді. Мұңда көмір қышқыл газы әк суымен әрекеттеседі, оны әк суының лайланатынынан байқаңдар. Ал көміртегі (II) оксиді шөлмектен екінші түтік арқылы сыртқа шығады, оны осы жерде жағып көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
7-тәжірибе. Ағашты құрғақ айдау. Ағашты ауа қатыстырмай жабық ыдыстың ішінде қыздырғанда оның құрамына кіретін органикалық заттар айырылып, бөлініп шығады. Бұл процесте газ, сұйық және қатты заттар түзіледі. Бірақ ыдыстың ішінде ауа болмағаннан, түзілген жанғыш заттар от қойса да жанбайды. Зертхана жағдайында тәжірибені орындау үшін аса күрделі жабдықтың қажеті жоқ. Ол үшін, дөңгелек түпті колбаның немесе ретортаның жартысына дейін ағаштың құрғақ жаңқасын немесе ұнтағын салып, аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Оны суық суға салынған екінші колбамен жалғастырындар. Суық су колбаға келген сұйық өлшемдерді суыту үшін керек. Колбадан екінші бір түтікті сыртқа шығарып қойыңдар. Ол колбадағы газды сыртқа шығару үшін қажет. Осыдан кейін ағаш жаңқасы бар колбаны штативке көлбеу бекітіп, қыздырыңдар. Ағаш жаңқасынан бөлінген газ және сұйық өнімдер суық суға салынған қабылдағышқа келеді. Тұтқыр заттар мен сұйықтықтар колбада қалып қояды да, газдар ауаны ығыстырып, газ шығатың түтіктен сыртқа шығады. Оны түтіктің ұшында жағып көруге болады. Ол жарқыраған жалын шығарып жанады. Тәжірибені аяқтағаннан кейін, қабылдағыш колбадағы сұйық өнімдерді тексеріп көріңдер. Алғаш көк лакмус қағазына әсерін байқаңдар. Лакмус қағазы қызарады. Одан бөлінген сұйықтықтың ішінде сірке қышқылының бар екенін аңғаруға болады. Оны сұйық қышқылды (СН3СООН) ағаш сіркесі деп атайды. Ол сұйықтықта сірке қышқылынан басқа ағаш спирті, ацетон және басқа да өнімдер болады. Колбадағы сұйықтықтың бетінде қалқып жүрген ным (смола) болады. Оның құрамы ете күрделі, онымен сендер органикалық химия курсында танысасындар.
Көміртегі диоксиді және көмір қышқылы
Көміртегі диоксиді — түссіз, ауадан ауыр газ. Оны көмір қышқыл газы деп те атайды. Ол барлық жану, шіру, тыныс шығару, фотосинтез процестерінің өнімі. Көміртегі диоксиді суда (1:1) ериді, қатты қысым түсірсе (60 МПа) қалыпты температурада-ақ сұйылады. Сұйық көміртегі диоксиді қатты суығанда қар сияқты массаға айналады. Оны «құрғақ мұз» деп те атайды.
Жұмыстық мақсаты. Көмір қышқыл газы мен көмір қышқылын алу және олардың химиялық қасиеттерімен танысу.
Құрал-жабдықтар. Бөлгіш құйғыш, колбалар, пробиркалар, имек шыны түтіктер, стақандар, зат жағатын темір қасық, темір келі мен келсап, қызыл және кек лакмус қағаздары, лакмус, фенолфталеин ерітінділері, құм.
Реактивтер. Көмір қышқыл натрий, магний, кальцийдің құрғақ тұздары. Мәрмәр, кальций гидроксидінің ерітіндісі, хлорлы барий, азот қышқылы, күміс тұзының ерітіндісі, магний таспасы не ұнтағы, сұйылтылған (1:1) түз, күкірт (1:5) және концентрациялы түз және күкірт қышқылдарының ерітінділері.
1 -тәжірибе. Көміртегі диоксидін алу. Зертханада көміртегі диоксидін борға немесе мәрмәрге (СаСО3) сұйылтылған қышқылдардың бірімен әсер ету арқылы алады. Әсіресе тұз қышқылын пайдалану тиімді. Көміртегі диоксидін алу үшін Кипп аппаратын пайдаланыңдар. Егер ол болмаса газ жинайтын карапайым құрал құрастырыңдар. Колбаға бірнеше түйір мәрмәр салып, аузын газ шығатын түтігі бар және бөлгіш құйғыш кигізілген тығынмен бекітіңдер. Бөлгіш құйғышқа тұз қышқылының (1:1) ерітіндісін құйыңдар. Күкірт қышқылын көмір қышқыл газын алуға пайдалануға болмайды, өйткені мәрмәрдің сыртын нашар еритін кальций сульфаты қаптайтындықтан, газ тым баяу бөлінеді немесе реакция тіптен тоқтап қалады. Газ шығатын түтіктің ұшын көміртегі диоксидін жинайтын ыдысқа батырыңдар. Тамшылатқыш құйғыш арқылы мәрмәрге тұз қышқылын құйындар. Бөлінген көміртегі диоксиді колба мен стақандағы ауаны ығыстырып болған кезде жанған шырпыны салып тексеріп көріңдер. Көміртегі диоксиді толған стақанның бетін шыны пластинкамен жауып, шеткері қойыңдар. Осылай көмір қышқыл газына екі стақан мен бір колбаны толтырыңдар. Ол кейінгі жасайтын тәжірибелеріңе керек болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2-тәжірибе. Көміртегі диоксидін бір ыдыстан екінші ыдысқа құю. Көміртегі диоксидінің ауадан ауырлығын байқау үшін, көмір қышқыл газын бос стақанға суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйған тәрізді құйыңдар. Көміртегі диоксидінің бір ыдыстан екінші ыдысқа құйылғанын жанған май шам арқылы дәлелдеуге болады. Көміртегі диоксиді құйылған стақанға темір қасықшаға орналастырған май шамды алып барғанда, ол сөніп қалады, ал көміртегі диоксидінен босаған стақанға апарғанда май шам жана береді.
3-тәжірибе. Магнийдін көміртегі диоксидінде жануы. Сендер көміртегі диоксидінің жануды қуаттамайтынын білесіңдер. Өртті көміртегі диоксидімен сөндіреді. Көміртегі диоксиді өзінін, өте нашар тотықтырғыш екеніне қарамастан, онда кейбір заттар жанады. Мысалы, жанып тұрған магнийді көміртегі диоксидімен сөндіруге болмайды. Оны білу үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. 3—4 см-дей жіңішке магний таспасын темір қысқышпен ұстап, жағыңдар. Ол жана бастаған кезде көміртегі диоксиді бар стақанның біріне салыңдар. Магний көз қаратпайтын өткір жалынмен жана береді. Стақанның қабырғасына қонған қара күйе мен магний оксидінің майда ақ кристалдарын көруге болады. Егер магний таспасы болмаса, бір тілім қағаз алып оның бетіне желім жағып, үстіне магний ұнтағын қалың етіп себіңдер. Желім кепкеннен кейін, жабыспай калған магний ұнтағын ыдысқа қайта салып, магний жабысқан қағазды таспа тәрізді етіп қиыңдар, таспаны жағыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Көмір қышқылы және онық тұздары
Көміртегі диоксиді суда ерігенде, аздап сумен әрекеттесіп, көмір қышқылы түзіледі. Ол тек судағы ерітінді түрінде ғана белгілі. Көмір қышқылы ете тұрақсыз қышқыл. Қыздырғанда көміртегі диоксидіне және суға айырылады. Көмір қышқылы екі негізді қышқыл болғандықтан, екі түрлі түз түзеді. Қалыпты тұздарын карбонаттар, ал қышқыл тұздарын гидрокарбонаттар деп атайды. Көмір қышқылының барлық тұздары басқа қышқылдармен әрекеттескенде көмір қышқыл газы бөлінеді, сондай-ақ қыздырғанда барлығы да металл оксиді мен көміртегі оксидіне айырылады.
4-тәжірибе. Көмір қышқылын алу. Көмір кышқылының тұздарын қышқылдармен әрекеттестіріп, реакция нәтижесінде бөлінген көміртегі диоксидін суда еріту, сіңіру арқылы көмір қышқылы алынады. Ол үшін пробирканың 1/3 бөлігіне дейін дистилденген су құйып, үстіне бір-екі тамшы лакмус ерітіндісін тамызыңдар. Оны көміртегі диоксидін алатын құралмен жалғастырыңдар. Пробиркадағы суға көміртегі диоксидінің ағынын жіберіңдер. Пробиркадағы лакмус ерітіндісінің қызарғанына назар аударыңдар. Лакмус ерітіндісі бар осы сұйықтықты спирт шамның жалынында қыздырыңдар. Ерітінді түсінің бастапқы қалпына келгеніне назар аударыңдар. Тәжірибені түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
5-тәжірибе. Қыздырғанда көмір қышқыл тұздарының айырылуы. а) тақтаға жазып пайдаланып жүрген бордың бір түйірін алып, майдалаңдар. Оны екі бөліп, бір бөлігін электр плиткасының үстіне қойып, күйдіріңдер. Әбден күйген кезде пробиркаға салындар. Күйдірмей алып қалған бордың ұнтағын екінші пробиркаға салыңдар. Екі пробиркаға да аздап дистилденген су құйып, шайқап араластырыңдар. Енді екі пробиркадағы ерітіндіге де 1—2 тамшыдан фенолфталеиннің ерітіндісін тамызыңдар. Қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңдер. Күйдірілген бор бар пробиркадағы ерітінді неге қызғылт түске жақсы боялады, ал екіншісі нашар боялады? Бұл құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) пробиркаға 1—2 г натрий гидрокарбонатын салып, аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Газ шығатын түтіктің ұшын әк суына батырыңдар. Пробирканы штативке бекітіп, спирт шаммен қыздырыңдар. Натрий гидрокарбонатын салған пробирканың қабырғасында су тамшыларынын пайда болғанын және әк суының лайланғанына назар аударыңдар. Көміртегі диоксидінің бөлінуі тоқтағанға дейін қыздырындар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Гидрокар-бонаттарға қарағанда карбонаттар қыздыруға тұрақтылау болатыны естеріңде болсын.
6-тәжірибе. Көмір қышқыл тұздарына сапалық реакция жасау. Көмір қышқыл тұздарын басқа тұздардан айыра білудің ең оңай әдісі — көмір қышқыл тұздарын қышқылдармен әрекеттестіру. Көмір қышқылының қаңдай тұзы болмасын қышқылдармен әрекеттескенде, көміртегі диоксидін бөліп шығарады. Бірнеше пробиркаға натрий, калий, магний, кальций, мыс карбонаттарынан шамалы салыңдар. Үстіне тұз қышқылының сұйылтылған ерітіндісін тамызып, көміртегі диоксидінің бөлінгенін бақылаңдар.
Енді екі пробиркаға көмір қышқыл натрий тұзы ерітіндісін құйындар. Біріншісіне барий хлоридінің, екіншісіне азот қышқыл күміс тұзының ерітінділерін қосыңдар. Ақ тұнба түзілетіндігіне көңіл бөліндер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Кремний
Кремний бос күйінде химиялық активтігі нашар элемент. Табиғатта негізінен кремний (IV) оксиді SiO2 және кремний қышқылының тұздары — силикаттар түрінде кездеседі. Кристалды кремний қара сүр түсті, өте күйреуік зат. Оның тығыздығы 2,33 г/см .
1-тәжірибе. Кремнийдің сутекті қосылысын алу. Темір тостағашпаға магний ұнтағъш және уатылған кварцтың қоспасын (2 : 3) салып, қоспаны қатты қыздырыңдар. Содан кейін оған магний таспасын салып, оның бір ұшын қоспаның ішіне көміңдер. Қоспаның үстіне шамалы магний ұнтағын себіңдер. Қоспаны қыздыруды тоқтатып, магний таспасына от қойыңдар. Осы кезде реакция тез жүріп, нәтижесінде магний оксиді мен кремнийден басқа магний силицийді түзіледі:
Силицидтер — қатты қыздырғанда айырылмайтын қосылыстар. Кейбір активтігі жоғары металдардың силицидтері сумен, қышқылдармен реакцияласады. Оның осы қасиетін пайдалана отырып, кремнийден бөлуге болады. Қоспадағы магний оксиді мен магний силицидін кремнийден бөліп алу үшін, стақанға 3—4 мл концентрациялы тұз қышқылын құйыңдар. Оның үстіне жоғарыдағы магний мен құмның қосылуынан пайда болған заттарды салыңдар. Магний оксиді тұз қышқылымен әрекеттесіп, суда еритін магний хлоридін түзеді:
Магний силициді тұз қышқылымен әрекеттесіп, магний хлоридін және газ күйіндегі кремнийдің сутекті қосылысын түзеді:
Кремнийдің сутекті қосылысын силан деп атайды. Ол стақандағы қышқыл бетіне шығып, өзінен-өзі ұшқьш шығарып, жанады. Ол жанғанда ақ түтін түрінде кремнийдің диоксиді және су түзіледі. Соңында ерітіндіге шамалы су құйып, сұйылтып сүзіңдер. Сүзгідегі тұнбаны бірнеше рет жуып, кептіріңдер. Алынған аморфты кремний мен кремний диоксидінің түсіне көңіл аударыңдар.
2-тәжірибе. Кремний қышқылын оның тұздарына басқа қышқылдарды әрекеттестіру арқылы бөліп алу. а) пробиркаға кремний қышқыл натрийдің 2—3 мл 10% ерітіндісін құйыңдар. Оның үстіне 1—1,5 мл сұйылтылған (1:1) тұз қышқылының ерітіндісін қосып, қоспаны шыны таяқшамен жақсылап араластырыңдар. Кремний кышқылы тұнбаға түседі. Пробирканы төмен қаратып теңкергенде кремний қышқылының тұнбасы төгілмейді. Алынған ерітінділердің концентрациясына сәйкес, пайда болған кремний қышқылы сірне тәрізді масса немесе коллоидты ерітінді (золь) түрінде түзілуі мүмкін:
ә) екінші бір пробиркаға 4—5 мл шамасында 10%-тік кремний қышқыл натрий тұзының ерітіндісін құйыңдар. Оның үстіне Кипп аппаратынан алынған көміртегі диоксидінің күшті ағынын жіберіндер. 2—3 минуттан кейін кремний қышқылының тұнбасы түзілгеніне назар аударыңдар. Бұдан кремний қышқылының көмір қышқыльшан да әлсіз екендігін көруге болады:
Бұл тәжірибені силикат желімімен де жасауға болады.
3-тәжірибе. Кремний қышқылы тұздарының гидролизі. а) Кремний қышқыл натрий тұзының ерітіндісінен шыны пластинкаға 1—2 тамшы тамызыңдар. Оның үстіне бір тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңдар. Кремний қышқылы әлсіз қышқыл болғандықтан, оның бұл тұзының гидролизі сілтілік қасиет көрсетеді. Фенолфталеин қызғылт түске боялады. Егер қызыл лакмус қағазын тигізсеңдер, ол көгереді.
Кремний қышқылының сілтілік металдардың тұзынан басқалары суда ерімейді. Олай болса олар гидролизденбейді. Сендер шынының құрамында суда еритін және ерімейтін силикаттардың бар екенін оның қарапайым формуласынан жақсы білесіңдер. Оған көздеріңді жеткізу үшін мынадай бір тәжірибе жасап көріңдер. Терезе әйнегінің кішкене сыныңын темір келіге салып, әбден уатыңдар. Үн тәрізді ұнтаққа айналсын. Сонан соң оны стақанға салып, үстіне аздап 1—2 мл дистилденген су құйыңдар да, қыздырып шайқап араластырыңдар.. ….